Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 1 қазан — Атырауда “Балықшы-Зарослый” тас жолын қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты 1 айға жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі инстаграм парақшасында хабарлады.  “Балықшы-Зарослый” тас жолының 5 көшесінен (Збан дүкені) бастап Зарослый бұрылысына дейінгі 1200 метр аралығына 2 қазан сағат 09:00-ден бастап жөндеу жұмыстары жасалады. «Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады. Туындаған уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарауларыңыз сұралады», — делінген қала әкімдігінің инстаграм парақшасында.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек — Атырау қаласның 382 жылдығына орай бірнеше мерекелік іс-шаралар өтеді. Қазанның 1-і мен 9-ы аралығында мерекелік концерттер мен көрмелер ұйымдастырылады. 1 қазан 08:00      «Сарайшық» базарында       Құрманғазы, Индер аудандарының және Атырау қаласы азық-түлік өндірушілерінің және көтерме тасымалдаушыларының жәрмеңкесі 15.00      Азаттық даңғылы, №74 алаңы       Жасөспірімдер арасында көңілді старт эстафетасы 19.00      «Жастар» саябағы      «Асқақтай бер-Атырауым!» концерттік бағдарлама 2 қазан 7.00-14.00       Қала күніне арналған жүгіру марафоны (Жүгіру жолының ұзындығы-5 км, 10 км, 21 км,42 км) 14.00      Исатай-Махамбет алаңы      «Атырау-бақытты балалар мекені» қала күніне…

Read More

CaspianLife, 1 қазан — Қала күніне орай атыраулық бүлдіршіндердің қатысуымен концерт өтті. Оған шаһардың кішкентай тұрғындары ат салысып өз өнерлерін көрсеткен болатын. Мысалы сазды ойын сауық бағдарламаның басты қатысушылары өнер мектебінің оқушылары мен би ұжымдары болды. Және бүлдіршіндер бормен сурет салу, ұлттық ойындар сайысына қатысты. Ал ата-аналар болса ауқымды шараны ұйымдастырған азаматтарға өз алғысын білдірді. «Қала күні қарасаңында балаларға осындай мереке ұйымдастырған жандарға рахмет айтамын. Ән салып, би билеп, сурет салып, бір сергіп қалды», — деп қала тұрғындарының бірі. Атырауда қала күніне орай қазанның 1-і мен 8-і аралығында көптеген мерекелік іс шара өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін алдағы уақытта…

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек — Атыраулық тұрғын журналистерден өзіне қол жұмсағанын видеоға түсіруді сұраған. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 30 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында болды. 31 жастағы азамат жергілікті тілшілерге хабарласып, көпірден секіретінін айтып, видеоға түсіруін сұраған. Журналист бірден полицияға хабарлапты. Қалалық ПБ-ның қызметкерлері көпір үстіндегі аталған азаматты көріп, патурльдік полицияға бағыттама берген. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенше азамат автобус астына түспек болды. Кейін тұрғын полиция басқармасына жеткізіліп, жедел тергеу тобына тапсырылды.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек — Исатай ауданындағы дәрігерлік амбулаторияларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп мәлімдеді аудандық аурухана басшысының уақытша міндетін атқарушы Жеңісбек Абежанов. Тұщықұдық пен Қамысқалада орналасқан медициналық мекемелерді “Иман” ЖШС жөндеуде. Жұмыстар маусым айында басталған. Қазіргі таңда 80%-ы аяқталды. Айта кетелік, Қамысқаладағы дәрігерлік амбулатория осыдан 56 жыл бұрын қолданысқа берілген еді. Көлемі 724,23 шаршы метр болатын медициналық мекемеге 4 мыңнан астам адам тіркелген. Ал, Тұщықұдықтағы дәрігерлік амбулатория 21 жыл бұрын жұмысын бастады. Онда 5 мыңнан астам тұрғын медициналық қызмет алады. «Дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Осы жылдың ІV тоқсанында халық игілігіне беру жоспарланып отыр», — дейді Жеңісбек…

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек — Атырауда ұры жүк көліктегі 20 млн теңгені қолды қылды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Таңғы сағат 07:20 шамасында 102 операторына 45 жастағы азамат «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тас жолында тұрған «DAF» маркалы ауыр жүк көлігі ішінен 20 445 000 теңге салынған сөмкесін біреулер ұрлап кеткенін хабарлады. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні тапты. Сақшылар Мақат ауданының полиция қызметкерлеріне Geely GC 7 көлігін тоқтату туралы бағыттама берген. Нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталып, полицейлер 23 жастағы азаматты қолға түсірді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Read More

CaspianLife, 30 қыркүйек — Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 548 шақырымы тұсында жол апаты болып, 1 адам қаза тапты. Оқиға 29 қыркүйек күні сағат 15:50 шамасында болды. Ford Transit автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы бағытта келе жатқан Урал және Лада автокөлігімен соқтығысты. Салдарынан Ford Transit көлігіндегі 55 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, 5 адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Атырауда кей жерлерде су беру уақытша тоқтатылады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. 30 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін су құбырының апатты бөліктерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты мына мекен-жайларда су беру уақытша тоқтатылады: Самал-2 ш.а; “Жерұйық” ТүК; “Сұңқар” ТүК; Нұрсая ш.а(Елорда даңғылы, 16-көше, 1, 3, 4, 16 даңғылдар және Күншуақ даңғылы); “КМГ Инжиниринг”; НЗМ; “Мирас” балабақшасы; “QSI”; “Ақмаржан” ТүК; “Латифа” ТүК; “Денхолм Жолдас”.

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Қызылқоғадағы Айдын және Бүйрек елді мекендеріне су құбыры тартылды деп мәлімдеді аудан әкімінің орынбасары Айдулат Кенжебеков. «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың сәуір айында құрылысы басталған су құбыры тұрғындарға қолданысқа берілді. Бүгінде аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамту көлемі 97 пайызға жеткен. «Айдын елді мекені бойынша 1,75 шақырым су құбыры  жүргізіліп, 21 тұрғын үй ауыз сумен қамтылса, Бүйрек елді мекені бойынша 1,46 шақырым  су құбыры жүргізіліп, 20 тұрғын үйге ауыз су кіргізілді», — дейді Айдулат Кенжебеков. Алдағы уақытта Кенбай және Қосқұлақ елді мекендеріне де су құбырын жүргізу жоспарланып отыр.

Read More

CaspianLife, 29 қыркүйек — Құлсарылық кәсіпкер Нұргүл Дәулетова топырақсыз шөп өсіреді. Гидропоника әдісімен мал азығын дайнындауды Нұргүл Дәулетова Алматыдан онлайн курсынан үйренген. Кәсіпкер көкөністер мен малға арналған шөпті қоректік заттардың судағы ерітіндісі арқылы өсіріп, алғашында өз жылқысын азықтандырып бастапты. Кейін өсірген шөптерін сатылымға шығарды. «Сұраныс та күн санап артып келеді. Көпшілік біле бермейтін, білсе де қолданбайтын бұл әдісті жүзеге асыру тіптен қарапайым әрі қызық. Базардан сатып алынған бидай немесе арпаның дәні алдымен жуылып, тазаланады. Одан сон арнайы поддондарға салынып, үш мезгіл суы құйылып, баппен өсіріледі. Сөйтіп ыдысқа салынған дәнді-дақыл бар жоғы бір аптаның ішінде көк шөпке айналады. Жасанды жолмен өсіп…

Read More