CaspianLife, 17 қазан — Депутаттар Қазақстандағы жол сапасы туралы сөз қозғады. Бүгін өткен үкімет сағаты кезінде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәжілісмендер алдында есеп берді. Министр қазіргі таңда жол құрылысы саласындағы проблеманың көп екендігін айтқанмен, осы уақытқа дейін неліктен шешімін таппағанына келгенде мүдірді. Ал, мәжіліс депутаты Дүйсембай Тұрғанов аймақтардағы жол құрылысына жасалатын талдау жұмыстарының сапасы туралы пікір білдірді. «Республикалық жобаларға қарасақ жолмен қамту деңгейі 100% болғанымен, жергілікті бюджет облыс әкімдігіне тікелей байланысты. Сондықтан, ауылдағы және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша аулаларда салынып жатқан жолдарға ақша жетпей қалады. Бюджеттің дұрыс игерілуі мен үнемделуін бағалау үшін жекеменшік зертханалардың көмегіне…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 17 қазан — Жылыту маусымы әлдеқашан басталғанмен қаланың кей жерінде әлі жылу жоқ. Бұған себеп ПИК-ң баяу қозғалуы көрінеді. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады. «ПИК-ң (Пәтер иелерінің кооперативі) адамдары бізге қарағанда үйдің жағдайын жақсы біледі. Яғни қай жерде жөндеу жұмыстары жасалып жатыр, қай жерде батареяда ақау бар деген сияқты. Сол себепті біз олардан өтініш күтеміз. Бірақ олардың көпшілігі бүгінгі күнді белгіледі. Енді біз ертеңнен қалмай барлық үйге жылу беріп боламыз деп отырмыз», — деді «АЖЖ» АҚ вице-президенті Әлібек Темірғалиев. Қалада орталық жылу жүйесіне қосылуы қажет 1019 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазір тек оның 160 шақтысы ғана қалыпты. Мамандар…
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттардың 2022 жылғы 21 қазандағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын «Caspian Life» сайтында жариялау:
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда мектеп оқушысы мұғалімін итеріп жіберген. Бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Оқиға 11 қазанда болған. №24 орта мектептің 7 сынып оқушысы тарих сабағында БЖБ орындау кезінде берілген тапсырманы орындамай отырған. Мұғалім не себепті жазбай отырғанын білу үшін қасына барған кезде, оқушы ұстазын итеріп жіберген. Салдарынан педагог еденге құлап, жарақат алды. «Сол сәтте ата-аналар шақырылып, хабардар болды. Қазіргі уақытта оқушының ата-анасы мұғалімнен кешірім сұрады», — деп мектеп директоры Х.Е.Ли мәлімдеді. Ұстаз оң қолынан жұмсақ тін жарақатын алған. Қазіргі таңда үйден ем алуда. Ал, тәртіп бұзған оқушы мектепішілік есепке алынып, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияға жолданатын құжаттары жасақталуда.
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда 16 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі. Оқиға 14 қазан күні сағат 17:50 шамасында болды. Toyota Camry көлігінің 57 жастағы жүргізушісі Азаттық даңғылы бойында рұқсат етілмеген жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Зардап шеккен жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты іс-құжаттар жинақталуда.
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 15-16 қазан күндері сағат 07:00-ден 19:00-ге дейін Амандосов пен Баймұханов көшесі аралығындағы Берғалиев көшесінде қозғалыс тоқтатылады. Дегенмен, 19:00-ден кейін жол ашық болады. «Қала тұрғындары мен қонақтарына жол жөндеу жұмыстарын ескере отырып, аталған аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — делінген қалалық әкімдіктің әлеуметтік парақшасында.
CaspianLife, 14 қазан — Астанадағы саммитке қатысып жатқан Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей ядролық қаруды қолдануы қаншалықты мүмкін екені жайында сөз қозғады. Бұл туралы президент америкалық NBC арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. «Ең бастысы, қарсыласыңды тығыраққа тіремеу керек. Ресейліктер айтқандай, «қызыл сызықтан» өтпеген жөн. Ядролық қару жайында айтсақ, кез келген қарудың жасалу себебі бар. Ресей өзінің позициясын нақты айды. Егер Ресей Федерациясының территориясына шабуыл жасалатын болса, ол кез келген қаруды қолданатын болады. Ал, сіздің сұрағыңызға келетін болсақ, Ресей ешқашан Украинаға қарсы ядролық қару қолдануды көздеген емес», — дейді Беларусь президенті. Оның сөзінше, Ресейде барлық заманауи қарудың түрлері бар. Сондықтан, Мәскеу қалағанына…
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында құрманғазылық көркемөнерпаздардың концерті өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Өнерпаздар ән мен жырдан бөлек, Атыраудан шыққан белгілі тұлғалар жайында сахналық қойылымдар дайындап, көрермендердің назарына ұсынды. «Мерекелік кешке Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы Самат Емберген және өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты», — делінген қала әкімдігінің әлеуметтік желісінде.
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда З. Қабдолов — М. Әуезов даңғылы қиылысындағы бағдаршамның уақыты өзгерді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Азаттық даңғылы бағытынан М. Әуезов көшесіндегі бағдаршамның жасыл түсі автокөлікке 40 секунд, ал жаяу жүргіншіге 20 секунд жанып тұрады. «Осы ретте, көлік жүргізушілерге жол белгілерінің талаптарын орындап, мұқият болу керектігін ескертеміз», — делінген ПД-нің әлеуметтік желісінде.
CaspianLife, 14 қазан — Атырауда қала күніне орай жәрмеңке өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жәрмеңке 15-16 қазан күндері сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін «Сарайшық» коммуналдық базарында ұйымдастырылады. Оған Исатай, Мақат, Қызылқоға аудандарының және Атырау қаласының тауар өндірушілерімен шаруашылық құрылымдарының қатысады. Мекен-жайы: Мәден көшесі, 1а, «Сарайшық» коммуналдық базары.
