CaspianLife, 10 қазан — Атырауда жыл басынан бері көлігіне ксенон және лэд жарықтарын орнатқан 1000-нан астам жүргізушіге айыппұл салынды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі.
Мәселен, патурльдік полиция Құнанбаев көшесі бойында осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған Toyota Camry маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында жүргізушінің жеке басы анықталды.
«36 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 5 бөлігімен (көлік құралдарына Лэд жарық шамдарын орнатып жүргізген) үшін әкімшілік хаттама жасақталып, 15 мың 315 тенге айыппұл салынды», — делінген жергілікті ПБ-ның Instagram парақшасында.