Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 қазан — Жылыойлық оқушы әлемнің 15 университетінен шақырту алған. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі таңда Нұрсипат Нұрманбетова АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы әлем бойынша ең үздік 10 жоғары оқу орнының қатарына кіретін Пейс университетінің нейрохирургия медицина факультетінде білім алуда. Нұрсипатқа кампуста тегін тұруға арналған грант және 150 000 $ стипендия тағайындалған. 17 жасар қыз Жылыой ауданы Далабай Жазықбаев атындағы № 16 орта мектепті тәмамдады. Оқушы кезінен көзге түскен Нұрсипат туралы «Ең үздік» журналында мақала жарияланып, «Дарындының дара жолы» кітабында өмірбаяндық деректері жазылған. Сонымен қатар, Нұрсипат БҰҰ Model Congress халықаралық конференциясына қатысып, «ХХІ ғасыр үздігінің моделі» атанды. «Бүгінде…

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Атырауда Республика күніне орай қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бұл туралы «Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Арслан Аронов мәлімдеді. Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан қала тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады.

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Жылыойда жол апатынан 64 жастағы азамат қайтыс болды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға бүгін 19:15 шамасында Құлсары-Сарқамыс тасжолында Нива және Лада көліктері соқтығысқан. Жол көлік-оқиғасы салдарынан 1958 ж.т., Нива көлігінің жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда. Атыраулық полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларынан жол қауіпсіздігін сақтауды сұрайды.

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Атырауда атыс болып, 21 жастағы азамат қаза тапты. Мұны облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға бүгін таңғы сағат 4 те Атырау-2 мөлтек ауданында болған. Бір топ жігіт өзара келісе алмай, аяғы қайғылы жайға ұласыпты. Атырау облыстық ауруханасының қызметкерлері 102-ге телефон шалып, өздеріне кеудесіне оқ тиген 21 жастағы ер адам мүрдесінің жеткізілгенін айтқан. Сондай-ақ, 17-18 жастағы тағы екі азамат бытырадан жарақат алғаны анықталыпты. Қазіргі таңда олар облыстық ауруханада. «Қақтығысқа қатысқан барлық тұлғалар анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деді облыстық…

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Құрманғазы ауданындағы «Серпер» базары өртке оранды. Тілсіз жау туралы хабар №7 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне бүгін таңғы сағат 7 жарымда түскен. Құтқарушылардың сөзінше, жалпы ауданы 600 ш.м болатын бір қабатты ғимараттың 200 шаршы метрін жалын шарпыған. Салдарынан сауда сөрелеріндегі азық-түлік, киім-кешек жанып кетіпті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Жалынды өшіруге 20 құтқарушы жұмылдырылып, 3 техника пайдаланылды.

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Атыраудағы ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның филиалы БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын өткізді. Онда түрлі бағыттағы кәсіпорын иелері қандай мемлекеттік бағдарлармаларға жүгінгендерін айтып берді. Мағжан Ысқақова жұбайы Ақбота Нұржанқызымен бірге Астана медицина университетін бітірген соң, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Целиноград ауданындағы Ақмол ауылына барды. Бірнеше жылдан кейін Атырауға шақырту алып, қаладағы тіс емханаларының бірінде еңбек етті. Жеке клиника ашқысы келген Мағжан «Forte Bank» АҚ «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 2-бағыты аясында жылдық 14,5% субсидия алды. Онда мемлекеттің субсидияланатын бөлігі 8,5% құрады, ал 6 пайыздық айырмашылықты кәсіпкер өзі төлейді. Алдағы уақытта кәспкер «Munar» ЖК стоматологиялық зертханасын ашып,…

Read More

CaspianLife, 21 қазан — Республика күніне орай Атырауда «Патриотизм дауысы» атты мемелекеттік гимнды орындау акциясы ұйымдастырылды. Бұл іс шараға Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжінің студенттері мен оқытушылары да өз үлестерін қосып, гимнді ұжым болып орындады. Мерекеге байланысты ұйымдастырылған іс шараға 70 оқытушы, 200 студент және балалар музыка мектебінің 25 оқушысы қатысты. «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы Атырау музыка колледжі 25-қазан Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтайды. Бұл күн-ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін», — деді Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка…

Read More

CaspianLife, 20 қазан — Құлсарыда 11 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті. Оқиға 20 қазан күні 07:45 шамасында Toyota Prado көлігін тізгіндеген 73 жастағы азамат 11 жастағы жасөспірімді қағып кетті. Өкінішке қарай, оқушы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 20 қазан — Атырауда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Еркінқала-2 ауылында бүгін түскі сағат бірлер шамасында болған. Жанама жолдан шыққан Skoda маркалы жеңіл көліктің жүргізушісі басты жолмен келе жатқан Yutong маркалы автобусқа жол бермеген. Қоғамдық көлік екпінмен сол маңдағы тұрғын үйдің қоршауына соғылды. Ал Skodaның 56 жастағы жүргізушісі оқиға орнында жантәсілім етті.

Read More

CaspianLife, 20 қазан — Атырауда 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 20 қазан күні сағат 18:00-де болған. Hyundai Santa Fe маркалы автокөлігі Сатан Шөреев көшесінің бойында 4 жасар баланы қағып кетті. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Одан мидың шайқалауы, сыртқы жарақаттар байқалады. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Read More