Исатай ауданындағы мектептердің бірінде балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген (видео) — CaspianLife ақпараттық порталы
Четверг, 8 июня, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам Білім

Исатай ауданындағы мектептердің бірінде балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген (видео)

28.10.2022
Білім, Жаңалықтар, Қоғам
0
Исатай ауданындағы мектептердің бірінде балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген (видео)

CaspianLife, 28 қазан — Исатай ауданындағы мектептердің бірінше балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.

Ата-аналардың бірі телеарна редакциясына мектеп асханасындағы астықтан құрт шыққанын айтып, хабарласқан. Оның айтуынша, бұл жағдай Зинеден ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепте болыпты. Аты-жөнін атамауды сұраған келіншектің өзі осы білім ордасында қызмет етеді, төрт баласы да осында оқиды. Асханадан тамақтанады. Перзенттерінің саулығын уайымдаған ол құрт түскен астықтардың асханада әлі тұрғанын айтып, видеоны көрсетті.

https://caspianlife.kz/wp-content/uploads/2022/10/WhatsApp-Video-2022-10-28-at-18.49.36.mp4

Ал, мектеп өкілдері бұл видеоның жалған екенін айтып ақталды. Айтуларынша, сыбыс шыққан бойда мұғалімдер жиылып, өздері тексеріс жасаған.

Оқи отырыңыз...

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

Атырауда интернет арқылы жасалған алаяқтық өршіп тұр

07.06.2023
Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

Облыстағы кәсіпорындар жылына 160 млн. текше метр су тұтынады

07.06.2023

«Мектеп директорының міндетін атқарушы, оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие жұмысының организаторы мен медбике және шаруашылық секторы акт жасады. Ештеме табылған жоқ», — дейді Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары шынар Дүйсенова.

Ал, Исатай ауданындағы эпидемиолог мамандар ата-аналардан ешқандай шағым түспегенін айтады.

«Жалпы білім беретін Ю. Гагарин атындағы орта мектеп асханасынан аталған видеоға сәйкес шағым келіп түскен жоқ. Осы орайда ҚР президентінің жарлығына сәйкес мараториий енгізілуіне байланысты бұл кәсіпкерлік обьекті ерекше тәртіппен тексеруден босатылып отыр. Алайда егерде тұрғындар тарапыннан осы меекеп асханасына қатысты санитарлық бұзушылықтар анықталатын болса, онда бізге немесе өтініш арқылы жазбаша өтініш түсіруге болады», — дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова.

Эпидемиологтардың сөзінше, егер арыз түсіп, тексеріс жүргізілген кезде осы жағдайдың болғандығы расталса, олар тиісті органдарға кәсіпкерге қатысты шара қолдану үшін ұсыныс береді. Ол бойынша кәсіпкерге айыппұл салынып, тіпті қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

Тегтер: CaspianатырауЗинеден ауылыисатаймектеп асханасы
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.