CaspianLife, 10 қазан — Атыраулық полицейлер интернет-алаяқтардың көбейіп кетуіне байланысты ескерту жасады. «Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі — халық арасында оңай жолмен табыс табу мәселесі. Яғни, алаяқтар интернет желісі немесе жәбірленушілермен сұхбат жүргізу арқылы сенімдеріне кіріп, қызығушылық танытып, осы қаржылық пирамидаларға азаматтарды үгіттеп, ақшаларын құюға итермелейді», — делінген облыстық ПД-нің әлеуметтік парақшасында. Мұндай алаяқтардың арбауына түспес үшін онлайн несие рәсімдеу кезінде, интернет арқылы сауда-саттық кезінде және телефон арқылы жеке деректерді жариялау кезінде сақ болу қажет. Алаяқтар тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем жасауды немесе, банктік шот пен QIWI әмияны арқылы ақша аударуды сұрап, кейін хабарсыз кетеді. Сондай-ақ, қазіргі таңда…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 10 қазан — Атырауда мотоцикл айдаған жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі. Атыраулық тәртіп сақшылары рейдтік шара кезінде Амандосов көшесінің тұсында Nitro Econom маркалы мотоциклін тоқтатып, тексеріс кезінде жүргізушінің кәмелетке толмағанын анықтады. Жасөспірім қалалық полиция басқармасының №2 қалалық бөліміне жеткізілді. «Аталған жағдай бойынша жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабының 2 бөлігімен (жүргізуші құқығы жоқ күйде) әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген жергілікті ПБ-ның әлеуметтік желісінде.
CaspianLife, 10 қазан — Атырауда жыл басынан бері көлігіне ксенон және лэд жарықтарын орнатқан 1000-нан астам жүргізушіге айыппұл салынды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі. Мәселен, патурльдік полиция Құнанбаев көшесі бойында осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Toyota Camry маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында жүргізушінің жеке басы анықталды. «36 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлігімен (көлік құралдарына Лэд жарық шамдарын орнатып жүргізген) үшін әкімшілік хаттама жасақталып, 15 мың 315 тенге айыппұл салынды», — делінген жергілікті ПБ-ның Instagram парақшасында.
CaspianLife, 8 қазан — Атырауда қала күніне орай байдарка мен каноэде ескек есуден турнир өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Атырау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Самат Емберген бұл спорт түріне облыс және қала әкімдігінің қолдауы артқанын айтып, қатысушыларды қала әкімінің атынан құттықтап, сәттілік тіледі», — делінген әкімдіктің әлеуметтік желі парақашасында. Аталмыш шараға 50-ге жуық спортшы қатысты. Айта кету керек, облыс тарихында ескек есу спортының өзіндік орны бар. Қазақстандағы байдарка мен каноэ спортының іргетасы Атырау қаласында қаланған. 1954 жылы ескек есушілердің Қазақстандағы алғашқы командасы құрылды. Ал, 1955 жылы, қаламызда алғаш рет ел біріншілігі өткізілген болатын.
CaspianLife, 8 қазан — Қала күніне орай қылқалам шеберлері Атыраудың суретін салды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жайық жағалауында суретшілер плэнері өтті. 10-ға жуық суретшілер қаланың сұлу көшелерін кенеп бетіне майлы бояумен бейнеледі. «Өзім Атырау қаласында туып өстім. Жүрек қалауыммен осы мамандық бойынша тоғыз жыл біліп алып, қазір Кіші өнер Акедмиясында еңбек жолымды жалғастырып жатырмын. Астанадағы Ұлттық өнер университетінен білім алдым. Плэнер дегеніміз – еркін тақырыпта кенеп бетіне сурет салу. Сондықтан, қаламыздың сұлулығын түрлі түсті бояулардың көмегімен көрсету арқылы өз үлесімді қосайын деп шештім. Бұған дейін Алматы, Астана қалаларында өткен көрмелерге қатыстым», — дейді белгілі суретші Айгерім Кенжеғалиева.…
CaspianLife, 7 қазан — Атырауда танымал суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Камила Жаполованың шығармашылық кеш өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Сырғамның сыңғыры» атты кеште шаһар басшысы Мейірім Қалауи, зиялы қауым өкілдері және қылқалам шеберлері қатысты. «Өз кезегінде шаһар басшысы Камила Әбенқызының ұлттық мәдениет пен сурет өнерінің дамытудағы үлесі зор екенін атап өтіп, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді», — делінген әкімдіктің инстаграм парақшасында. Кешке Камила Жапалованың 70-ке жуық кескіндемесі мен батик үлгісіндегі суреттері қойылды. Оның туындылары жинақталған «Сырғамның сыңғыры» атты каталогтың тұсауын кесу Алматыдан келген «ҚР Суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өмірбек Жұбаниязовқа…
CaspianLife, 7 қазан — Атырауда қай жаңғырту жұмыстарына байланысты Сырым Датов көшесінде көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жұмыс жоспарына сай 8 қазан күні сағат 10:00-ден бастап Исмағұлов көшесі мен Қабанбай батыр көшесі аралағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
CaspianLife, 7 қазан — Атырауда велошеруге байланысты жол жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қалай күніне орай өтетін шара 8 қазан күні сағат 09:00-дн басталады. Соған байланысты И.Тайманұлы даңғылы бойы Лебедев қиылысынан Сатпаев көшесі қиылысына дейінгі аралықта қатысушыларының қауіпсіздігі үшін уақытша көлік қозғалысы тоқтайды. «Қала тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысындағы өзгерістерді ескере отырып, аталған аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз», — делінген әкімдік таратқан хабарламада.
CaspianLife, 7 қазан — Атырауда 9 айда экологиялық заңнаманы бұзғандар 252 млн-нан астам айыппұл төледі. Бұл туралы облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары, бас мемлекеттік экологиялық инспектор Сырым Тлегенов мәлімдеді. Биыл аймақ бойынша экологиялық заңнаманы бұзған 177 факт тіркеліп, 92 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 19 профилактикалық бақылау, 53 жоспардан тыс, 20 өзге нысанды тексеру болған. «Тексеру нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманы бұзған 177 факт анықталып, 40 нұсқама берілсе, оның 26-ы орындалды. Жалпы сомасы 252 млн 277 мың 890 теңгеге 118 әкімшілік айыппұл өз еркімен өндірілді. Ал 132 әкімшілік істі қарау нәтижесі бойынша жалпы сомасы 270 млн 465 мың 505 теңгеге әкімшілік жаза…
CaspianLife, 7 қазан — Атырауда қала күніне орай концерт өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік концерт 8 қазан күні кешкі сағат 19:00-де Бейбарыс алаңында өтеді. Кешті Дастан Оразбеков пен Ақбота Сейтмағамбет жүргізеді. Кеш қонақтары: Заман тобы, Ғазизхан Шекербеков, Айгүл Иманбаева, Ayree, Еділжан Ғаббасов және Динара Әлжан. Сонымен бірге, жергілікті өнерпаздар да өнер көрсетеді.
