CaspianLife, 5 қазан — Атырауда дзюдодан MAGAUIYA OPEN CUP қалалық ашық турнирі өтті. Спорттық іс-шара қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылған. Турнирге Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген дзюдошылар мен жергілікті спортшылар 45 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық атаққа таласты. «Бұл жарыста мен 3 белдесу өткізіп, ақтық белдесуге жолдама алдым. Қарсыластарым өте жақсы. 5 жыл бойы дзюдоға қатысып келе жатырмын. Енді мен Қазақстандағы дзюдыны әрі қарата беруге жалғастыруға беруге дайынмын», — дейді қатысушылардың бірі Сержан Маратов. Турнирге 7 мен 14 жас аралығындағы 1200-ге жуық ұл мен қыз қатысты. Дәл осындай ауқымдағы жарыс Атырау қаласының…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 5 қазан — Атырауда қала күніне орай жасөспірімдер арасында спорттық эстафета өтті. 12-13 жастағы балалар 5 топқа бөлініп, эстафета таяқшасын жалғастыру, жүгіру, доп қуу секілді командалық сайыстарға қатысты. Жаттықтырушылардың сөзінше, мұндай көңілді ойындар әр ай сайын өткізіліп тұрады. Себебі спорттық іс-шаралар арқылы балалар салауатты өмір салтына бейімделіп, командамен жұмыс жасап үйренеді. «Басында қалай болар екен деп қатты уайымдағаным рас. Жеңіліп қалған соң «бұл да бір тәжірибе, ештеңе етпейді» дедім өз-өзіме. Ең бастысы футбол ойнаған қатты ұнайды», — дейді эстфетаға қатысушылардың бірі Алтынбек Сұлтангереев.
CaspianLife, 5 қазан — Атырауда мал сою және ет сату кешені ашылды. Енді ет қаладағы базарлар мен сауда нүктелеріне дәл осы кешеннен жеткізілетін болады. Кәсіпорын заманауи техникалармен жабдықталып, барлық процесс автоматтандырылған. Мұнда мал сою қондырғысынан бөлек, ет сататын павильондар және 20 орындық асхана бар. Нысанда малды сою, етті бұзу процесі халықаралық «халал» стандартына негізделген дейді мекеме басшысы. «Ең бастысы, бұл жер – санитарлық талаптарға сай және де барлық келушілерге арналған күту залы бар. Сапалы қызмет көрсетеміз. Тәулігіне 150-ден аса мал қабылдай аламыз. Сойылған еттерді сақтайтын 20 тонналық салқындатқыш бар», — дейді ет орталығының басшысы Азамат Хайруллин. Кешенде кез-келген адам малды…
CaspianLife, 4 қазан — Атырауда жаңа бағыт бойынша қоғамдық көліктер жолға шығады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 5 қазаннан бастап “Балауса – Авангард” бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдайтын №64 автобустары жолға шығады.
CaspianLife, 4 қазан — Атырауда білім беру ошақтары, денсаулық сақтау нысандары мен тұрғын үйлер жылу беру маусымына дайындалуда. Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырысында Энергетика ж/е тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мукишев мәлімдеді. Күн тәртібінде Жылыту маусымына дайындық жұмыстары, Республикалық және облыстық автокөлік жолдарының 2022-2023 жылғы қысқы мезгіліне дайындығы, оқыс оқиғалар кезіндегі төтенше жағдайлар қызметін пысықтау, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді-мекендерінде кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру мәселелері қаралды. Энергетика ж/е тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Мукишев облыс бойынша 414 білім беру, 144 денсаулық сақтау нысандары және 1786…
CaspianLife, 4 қазан — Атыраудағы коммерциялық ұйым басшысы салық төлемегені үшін сотталды деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Облыстық прокуратура мемлекеттік кірістер органы және кәсіпкерлермен талдау жүргізіп, нәтижесінде «БатысТехноСервисез» ЖШС-нің бұрынғы директоры, коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңге сомасына салық төлеуден жалтарғаны анықталды. Сот үкімімен аталған азамат 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл және 4 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Осыған байланысты, Серіктестік директорына қатысты Қылмыстық Кодекстің 245-бабының 3-бөлігі (аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Мемлекеттік қазынаны…
CaspianLife, 4 қазан — Атырау мұнай өңдеу зауытында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қарамастан мұнай өнімдерін шығару тоқтаған жоқ деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі. Алғаш рет Атырау МӨЗ-де технологиялық құрылғыларды кезекпен жөндеу жұмыстары басталды. Бұл мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында бұрын-соңды қолданылмаған. «Бұл АМӨЗ тарихындағы ең күрделі жөндеу. Зауытта бұған дейін мұндай көлемдегі жөндеу жұмыстары болған емес. Жөндеу ұзаққа созылады. Құрылғылардың кейбірі 20 күнге жуық уақыт жөнделеді. Ал каталитикалық крекинг процесі жүретін ең күрделі қондырғы 45 күнге жуық уақыт жөндеуде болады. Біз «тізбекті» жөндеу тәсілін қолданудамыз. Яғни бір тізбек жөндеуде болғанда, екіншісі…
CaspianLife, 4 қазан — Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі 5 сағатқа созылды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Еркін форматта өткен жиынға 100-ге жуық ҮЕҰ өкілдері қатысты. Олар өздерін толғандырған мәселелерін айтты. «Жиында көтерілген сұрақтардың басым бөлігі — өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандардың жай-күйі. Қоғамдық бірлестік өкілдері инклюзивті сыныптарға куратор-сүйемелдеуші қажеттігін айтты. Сонымен қатар мекемелерді жылу жүйесіне қосу, балалардың параолимпиада ойындарына апаратын мамандарға жолақысын төлеу, аудандардағы ерекше балалардың мүгедектігі бар екенін дәлелдейтін құжат жасақтауға көмектесу, инватакси қызметін ұйымдастыру, грант алу, денсаулық сақтау мен коммуналдық мәселелерді ортаға салды», — делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада. Жиынға қатысқан азаматтар еркін форматтағы…
CaspianLife, 4 қазан — Каспий теңізінің Жанбай ауылы тұсындағы жағалауында батып қалған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы құтқарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 55 және 79 жастағы екі азаматтың жағдайы қалыпты екендігін және олардың Аққыстау ауылына жеткізілгендігін хабарлады. Құтқару жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен шекарашылар, жалпы саны 7 адам жұмылдырылып, 3 техника пайдаланылған. Ал әлеуметтік желілерде тараған мына бейнероликке қатысты құтқарушылар өздеріне қоңыраудың түспегендігін мәлімдеді.
CaspianLife, 4 қазан — Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өткізілуде деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. Жөндеу жұмыстары 3 қазан күні басталды. Осыған байланысты гинекология және ақылы бөлім уақытша жабық. Орталықта жүкті әйелдерді қабылдау және босандыру жалғаса береді. Ғимараттың А блогы (4 қатарлы ғимарат) жүкті әйелдерді қабылдайды. Қазіргі таңда перинаталдық орталықта 173 жүкті ана бар. Кей әйелдер Құрманғазы, Жылыой, Индер, Махамбет пен Исатай аудандарынан келген. Сондай-ақ, балалар оңалту орталығы СПИД орталығына көшірілді. «Аталмыш орталық толықтай зарарсыздандырылып, санитарлық -эпидемиологиялық бақылаудың рұқсатын алып отыр. Аталмыш орталықта қабылдау шарбағы бөлек жасақталды», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
