Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 8 қараша — Облыстағы жолдардың 77 пайызы ғана орташа күйде. Бұл нашар көрсеткіш. Республикалық маңызға ие тасжолдардың жағдайы да қуантпайды. Құрылысы сағызша созылған «Атырау-Астрахань» тас жолындағы жұмысты сапалы орындап, уақытында тапсыруды үкімет қамтамасыз ету керек. Көптің көкейінде жүрген мәселе өзінің жеке бақылауында екенін президент атыраулықтармен жүздесу кезінде айтты. «Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан, жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады», — деді президент. Алдағы уақытта «Атырау-Доссор» жолымен қатынайтын көліктердің саны артады. Себебі,…

Read More

CaspianLife, 8 қараша — Жайықтың тағдыры көпшілікті алаңдатып отырғаны анық. Өзеннің экологиялық ахуалы күрт нашарлап, ластану көрсеткіші ең соңғы дәрежеге жеткен. Дәл осы мәселені халықаралық деңгейде бірнеше рет көтергенін айтқан мемлекет басшысы қос елдің арасындағы келісімнің орындалуына барлығы бірдей күш салу керек деп отыр. «Қазақстан мен Ресейдің арасында бірқатар келісім-шартқа қол қойылды. Экологияны, трансшекаралық өзендердің биоәлемін сақтау және оны тиімді пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық негіз бар. Көрші елмен осы бағыттағы әріптестікті нығайтып, келісімдердің мүлтіксіз орындалуына күш салу керек. Бұл істе бәрін осы өңірдегі мемлекеттердің өкілдеріне ғана жүктеп қоюға болмайды. Сарапшылар, кәсіпкерлер, ҮЕҰ және қоғам белсенділері де өз қызметін атқаруы тиіс»,…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Атыраудағы «Арнаулы Автобаза» ЖШС қаланы қардан тазалау жұмыстарына толықтай дайын. Мұны мекеме директоры Алмас Ізтілеуов айтты. Оның сөзінше, мекемедегі 47 техника көшелерді қардан тазалап, оны қала сыртына шығаруға сақадай сай. Бұл техникалардың қатарында құм мен тұз себетін машиналар да бар. Көліктер өткен аптада толық тексерістен өтіпті. «Қар жауған кезде бәрі жұмылдырылып, қаланың ішінде әр жаққа бөлінеді. 4 үлкен жүк тиегіш погрузчик деп айтамыз және 2 кішірек мини бапкат деп айтамыз олар да бар. Және 10 трактор бар. Үлкен МТЗ81-2 және мини трактор бар. Комбированный техника бар. Жаздың күні су тасиды, қысты күні тұз, құм бәрін қаланың…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Маңғыстауға іссапармен келген ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс жұртшылығымен кездесу кезінде Каспий теңізінің экологиялық проблемалары, мысалы итбалықтардың қырылуы, браконьерлік жайлы сөз қозғады. Және Каспийдің экологиялық тепе-теңдігі мен биотүрлілігін сақтап қалу маңызды міндет деді. «Бүгінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Бұған адам факторы және экологиялық ахуалдың өзгеруі әсер етіп жатыр. Итбалық Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бұл жануардың жойылып кетпеуін және оның санын бұрынғы қалпына жеткізуді, мен тікелей бақылауда ұстап отырмын. Жазда орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына бардым. Бұл мекеме итбалықтардың азаю себебін зерттейді. Мұндай маңызды мәселеге кешенді ғылыми зерттеу жүргізу қажет. Бұған дейін Маңғыстау облысындағы…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Атыраудағы Береке ықшам ауданындағы 27-ші үйдің тұрғындары жылудың жөнді берілмеген айтады. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. «Үйдің іші салқын. Электронды пештің өзі 35 мың теңгеден тұрады. Ал, ПИК-ке барсақ Жылу электр орталығына барыңдар дейді. Оған барсаң кері ПИК-ке сілтейді», — дейді тұрғындардың бірі. Атырау жылу жүйелері АҚ қызметкерлері болса, орталық желіге қосылған қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің бәріне жылудың берілгенін айтады. Ал пәтерлердегі батареялардың дұрыс жылынбауы үй ішіндегі желілік ақаудан дейді олар. «Барлық үйге нормаға сәйкес жылу беріліп отыр. Пәтерлердегі температура 20-22 градус шамасында. Біз бұл талапты сақтап отырмыз. Ал жылусыз отырғандарға келсек, үй ішіндегі желілік…

Read More

CaspianLife, 7 қараша — Атырауда муай-тайдан «Батыс кубогы» республикалық турнирі аяқталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. 4-6 қараша аралығында «Нұрсая» спорт кешенінде өткен турнирге еліміздік 180 спортшысы қатысты. Жарыс барысында жасөспірімдер 40 салмақ дәрежесінде бақ сынады, сонымен қатар 8 кәсіби жекпе-жек өткізілді. «Бұл турнирге жалпы өңір бойынша 10 команда, ал Атырау қаласынан 40 спортшы қатысты. Сонымен қатар кәсіби түрде жекпе-жектер өткізілді. Жеңіске жеткен спортшыларға арнайы белдіктер мен қаржылый сыйлықтар табысталды», — деді аға жаттықтырушы Нұрберен Әміржанов. Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте Атырау спортшылары жүзден жүйрік шықты. Қызылордалықтар 2 орынға жайғасса, оралдық спортшылар үздік үштікті түйіндеді.

Read More

CaspianLife, 7 қараша — 80-ге жуық атыраулық қару сақтау ережесін бұзған. Бұл туралы қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қаласы аумағында өткізіліп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары мекен-жайларды тексеру кезінде Жұмыскер ықшам ауданының тұрғынының үйінен биыл ақпан айында мерзімі асып кеткен аңшылық қару анықталды. Аталған азаматқа катысты ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, аңшылық кару уақытша полиция бөліміне тапсырылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері 80-ге жуық тұлға қаруды сақтау мен тіркеу тәртібін бұзған. «Айта кетейік, Азаматтық қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат бес жылға беріледі және ұзартылады. Қару иемденуге рұқсат алу…

Read More

CaspianLife, 4 қараша — Атырауда «элиталық» үйлер сапасыз салынған болып шықты. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. «Жайык РИВЕРСАЙТ» тұрғын үй кешенінің халқы сатып алған баспаналарының сапасына риза емес. Олардың сөзінше, элиталық деп сатып алған үйдің аты затына сай болмай тұр. Былтыр қыста көшіп келгендер автотұраққа әлі күнге дейін көліктерін қоя алмай жүргенін айтады. Себебі жаңбыр жауса төбесінен су тамшылайды. Ылғалдан негізгі қабырғаларда көгеріп жатқан көрінеді. Тұрғындарды кешендегі қауіпсіздік жағы да алаңдатады. Мысалы сыртқы есік сынып қалғандықтан, кім көрінген кіріп-шығып жүре береді. Домофон, бейнебақылау камералары да атымен жоқ. Айта берсе, кемшілік таусылмайды дейді олар. Кешеннің құрылысын жүргізген компания өкілдері тұрғындарға…

Read More

CaspianLife, 4 қараша — Атырауда гараждан бекірсе, қару, есірткі және қайық табылды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 27 қазан күні полицейлер есірткі мен бекіре тұқымдас балқытарды заңсыз сақтаған 3 ер адамды анықтады. Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 101 кг болатын қара балық, 20 келі бекіре тұқымдас балық, 7 дана есірткіге ұқсас заттар табылды. Сондай-ақ, 16 калибрлі екі ұңғылы мылтық пен 5 дана моторлы қайық тәркіленді. Қазіргі уақытта 41, 38 және 46 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданып, Қылмыстық кодекстің 339 бабы 1 бөлігі, ҚР ҚК-тің 296 бабы 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 4 қараша — Алматылық полицейлер ресейлік блогерге қатысты бірнеше хаттама толтырды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Анық болғандай, Ресей Федерациясының азаматы жол белгі талаптарын сақтамай, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Сондай-ақ, көлік басқару кезінде телефон қолданыпты. Аталған заңбұзушылықтарға байланысты 21 жастағы азаматқа байланысты хаттамалар толтырылды.

Read More