Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 31 қазан — Елімізде мектеп оқушылары соңғы кездері электронды темекіге әуес бола бастады. Олар үзіліс уақытын асыға күтіп, қоңырау соғылған бойда қуыс-қалтарыста түтін будақтатқанша асық. Шылымның бұл түрі кәдімгі никотині бар темекіге қарағанда зиянсыз деп үгіт-насихат жүргізетіндер көп. Ал шынына келсек, вейп немесе электронды темекінің жастар арасында танымал болуы олардың денсаулығына үлкен қатер төндіріп отыр. Ондағы табакты қыздыру жүйесі кәдімгі шылымға қарағанда денсаулыққа екі есе кері әсер етеді. Бірақ мұны білетіндер саны аз дейді дәрігерлер. «Олардың негізгі әсер ететін компоненттері глицерин және полипропилен. Олар жалпы химиялық зат болып табылады. Сонымен қатар құрамында улы заттар да болуы мүмкін. Бірақ, ол…

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Атырауда тұрғындарға тұмауға қарсы екпе салынып жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, үкімет резервінен облысқа 65 мың доза вакцина бөлінген. Қазір оның тек 47 мыңы игеріліпті. Атыраулықтарға Ресейде шығарылған «Гриппол плюс» вакцинасы салынуда. Ақысыз түрде. Алайда алғашқы кезекте осал топтағы азаматтар қамтылады. «5 жасқа дейінгі баланы, 65-тен асқан егде тартқан адамдар жүкті әйелдер, әртүрлі созылмалы аурулары бар адамдар, оның ішінде қантамыр ауруы, тыныс алу жолдары, диабет дейтін аурулары өте қатерлі болып есептеледі. Себебі, бұл осал топтағы адамдар. Сондықтан аурудың алдын-алудың бір тәсілі — екпе алу», — дейді №4 қалалық емхананың эпидемиолог дәрігері…

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Атырауда 20 жастағы азаматты көлік қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 31 қазан күні 08:00-де С.Датов көшесінде болды. 20 жастағы тұрғын белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан кезде Daewoo Leganza көлігі қағып кетті. Соққы салдарынан жарақат алған азамат жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Атыраулық көпбалалы аналар кәсіптік курстардан өтуде. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Атырау облысының іскер әйелдер қауымдастығы «Әрекет» жобасын бастады. Жоба аясында жалғызбасты, көпбалалы аналар, жұмыссыз әйелдер өздерінің қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіби дағдыларды игеріп, нақты көмек ала алады. Алғашқы дәрістің қатысушыларын «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері келіп құттықтады. «Біз қазақстандықтардың экономикалық жағдайын және тұтастай алғанда мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беретін білім бастамаларын қолдаймыз. Сондықтан, жергілікті ҮЕҰ-дан тың өтінімдер қабылдау өте маңызды», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева. Жоба аясында 100 әйелге арналған оқыту курстары ұйымдастырылған. Курстарды тәмамдағандарға шағын…

Read More

CaspianLife, 31 қазан — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 7 жылға бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін. Бүгін өткен отырыс кезінде мемлекеттік айыптаушы соттан күдіктілерге осындай жаза кесуді сұрады. Ал, «пара берді» деген күдікке ілінген «Балқыту» ЖШС басшысы Өміртай Адамов 4 жыл мерзімге қамалуы мүмкін. «Бақытгүл Хаменованы 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет етуге тыйым салу жазасын тағайындауыңызды, сондай-ақ ҚР ҚК-нің 74 бап, 1 бөлігін қолдана отырып, Бақытгүл Хаменованың жаза өтеу мерзімін 3 жылға кейінге шегеруді сұраймын», — деді облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры…

Read More

CaspianLife, 28 қазан — Атырау қаласының әкімдігі жәрмеңке өтетінін хабарлады. «2022 жылдың 29 және 30 қазан күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында Атырау қаласының тауар өндірушілерімен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен ЖӘРМЕҢКЕ ұйымдастырылатынын хабарлаймыз», — делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желісінде. Жәрмеңке Мәден көшесі 1а мекенжайында орналасқан «Сарайшық» коммуналдық базарында өтеді.

Read More

CaspianLife, 28 қазан — Атыраудағы мектептердің бірінде оқушылар тар кабинетте ауқаттанады. Бұл туралы HomoSapien ҚБ өкілдері жүргізген қоғамдық бақылау кезінде белгілі болды. Қаладағы №15 Абай атындағы орта мектеп осыдан 68 жыл бұрын салынған. Мұнда оқушылар асхананың орнына тар кабинетте тамақтанады. Жағдай болмаған соң мұнда тамақ пісірілмейді, тіпті ыдыс та жуылмайды. Барлығы тасып әкелінеді. 600 баланы тамақтандырып отырған асхана қызметкерлері осылай дейді. «Мұнда жағдай жасалмаған. Ыдыстарды басқа мектепке апарып жуамыз. Бұл жерге 32 баладан артық баола сыймайды», — дейді асхана қызметкерлерінің бірі Сымбат Сигашева. Білім ордасындағы бұрынғы асхананың жөндеу жұмыстары осыдан 7 жыл бұрын басталғанымен, белгісіз себептермен сиырқұйымшақтанып кеткен. Қазір кабинет…

Read More

CaspianLife, 28 қазан — Исатай ауданындағы мектептердің бірінше балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Ата-аналардың бірі телеарна редакциясына мектеп асханасындағы астықтан құрт шыққанын айтып, хабарласқан. Оның айтуынша, бұл жағдай Зинеден ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепте болыпты. Аты-жөнін атамауды сұраған келіншектің өзі осы білім ордасында қызмет етеді, төрт баласы да осында оқиды. Асханадан тамақтанады. Перзенттерінің саулығын уайымдаған ол құрт түскен астықтардың асханада әлі тұрғанын айтып, видеоны көрсетті. Ал, мектеп өкілдері бұл видеоның жалған екенін айтып ақталды. Айтуларынша, сыбыс шыққан бойда мұғалімдер жиылып, өздері тексеріс жасаған. «Мектеп директорының міндетін атқарушы, оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие жұмысының…

Read More

CaspianLife, 28 қазан — Атырауда полицейлерге күдікті чемодан туралы хабарлама түсті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларына бүгін сағат 9:50 шамасында Атырау қаласында күдік тудырған чемодан мен қапшық туралы хабарлама түскен. «Полицейлер жедел әрекет етіп, аталған сөмкелердің ішінде киім-кешектер екенін анықтады», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Read More

CaspianLife, 27 қазан — Атыраулық полицейлер төленбеген 34 айыппұлы бар көлікті анықтады. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Жол сақшылары «Сергек» камерасы арқылы Арменияда тіркелген Nissan Teana маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында аталған автокөліктің 600 мың теңгеден астам төленбеген 34 айыппұлы бар екенін анықтады. ҚР ӘҚБтК-нің 785 бабына сәйкес теиір тұлпар арнайы айып тұрағына қойылды.    Атыраулық полицейлер тұрғындардан көлік сатып алу кезінде автокөлікті тексеру қажеттілігін және құжаттардың дұрыстығын қадағалауды ескертеді.

Read More