CaspianLife, 1 қараша — Атырауда 18-ге толмаған жасөспірім мемлекеттік белгісі жоқ көлікті тізгіндеген. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Жол сақшылар 1 қараша сағат 01:05 шамасында Сәтпаев көшесінде мемлекеттік белгісі жоқ және Ресейде тіркелген көлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің кәмелетке толмағаны анықталған. Темір тұлпар арнайы тұраққа қойылып, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 2 бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, әкімшілік полицияға жолданды.