CaspianLife, 12 қазан — Электронды темекі шеккен атыраулық жасөспірімдердің кім екені анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Әлеуметтік желіде электронды темекіні таласа шегіп тұрған оқушылардың видеосы тарады. Полицейлер олардың жеке бастарын анықтады. №16 мектеп-лицейінің білім алушыларымен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ, олардың ата-аналарына хаттама толтырылып, 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 12 қазан — Атыраудағы мектеп директорларының біріне «жарылыс жасаймын» деп хабарлаған. Облыстық ПД-нің баспасөз қызметінің дерегінше, бүгін 08:20 шамасында 102 операторына №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын деген хабарлама алғанын хабарлаған. Полиция қызметкерлері 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазіргі уақытта білім ордасына тексеру жұмыстарын жүргізуде.
CaspianLife, 11 қазан — Аққыстауда жүк көлігі өртеніп, жалын тұрғын үйге дейін жетті деп хабарлайды Атырау обылстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 11 қазан күні түнгі сағат 01:33-те болған. Аққыстау өткелінде тұрғын үйлердің бірінің ауласында «Газель» автокөлігі өртке оранған. Кейін 2010 жылы шыққан көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде екені анықталды. Жүк көлігіндегі өрт салдарынан тұрғын үйдің терезесі жанып кетті. Өрт сөндірушілер жалынды 01:57-де оқшаулап, сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
CaspianLife, 11 қазан — Енді атаулы әлеуметтік көмек немесе жұмыссыздық туралы анықтаманы Halyk мобильды қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді. Бүгіненнен бастап жұмыссыз ретінде тіркелген және атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған тұлғалар Halyk Homebank арқылы анықтама ала алады. «Бұл қосымша әлеуметтік қолдаудың кейбір шараларын тез және оңай алуға көмектеседі. Ақпаратты бірнеше минут ішінде алуға болады. Осылайша мекемелерге аяқтай жүріп қағаз тасу толығымен алынып тасталады», — деді Азамат Мәмбетов. Анықтаманы алу үшін Halyk Homebank қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне өтіп, «Ақпаратты» таңдап, қажетті қызметті белгілеу қажет. Ары қарай, алынған деректі дереу…
CaspianLife, 11 қазан — Атырау қаласында бір түн су болмайды деп хабарлайды бірыңғай байланыс орталығы. Сәрсенбіден бейсенбіге (11-12 қазан) қараған түні сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін қаладағы су тазарту құрылғылары мен тарату желілерінде маусымдық дезинфекция жұмыстары өтеді. Осыған байланысты қаланың барлық аумағында су беру тоқтатылады.
CaspianLife, 11 қазан — Атыраулық ұстаздар мен тәрбиешілер арасында «Екі жұлдыз» байқауының жеңімпазы анықталды. Қалалық білім қызметкерлері арасында өткен «Екі жұлдыз» ән байқауына 28 мектеп пен 26 балабақша ұстаздары мен тәрбиешілері қатысты. 2 күнге созылған шарада атыраулық педагогтар екі кезеңде ән шырқап қана қоймай, түрлі аспапта ойнап, әнге сай сахналық қойылымдар көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша №13 Д. Байбосынов атындағы мектеп гимназиясының мұғалімдері Әділбек Жолдасбаев пен Әйгерім Қазиева жеңімпаз атанды. Басқа да қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, «Екі жұлдыз» байқауын «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитеті филиалының ұйымдастырып отыр.
CaspianLife, 11 қазан — Атырауда ерлі-зайыпты заңсыз психотропты дәрі сатумен айналысқан деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Атыраулық тәртіп сақшылар 10 қазан күні сағат 16:00 шамасында профилактикалық іс-шара барысында психотроптық дәрі сатумен айналысқан 40 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел адамды қолға түсірді. Ерлі-зайыптылардың пәтерінен 171 трамадол мен 97 тропикамид дәрілері (дәрігердің тағайындауымен ғана беріледі) тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты іс-құжаттар жинақталуда. Анық болғандай, әйел адам бұған дейін де осы заңсыздық бойынша жауапкершілікке тартылған еді. Бұдан бөлек, полицейлер жыл басынан бері заңсыз психтропты дәрі сатумен айналысқан 20 күдіктіні анықтады.
CaspianLife, 11 қазан — Атырауда жол апатынан көлік өртеніп кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 11 қазан күні саған 01:00 шамасында болды. 34 жастағы жүргізуші мас күйінде Toyota Ipsum маркалы көлігін Бейбарыс даңғылы бойымен тізгіндеп келе жатып, Mazda көлігіне соқтығысқан. Салдарынан 31 жастағы Mazda маркалы көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты тиісті құжаттар жинақталуда. Жергілікті полиция департаменті көліктердің арнайы тұраққа қойылғанын хабарлады.
CaspianLife, 10 қазан — Атырауда жыл басынан бері 279 науқас тері ауруына шалдыққан деп мәлімдеді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Жайнагүл Утепкалиева мәлімдеді. Оның ішінде қышыма 57, дерматомикоз 222. Ауру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көп орын алып отыр. Дәлірек айтсақ, 196 жағдай немесе 70 %-ды құрайды. Оның ішінде қышыма 39 болса, дерматомикоз 157. Өткен жылы осы уақытта 301 жағдай тіркелсе, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 213. Салыстырмалы түрде қарасақ, биыл ауру саны азайған. «Жеке гигиена ережелерін сақтап, жиі жуыну немесе әрбір 5-7 күн аралығында монша қабылдау қажет. Іш киімдерді және төсек жаймаларын жиі ауыстырып, оларды жуып,…
CaspianLife, 10 қазан — Атырауда 400 мыңнан астам сайлаушылар тіркелді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеруі мүмкін деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Бүгінде аймақта 261 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Тіркелген сайлаушылар саны шамамен 400 мыңнан асады. Айта кетейік, елімізде кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. «Қазіргі уақытта осы сайлау учаскелерінің барлығында алдағы уақытта материалдық техникалық жағынан инфрақұрылым жағынан дайын. Сонымен қатар өздеріңіз білесіздер сайлау комиссияларының біліктілігін арттыру сайлау заңнамаларын арттыру мақсатында семинар кеңестерді өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар ең үлкен мәселе сайлаушылардың тізімін анықтау», — дейді облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов. Биылғы президент сайлауының бір ерекшелігі – бюллетеньдерде «барлығына…
