Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 қазан — Атырау қаласындағы «Мұнайшы» көпіріне келесі жылы жөндеу жүргізілуі мүмкін деп хабарлайды CaspianNews телеарнасы. Қала әкімі Мейірім Қалауи жергілікті телеарнаға берген сұхбатында, орталық көпірдің жанынан жаңасының салынбайтынын айтты. Ал «Тұрғындар қалашығы» мен «Авангард» ықшам аудандарын байланыстыратын көпірді келесі жылы орташа дәрежедегі жөндеуден өткізу жоспарда бар. Сондай-ақ, Атырау қаласының әкімдігі шаһар аумағындағы 45 саяжайдың 33-ін 7 аумаққа бөлді. Енді оларға жол салу жұмыстары келесі жылы басталмақ. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжат жасақтайтын мердігер мекеме анықталған. Жобаны жыл соңына дейін мемлекеттік сараптамаға енгізу жоспарланып отыр. Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауидың сөзінше, тас жол әуелі әлеуметтік нысандар маңына және орталық көшелерге…

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Кешелі бері қаланы жайлаған жағымсыз иістің қамыс өртіне қатысы жоқ дейді құтқарушылар. Олар Кеңөзек ауылынан 10 шақырым қашықтықта қамыстың бықсып жатқандығын, бірақ оның түтінінің облыс орталығына жетуі неғайбыл екендігін айтады. «ТЖД-нің қызметкерлері Кеңөзек селолық округінде барлау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында қамыстың тамырлары яғни жер астынан бықсу шығып жатқанын байқады. Қазіргі таңда енді тек өрт сөндіру техникалары жол жоқтығынан аталған жерге бара алмайды. Сонымен қатар желдің бағыты Каспий теңізіне қарай болғандықтан қалаға төнер қауіп жоқ», — деп мәлімдеді қалалық ТЖБ басшысы Ғабит Бабаев.

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Атырауда жертөлені есірткі дайындайтын зертханаға айналдырғандар ұсталды. Мұны облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлер 29 қыркүйек күні тыйым салынған өсімдіктерді өсірген үш күдіктіні анықтаған. Олар 34-37 жас аралығындағы ер азаматтар. Тінту кезінде суық қару мен марихуана есірткісін пайдалануға арналған құралдардан бөлек, ел аумағында тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді. Қазір үш күдікті уақытша қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Read More

CaspianLife, 6 қазан — «Суши Тайм» тез тамақтану желісіне 986 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Еске сала кетейік, маусым айында бір үйдің үш адамы осы нысанның сушиін жеп, уланып қалған болатын. Мамандар мұны кәсіп иесінің санитарлық талаптарды сақтамауымен байланыстырады. Ал 11 адамның донерден улануына қатысты тағы бір іс әлі қаралу үстінде. «Осы іс-құжаттардың негізінде қыркүейек айының басында Атырау қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасымен іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданған болатын. Әкімшілік соттың шешімімен жеке кәсіпкерге ӘқбтК 425 бабының 2 тармағына сәйкес 460 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — деп мәлімдеді қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Бақытбек Хамза.

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Атырауда бокстан ашық турнир басталды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау қаласының 382 жылдығына орай бокстан 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир басталды. Жарыста Өзбекстан мен Қазақстанның Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облысынан 170 спортшы бақ сынайды. Турнирдің ашылу салтанатына Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи, қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының Нұрбек Ахмедияров, өңір спортшылары, жастар мен қала қонақтары қатысты. «Ең алдымен баршаңызды қала күнімен құттықтаймын! Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – жерлестерімізге спортпен шқғылдануға жағдай жасау. Қазіргі кезде облыста бокс жақсы дамыған. Оған бастамашы болып осы спорт түрін облысымызда дамытып жүрген ардагерлерге…

Read More

CaspianLife, 6 қазан — Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында республикалық Жұмекен оқулары өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Шарада белгілі қаламгер Мереке Құлкенов қазылық етті. Олар қатысушыларды көркем мәтінді оқу шеберлігі, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін ұстауы бойынша бағалады. Сондай-ақ, шараға Жүмекен Нәжімеденовтың үлкен қызы Айкен Нәжімеденова да қатысты. Байқауды Алматы облысынан келген Нұрбақыт Аршын жеңіп алды. Бірінші орынды жетісулық Аршы Айдынбекұлы алса, түркістандық Ержан Жолдасов екінші орынды иеленді. Ал, Батыс Қазақстан облысынан келген Васихан Бекзат үшінші орынды қанағат тұтты.

Read More

CaspianLife, 5 қазан — Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи Түркия делегациясымен кездесті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Әкімдіктің кіші мәжіліс залында шаөар басшысы Мейірім Қалауи Мезитли өлкесінің мэрі Тархан Нешет бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында қала әкімі Атыраудың қазіргі жағдайы мен алдағы даму жоспарлары туралы ақпарат берді. Кейін Тархан Нешет бұл кездесудің Қазақстан мен Түркия елдері арасындағы байланысты нығайтуға мол үлесін тигізетіні тілге тиек етті. Сондай-ақ, жиында арадағы байланысты нығайту және сол бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру үшін қажетті перспективалық мәселелер турасында айтылды. Кездесу соңында түркиялық делегация Жайық жағалауын аралып, естелік суретке түсті.

Read More

CaspianLife, 5 қазан — Атырауда тағы бір қоғамдық көлік бағыты іске қосылды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. «2022 жылдың 5 қазанынан бастап “Балауса – Авангард” бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдау үшін №64 жаңа автобус бағыты іске қосылады», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Read More

CaspianLife, 5 қазан — Атыраудағы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайныда ақын Маржан Ершудің “Атырау — айдынды өлкем ардағым-ай…” атты шығармашылық кеші өтті деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Өмірін өлеңмен өріп, поэзия әлемінде жыр бесігін тербеткен ақынның кешіне елге есімі танымал ақын-жазушылармен қатар Түркия және Қырғызстан елінен арнайы қонақтар келді. Сондай-ақ, шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед Құттымұратұлы, Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов қатысты. Шараға арнайы келген ҚР Президенті кеңесшісі Мәлік Отарбаев Маржан Ершуге ҚР Президентінің Алғыс хатын табыстады. Рухани кездесуде Маржан Ершудің сөзіне жазылған әуелеген ән айтылып, қаламгердің өлең-жырлары оқылды.

Read More

CaspianLife, 5 қазан — Атырауда С.Датов көшесі ашылды деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сырым Датов көшесін қайта жаңғырту мақсатында Баймұханов көшесінен Әбдірахманов көшесіне дейінгі аралық ашылды. «Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Read More