CaspianLife, 20 қазан — Атырауда белгісіз біреу 59 жастағы әйелді өз үйінде өлтіріп кетті. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 19 қазан күні сағат 07:45 шамасында Өркен ықшам ауданында болған. Күдікті өз үйіндегі тұрғынды қылғындырып өлтіріп кетті. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот медициналық-сараптама тағайындалуда. Күдікті іздестірілуде.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 20 қазан — Құрылғанына бес жыл болған SAF театры түрлі спектакльмен көрермендерді қуантып келеді. Талантты студенттерден құралған ұжымның репертуары тағы бір шығармамен толықты. Жас актерлер жазушы Төлен Әбдіктің «Оң қол» әңгімесін сахналады. Жазушы «Оң қол» шығармасында адамның ішкі жан дүниесіне үңіліп, іштегі дерттің адамзат ойлағаннан да қауіпті екеніне назар аудартуға тырысқан. Басты кейіпкер Алма белгісіз кеселге шалдыққан. 17 жастағы қыз қалың ұйқыға кеткен кезде оң қолы иесін қылғындырып, өлтірмек болады. Алманың өмірі үшін оң қол мен сол қолдың арасында күрес жүреді. Дәрігер Алманың дерті оның санасында ғана емес, жан дүниесіне де тамыр жайғанын байқайды. Ол науқастың қасында күні-түні жүріп,…
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда құжатсыз көлік тізгіндегендер 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 16 қазанда Әуезов көшесінін бойында патрульдік полицейлер ВАЗ маркалы көлігін тексеру барысында, жүргізушінің көлік басқару құқығынан айрылғанын анықтады. Автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 35 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, сотқа жолданды. Бұдан бөлек, атыраулық полицейлер 12-19 қазан аралығында құжатсыз көлік тізгіндеген 5 жүргізушіні анықтап, 10 тәулікке қамауға алды. Айта кетейік, тәртіп сақшылары жыл басынан бері көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде көлік басқарған 60-тан астам жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда жыл басынан бері 90-нан астам тұлға «қорғау нұсқамасын» бұзған деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Отбасында жанжал шығарған 1120 тұрғын жауапкершілік жауапкершілікке тартылып, 1542 тұлғаға қорғау нұсқамасын шығарды. Дегенмен, оның 90-ы қорғау нұсқамасын бұзған. Оларға қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, мамандандырылған сотқа жолданды. «Айта кетейік, Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі 30 тәулікті құрайды. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды ішкі істер органдары профилактикалық есепке қояды және оған кемінде 7 күнде бір рет тексерумен профилактикалық бақылау жүзеге асырылады. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған жағдайда ескерту беріліп немесе 5 тәулікке дейін қамауға алынады», — дейді полиция өкілдері. Қорғау нұсқамасын алған…
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда тозығы жеткен футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Қазіргі таңда қала аумағында 48 футбол алаңы күтіп ұстамау мен бұзақылықтан ескірген. Қазіргі таңда оның 35-не жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Алаңдардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қоршаулары мен жасанды көгал жабындыларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар, орындық пен қоқыс жәшіктерін орналастыру қарастырылған», — делінген қала әкімдігі инстаграм парақшасында. Сонымен бірге, биыл жыл соңына дейін 20-ға жуық ойын алаңы халық игілігне беріледі деп жоспарланған. Ал, қалған алаңдағы жөндеу жұмыстары келер жылдың бірінші жарты жылдығына дейін жалғасын табады. Тиісті жұмыстарды «Жайық-Сити» мердігер мекемесі атқаруда.
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 37 шетелдік елден шығарылды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. «Заңсыз келуші -2022» рейдтік шара барысында Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1045 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 595-і ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Одан бөлек шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 432 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда биыл жол апатынан 2 бала қайтыс болды деп мәлімдеді облыстық ПД ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев. Оның дерегінше, биыл облыста балалардың қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 24-і Атырау қаласында болған. Оқиға салдарынан 53 бала жарақат алды. Былтырмен салыстырғанда балалардың өлім көрсеткіші 57,1%-ға төмендепті. «Әйтседе, бұл сандардың өзі ата-аналарды уайымдатуы тиіс. Сондықтан балаларды арнайы авто орындықтарға отырғызып, қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтауға шақырамыз», — деді полиция полковнигі. Қазіргі таңда бойынша білім беру мекемелері маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол белгілері орнатылуда. Сондай-ақ, жыл сайын «Абайлаңыз, балалар!», «Қауіпсіз жол», «Мектепке…
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда 100-ден астам отбасы заңсыз алған атаулы көмекті толықтай, тағы 80 отбасы ішінара қайтарып берді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Атырау қалалық әкімдігінде өткен жиында атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін жалған мәлімет беру мен кірістерін жасыру туралы сөз қозғалды. Мәжілісте қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап берді. Оның дерегінше, бүгінгі күні жалған мәлімет беріп, атаулы көмек алып отырған 529 отбасы анықталып, оның 340-ына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қала әкімі Мейірім Қалауи олардың жағдайын егжей-тегжей зерделуге тапсырма беріп, ары қарай атаулы әлуеметтік көмекті қайтаруы немесе қайтрамауы заңға сәйкеса қаралатынын айтты.…
CaspianLife, 19 қазан — Атырауда бір күнде екі көлік жүргізушісі жол үстінде жүрген малдарды қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 18 қазанда Ақтөбе-Астрхань тас жолының 705 шақырым тұсында Toyotа маркалы автокөлігі жолға кенеттен шыққан жылқыны қағып кетті. Дәл осындай оқиға Доссор-Құлсары тас жолының 106 шақырымында болды. Kia жеңіл көлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кетті. Екі жағдайда да жүргізушілер зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақыт тиісті құжаттар жинақталып, қарауысыз жүрген жылқылардың иелері іздестірілуде. «Осы ретте тәртіп сақшылары облыс аумағында және республикалық маңызы бар автожолдар бойында малдардың қараусыз жайылып жүруі жол-көлік оқиғаларына әкеп соқтыруы мүмкін екендігін ескертеді. Көлік жүргізушілерінен жылдамдықты шамадан арттырмай,…
CaspianLife, 18 қазан — Атырауда үш жүк көлігі рельстен шығып кетті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Оқиға 18 қазан күні сағат 11:15-те Мақат ауданы Доссор стансасында болған. «DOSSOR PROCESSING COMPANY» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының тепловоз басынан тоғыз вагонның үш вагоны рельстен шығып кеткен. Тоғыз вагонның барлығына да қиыршық тас тиелген. Бұл оқиға пойыздардың қозғалысына әсер етпеді. Зардап шеккендер жоқ.
