CaspianLife, 2 қараша — Атырауда алдағы 5 жылдықта қаладағы ескі үйлер сүріледі деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Атырауда 2022-2026 жылдар аралығында қаланы жаңарту бағдарламасы қолға алынды. Жобаны биыл жазда қала әкімдігі ұсынған болатын. Қазіргі таңда Атырауда қайта жаңғыртылатын 237 ескі үй, яғни, 3500 пәтер бар. Алдағы бес жылда апатты үйлер де сүрілмек. Шаһар басшысы мұндай бастаманы қолға алуға жаңа үйлерді салу үшін қажетті жер телімінің тапшылығы себеп екенін айтады. «Қаланың ішінде орталықтарда салынып жатқан үйлерге сұраныс өте жоғары. Себебі, жасыратыны жоқ тұрғындар орталықта тұрып үйреніп қалған соң, Нұрсаяның өзін шет деп есептейді. Сондықтан, қала аумағында үй салатын жер қалмады. Жаңа…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 2 қараша — «Алмалы 1» мекен-жайындағы апатты деп танылған 2 қабатты тұрғын үйден 8 отбасы Достық көшесіне көшірілді. «Алмалы 1»-дегі апатты үйлер осыдан 72 жыл бұрын салынған еді. Оның тұрғындарына 2 және 3 бөлмелі пәтердің кілттері табысталды. Жеке инвесторлар Атырау қаласының тұрғын үйлерін реновациялаудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аталған жанұяларды көшіруге қаржылай көмектесті. Айта кетейік, тұрғын үйдің құрылысын жүргізген «Velar» мекемесі.
CaspianLife, 2 қараша — Иран билігі Кум қаласындағы Джамкаран мешітінің күмбезіне қызыл жалау тікті. Shia News басылымы бұны кек алудың белгісі екенін айтады. «Бұл жалау өткен сәрсенбіде қайтыс болған 15 шейітті еске алу үшін көтерілді», — деп жазады басылым. Shia News олардың қазан айының соңында Шах Чара кесенесінде болған террактіден қаза тапқандарын мәлімдеді. Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың барлау қызметтері Иранның жақын арада шабуыл жасайтынын ескертіп, әскери күштердің дайындығын күшейтті. Бұған дейін Иран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде наразылық ұйымдастырды деп айыптаған еді. Иранда Қызыл Ту соңғы рет 2020 жылдың қаңтарында «Аль-Кудс» арнайы күштерінің қолбасшысы Қасым Сүлеймани өлген кезде…
CaspianLife, 2 қараша — Атырауда жүк көлігі тұрғын үйдің қоршауын бұзып, ауладағы автокөлікке соқытығысқан. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 1 қараша күні сағат 16:00 шамасында болған. Қала тазалығына жауапты мекеменің Камаз автокөлігі Атырау мөлтек ауданындағы электр бағанасына, кейін тұрғын үйдің қоршауын бұзып, ауласындағы жеңіл көлікке соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Кейін жүк көлігін тізгіндеген 32 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қазіргі таңда іс-құжаттар жинақталып, сотқа жолданды.
CaspianLife, 1 қараша — Автокөлік терезесін қараңғылатқан 1500 атыраулық жүргізуші анықталды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Заңбұзушылық жасаған барлық жүргізушіге әкімшілік шаралар қабылданды. Олардың арасында осы құқықбұзушылықты бірнеше мәрте қайталағандар бар дейді полицейлер. Мәселен, жол сақшылары 30 қазан күні сағат 03:32 шамасында Сәтпаев көшесінде терезесінде қара пленка жабыстырылған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 10 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, көлік құралы арнаулы тұраққа қойылды. «Өз кезегінде, Атыраулық полицейлер жүргізушілердің назарына қараңғылатылған терезе үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгендігін және бұл бағыттағы жұмыстар патрульдік полиция қызметкерлері мен жедел басқару орталығының қызметкерлерінің қатаң бакылауында екендігін ескертеді», — дейді ПД-нің…
CaspianLife, 1 қараша — Атыраулық екі азамат қоғамдық орында мас күйінде төбелес шығарған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 30 қазан күні сағат таңғы 05:58 шамасында Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтардың бірінің алдында екі ер адамның төбелесіп жатқандығын байқаған. Қызметкерлер патурльдік полицияға бағыт беріп, полицейлер екі азаматты медициналық сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы бойынша 37 және 26 жастағы тұрғынның жеңіл дәрежеде мас екені белгілі болды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.
CaspianLife, 1 қараша — Атырауда 18-ге толмаған жасөспірім мемлекеттік белгісі жоқ көлікті тізгіндеген. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Жол сақшылар 1 қараша сағат 01:05 шамасында Сәтпаев көшесінде мемлекеттік белгісі жоқ және Ресейде тіркелген көлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің кәмелетке толмағаны анықталған. Темір тұлпар арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, әкімшілік полицияға жолданды.
CaspianLife, 1 қараша — Атырауда бейнекамералардың көмегімен 18 қылмыс ашылды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қаласы ПБ-ның Жедел басқару орталығының «102» арнасына бір аптада түрлі сипаттағы 1270 қоңырау түсіп, 127-сі қылмыс ретінде танылды. Қазіргі таңда оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция өкілдері, бір аптаның ішінде бейнекамералар арқылы 18 қылмыс ашылғанын айтады. Оның ішінде 1-еуі ұсақ түйек жымқыру болса, қалғаны ұрлық. «Сондай-ақ, «Нөлдік төзімділік» қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 375 жайт анықталды. Оның ішінде нөлдік төзімділік бойынша – 90, жол ережесін бұзған – 285 және «Қорғау» жүйесімен 79 әкімшілік хаттама толтырылды», — деді Атырау қаласы Полиция басқармасының…
CaspianLife, 1 қараша — Атыраулық спортшылар Азия біріншілігінде 11 медаль жеңіп алды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазан айының 25-28 аралығында Қарағандыда өткен NOMAD MMA бойынша IV Азия ашық чемпионатына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Пәкістан, Бангладеш елдерінің 800-ге жуық спортшысы қатысты. Азия біріншілігіне Атыраудан 15 спортшы қатысып, 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медальге ие болды. Олардың қатарында ересектер арасында Қуандық Бекназаров, Айбат Төлеген және Асылжан Қуандыққызы чемпион атанды. Самат Жағыпаров пен Темірғали Өтемісов күміс және Жұмабек Мыңбай үздік үштікті түйіндеді. «Бұл чемпионатқа біз екі ай көлемінде дайындалдық. Шәкірттерім аталған спорт түрімен үш жылдан астам уақыт…
CaspianLife, 31 қазан — Атырауда ұлттық спорт — асық ату ойынынан ҚР кубогы өтуде. Жарыс 10 облыстан келген 170 спортшының басын қосты. Кубокты өткізудегі мақсат ата-бабадан мирас болып қалған мұраны ұлықтау. Жарыс өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Қатысушылардың арасында 31 жастағы Амандос Айтқұлов та бар. Өзінің бала кезіндегі ойынды қайта жандандырып, кейінгі ұрпақ арасында насихаттауға үлес қосып жүргеніне 3 жыл болыпты. «Асық ойынын көп адам жеңіл деп ойлайды. Бұл ойында адамның 12 мүшесі бірге қимылдайды», — дейді қатысушылардың бірі Амандос Айтқұлов. Чемпионат жеңімпаздары ертең анықталмақ.
