Атырауға Еуропалық Одаққа мүше 11 мемлекеттің елшілері келді — CaspianLife ақпараттық порталы
Пятница, 8 декабря, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Атырауға Еуропалық Одаққа мүше 11 мемлекеттің елшілері келді

10.11.2022
Жаңалықтар, Қоғам, Экономика
0
Атырауға Еуропалық Одаққа мүше 11 мемлекеттің елшілері келді

European Union flags flutter outside the EU Commission headquarters in Brussels, Belgium June 17, 2022. REUTERS/Yves Herman

CaspianLife, 10 қараша — Атырауға Еуропалық Одақтың өкілдері келді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз...

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

Енді Қазақстанда бір уақыт белдеуі болуы мүмкін

08.12.2023
Ақтау тұрғындары жер сілкінісін  сезгенін айтуда

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезгенін айтуда

07.12.2023

Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас бастаған делегация құрамында 11 елдің (Хорватия, Болгария, Португалия, Нидерланды Корольдігі, Эстония, Бельгия, Германия, Словакия, Франция, Испания, Аустрия) елшілері мен Франция елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі атташесі бар.

Еуропалық Одақ — еліміздің басты экономикалық әрі сауда серіктестерінің бірі. Облыс басшысы Серік Шәпкенов Одақ өкілдері ұсынған Атырау облысы үшін маңызды жобаларға қолдау көрсететінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысында ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту жөнінде берген тапсырмасын басты назарға ала отырып, оны жүзеге асыру үшін Еуроодақ елдерімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Өңірімізде арнайы экономикалық аймақ құрылды. Мұнда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ болашақта полиэтилен және бутадиен өндірісін өркендетуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан өңір халқы үшін маңызды жобаларды қолдауға дайынмын», — деді Серік Шәпкенов.

Кездесу барысында еліміздегі Еуропалық Одақ елшісі мен делегация мүшелері Атыраудағы көлік-логистика саласын жаңғыртуға, өнеркәсіптік инфрақұрылым мен жасыл экономиканы дамытуға мүмкіндік барын айтты.

«Бұл менің Атырау облысына алғашқы сапарым. Қазақстанның көрнекті орындарының бірі – Азия мен Еуропаны жалғайтын көпірді көруге асықпын. Бұл өңірге лауазымды тұлғалардың келуі, сауда айналымының өсуі, көптеген компаниялардың Қазақстан нарығында келісімшарт жасасып, соның аясында белсенді жұмыс істеуі – екіжақты қарым-қатынастың жақсы дамығанының айқын көрсеткіші. Еуропалық Одаққа мүше елдердің бәрі Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктесі. Бүгінде көптеген мемлекет Қазақстанға келіп өзінің білімімен және технологияларымен бөлісіп, инвестиция жасауға дайын. Сіз атап өткен төрт сала ғана емес, басқа салаларда да олардың тәжірибесі көп», — деді К.Янкаускас.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айында Атырау облысының Еуроодақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 14,4 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт — 14,1 млрд АҚШ доллары, импорт – 269,02 млн АҚШ

Тегтер: CaspianатырауЕуроОдақЕуропалық ОдақсаудаСерік Шәпкеновэкономика
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.