CaspianLife, 18 қазан — Атырау қаласының прокурорлары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді 250-ден астам рет заңсыз тексергенін анықтады. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Нәтижесінде үш жүзден астам заңсыз актінің күші жойылды. Мысалы, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкері кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерісті тіркемей, құжаттарды сұратыпты. Жалпы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған 20-ға жуық мемқызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Биыл үшінші тоқсанында прокурорлар 2100 астам кәсіпкердің құқығын қорғады, 4 проблемалық мәселелері шешілді. Атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация Атырау облысы бойынша филиалымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеуден заңсыз бас тарту тәжірибесі тоқтатылды. Заңға сәйкес бұл…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 18 қазан — Атырауда егіздердің саны артты деп мәлімдеді облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары Альмира Сабырғалиева. Жыл басынан бері Атырауда 96 егіз бен бір үшем дүниеге келді. Бұл былтырмен салыстырғанда 9,1%-ға көп. «Жыл басынан бері Атырау облыстық перинаталдық орталығында 6796 сәби дүниеге келді. Соның ішінде егіздер саны артып келеді. Биыл жыл соңына дейін туу көрсеткіші тағы өседі деген үміттеміз», — деді Альмира Сабырғалиева. Айта кетейік, өткен жылы өңірде 7375 сәби дүниеге келген.
CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық полицейлер тозығы жеткен үйден қараусыз қалған 74 жастағы қарт ананы тапты. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Қарт ана табылған кішкентай екі бөлмелі үйдің төбе жабындысы шіріп, қабырғасы тозып, сылығы түскелі тұр. Ол жерде 40 жастағы ұлымен бірге тұратыны анықталды. Зейнеткерге жедел жәрдем шақырылып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Журналист Жанат Жақсыбайқызы өзінің Facebook парақшасында қартқа күш көрсетілгенін және 1-ші топ мүгедегі бола тұра 5 жылдан бері ешқандай ем алмағанын айтты. «Қазіргі таңда осы оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жинақталған іс-құжаттар құзырлы органдарға жолданды», — дейді облыстық ПД-нің өкілдері.
CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық спортшылар Испанияда өткен грэпплингтен әлем біріншілігінді үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Аталмыш дода Испанияның Понтеведра қаласында 12-15 қазан күндері UWW нұсқасы бойынша ерлер, әйелдер және кадеттер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Қазақстан құрамасы 14 алтын, 10 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Олардың ішінде атыраулықтар 2 алтын мен 1 қолаға қол жеткізді. Атап айтсақ, жастар арасында 58 келі салмақта Қаршыға Абдурахим No Gi (кимоносыз түрі) және Gi (кимоно түрі) бөлімдері бойынша чемпион атанды. Ал, 54 келі салмақта өнер көрсеткен Рахымжан Тұрғанбек No Gi және Gi бөлімдері бойынша үздік үштікті түйіндеді.…
CaspianLife, 18 қазан — Өзбекстан азаматы Атырауда 7 жыл құжатсыз жүрген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Атыраулық полицейлер 53 жастағы азаматтың 2015 жылдан бері құжатсыз жүргенін анықтаған. Аталған дерек бойынша өзбекстандық қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетел азаматына қатысты көші-қон полиция қызметкерлері тиісті іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданады. Айта кетелік, қалалық полиция басқармасы 1 қазан мен 1 қараша аралығында «Учаске» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.
CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық самбошылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялыр қызметі хабарлады. 14-16 қазан аралығында Арменияның Ереван қаласында өткен самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінде атыраулық спортшылар 4 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды. Атырау қаласынан 6 спортшы қатысты. «3 күнге созылған додада қыздар арасында 3 қола, 1 күміске және ұлдар арасында 1 қолаға ие болдық. Бұл — біз үшін үлкен мәртәбе», — деді самбо күресінің аға жаттықтырушысы Абу Аманжан. 41 келі салмақта өнер көрсеткен Әсел Русланова күміс жүлдегер атанса, 49 келіде Алихан Жұмабек пен 53 келіде Қазбек Аңсаған қола медальды қанағат тұтты.…
CaspianLife, 17 қазан — Атырауда бір отбасы газға уланып, біреуі қаза тапты. Бұл туралы қалалық ТЖБ басшысының орынбасары Магомед Ахриев мәлімдеді. Оның дерегінше, кезекшілікке жедел жәрдем станциясынан 6 адам газбен уланғаны туралы ақпарат түскен. Оның екеуі ересек болса, 4-еуі кәмелет жасқа толмаған. Тағы бір 90-дағы тұрғын қайтыс болды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, үйлеріне жіберілді. «Оқиға орнын тексеру кезінде түтін арнасының металл коррозиясының қалдықтары және ұсақ қоқыстармен бітеліп қалғаны анықталды. Салдарынан өрт сөніп, газ үйде орналасқан жылыту қазандығынан асып кеткен. Ал газ бөлмелерге тарай бастады», — дейді Магомед Ахриев. Айта кетейік, Атырауда биыл газбен улану бойынша 9 дерек тіркелді.
CaspianLife, 17 қазан — Атырауда Республика күніне орай «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді. Жалпықалалық жәрмеңкеге ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер де шақыртылады. Шара 21 қазан күні 10:00–13:00 аралығында «APEC» базасында өтеді. «Жұмыс іздеуші азаматтар өзімен бірге түйіндемелерінің бірнеше данасын ала келуі шарт», — деді, Азамат Мәмбетов Мекен жайы: Нұрсая шағын ауданы, Ел Орда көшесі, 24. Қосымша сұрақтар үшін 87122 35 41 59 нөміріне хабарласуға болады.
CaspianLife, 17 қазан — Биыл Атырау облысында балықшылардан 10 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 1988 құқық бұзушылық фактісін анықтап, 1000-нан астам адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Балықты заңсыз аулайтындар ау-торларын жүрген жерлеріне жиі тастап кетеді дейді инспекторлар. Мәселен, биыл су айдындарын сүзу нәтижесінде 3 мыңнан астам ау мен ілмек табылған. Бұдан бөлек, рейд нәтижесінде заң бұзушыларға 24 миллион теңге шамасында айыппұл салынып, 23 адамға қатысты іс құқық қорғау органдарына жолданды. Бірақ, бұған қарамастан заңсыз балық аулау фактісі азаймай тұр.
CaspianLife, 17 қазан — Атырауда әкелі-балалы екеуден бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Policia.kz сайтының хабарлауынша, олар бағалы балықтарды сатпақ болған. Полицейлер күдіктілердің бірінің ауласында тұрған Нива маркалы автокөлік пен гаражды тінту кезінде 300 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тауыпты. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
