CaspianLife, 12 қараша — Маңғыстауда атыс болып, екі азамат жарақат алды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 12 қарашада «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық қатысушыларын ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Бұл факт ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-б. — 99 2-б. 9-т. (Бұзақылық ниетпен өлтіруге оқталу) бойынша тіркелген.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 11 қараша — Башқұртстандық кәсіпкерлер жабдықты Атырау зауыттарынан сатып алғысы келеді. Бұл туралы Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы хабарлады. Башқұртстан Республикасының делегация құрамында «ОЙЛТИМ компаниясы» ЖШҚ бас директоры, құрылтайшысы Владимир Лавров, «ОЙЛТИМ компаниясы» ЖШҚ даму жөніндегі директоры Радик Халитов және Башқұртстан Республикасының ҚР-дағы «Конгресс-бюро» АҚ өкілі Орал Азнабаев бар. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұрлан Сүйінбаев бұл кездесу жергілікті және Башқұртстанның іскер топтары үшін пайдалы болатынына сенім білдірді. Шара барысында «Оилтим» компаниясының «кен орынды мобильді жайғастыру» тақырыбында таныстырылым көрсетілді. Онда компания туралы ақпарат айтылып, кен орындарын игеру кезінде туындауы мүмкін проблемалар, мұнай және газ өнеркәсібінде мобильді жабдықты қолданудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары…
CaspianLife, 11 қараша — Атырауда 2 күнде 45 шетелдік азамат әкімшілік құқық бұзған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшылары 9-11 қараша аралығында “Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасын өткізді. Оның барысында 954 астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде: -Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін — 31 тұлға, -Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы үшін — 7 тұлға, -Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз — 60, -Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру үшін — 107 тұлға, -Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың…
CaspianLife, 11 қараша — Атырауда республикалық трассада 2 жол апаты болды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 10 қараша күні сағат 13:30-да Атырау-Астрахань тас жолында Chevrolet автокөлігі алда келе жатқан Toyota көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Chevrolet-тегі 3 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, бүгін сағат 07:30 шамасында Атырау-Орал тас жолында Toyota Fortuner көлігін айдап келе жатқан 41 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасынан жүргізуіші мен көліктегі 2 жолаушы әр түрлі жарақаттар алып, облыстық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
CaspianLife, 11 қараша — Атырауда аналарға алтын және күміс алқалар табысталды. Бұл туралы қала әкімдігінң баспасөз қызметі хабарлады. Ел Президентінің 2022 жылғы 17 қазандағы №1048 Жарлығымен Атырауда 11 ана «Алтын алқа» және 49 ана «Күміс алқа» иегері атанды. Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысты. Марапаттау рәсімін өткізген әкім орынбасары аяулы аналарды құттықтап, аналардың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін айрықша атап өтіп, өз алғысын білдірді.
CaspianLife, 11 қараша — Атырау облысында дін қызметкерлері аттестациядан өтіп жатыр. Маңызды сынаққа аймақ бойынша 90-ға тарта адам қатысады. Үш жылда бір рет ұйымдастырылатын емтиханның басты мақсаты имамдардың білім деңгейін анықтап, біліктілігін арттыру. Аттестация екі күн бойы екі кезеңмен өткізіледі. Имамдар әуелі электронды түрде тест тапсырады. Кейін ислам тарихы мен қағидалары, тиісті заң бойынша қойылған сауалдарға жауап береді. «Аттестациялау кезінде арнайы сұрақтар дайындалады, арнайы дайындықтар жасалады. Өйткені, әр кезеңде ҚМДБ-да осы қоғамның талабына сай, әр түрлі маңызды құжаттар, концептуалдық құжаттар дайындап отырады. Яғни, қоғамның сұранысына сай имам қандай болу керек, имамның біліктілігі қандай болу керек, осы мәселелерді осы құжаттарда қабылданады»,…
CaspianLife, 10 қараша — Индерлік Азамат Қалбағаевты өлтірді деген күдікке ілінген 8 жігітке қатысты сот үкімі шықты. Сот өткен залда ине шаншар жер болмады. Істі қараған Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Зарема Хамидуллина Азаматтың басының жарылғанын, қабырғасы, мұрыны мен беті, қос қолы мен аяқтарының сынғанын айтты. Алғашқыда күдіктілердің қатарында 10 адам болған еді. Алайда олардың екеуі сотқа куәгер ретінде қатысып, айыпталушылардың саны қысқарды. Сот 3 жігітті «Адам өлтіру» бабымен 15 жылға, ал қалған 5-ін «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, олар марқұмның отбасына 37 млн теңге моралдық шығын…
CaspianLife, 10 қараша — Атырауда сүт өнімдерінен алынған сынаманың 48-і белгіленген талаптарға сай келмеді. Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің бас маманы Гүлжамал Джубанышева мәлімдеді. Жыл басынан бері Атырауда сүт және сүт өнімдерінен 181 сынама алынды. Бас маманның айтуынша, 48 сынама талаптарға сәйкес келмейтін көрінеді. Олардың басым көпшілігі шет елдерден әкелінген. Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айта кетсек, сүт өнімдерінің қорабында өнімнің тауар белгісі, таза салмағы, құрамы, партияның нөмірі және жарамдылық мерзімі болуы тиіс. Сондай-ақ, тауарды сатып алу кезінде оның қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы керек. Аталған талаптар бұзылған жағдайда тұрғындар жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шағымдана алады.
CaspianLife, 10 қараша — Атырауға Еуропалық Одақтың өкілдері келді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас бастаған делегация құрамында 11 елдің (Хорватия, Болгария, Португалия, Нидерланды Корольдігі, Эстония, Бельгия, Германия, Словакия, Франция, Испания, Аустрия) елшілері мен Франция елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі атташесі бар. Еуропалық Одақ — еліміздің басты экономикалық әрі сауда серіктестерінің бірі. Облыс басшысы Серік Шәпкенов Одақ өкілдері ұсынған Атырау облысы үшін маңызды жобаларға қолдау көрсететінін айтты. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысында ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту жөнінде берген тапсырмасын басты назарға ала отырып, оны жүзеге асыру үшін…
CaspianLife, 10 қараша — Атыраулық палуан пара дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Баку қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің іріктеу кезеңінде атыраулық Жанбота Аманжол 90 келі салмақта корейлік спортшыны ұтты. Кейін грузиялық палуанды жеңіп, жұбаныш белдесуде Франция және Египет спортшыларынан басым түсті. Ал, қола жүлде үшін бәсекеде неміс палуанын жеңді. Жанбота Аманжол дзюдомен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Бұған дейін Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық гран при жарыстарының жеңімпазы және командалық есепте Азия чемпионы атанған. Спортшының жаттықтырушысы Жандос Қиянов Жанботаға үлкен үміт артатынын айтады. Пара дзюдодан әлем чемпионатына 41 елден келген 270 спортшы қатысуда.…
