Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырауда жарты тоннаға жуық балық тәркіленді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының күзгі кезеңіндегі 17 күн ішінде 102 құқық бұзу дерегі тіркелді. Құқық бұзушыларды анықтауға ергілікті полиция, тергеу, криминалдық басқармаларымен және балық қорына қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімдері жұмылдырылған. «Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 97 дерек балық аулау ережесін бұзу болса, 1 дерек балық өнімдерін сату, ал қалған 4 дерек балық өнімдерін тасымалдау болып отыр», — деді Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Нұрлыбек Утениязов. Профилактикалық іс-шара барысында 358 кг балық тәркіленген. Оның ішінде 134…

Read More

CaspianLife, 27 қыркүйек — Атырауда мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталуға жақын деп мәлімдеді облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Нұралхан Көшеров. Мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады. Салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаларға тиесілі жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік бойынша салықтар жеке тұлғалардың бірыңғай салығына біріктірілді. Осыған байланысты, салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді. «Алдымен жеке тұлғаларға салық берешегі туралы хабарлама жолданады. 30 жұмыс күн ішінде хабарлама орындалмаған жағдайда борышкердің ісі салық кодексінің 128-бабына сәйкес жеке сот орындаушыларына жолданады», — деді Н.Көшеров. Айта кетейік, Атырауда жыл басынан…

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Ертең Атырау қаласы бойынша ыстық су беру тоқтатылады. «Атырау жылу желілері» АҚ күрделі жөндеу кестесіне сәйкес 2022 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында қаланың магистральдық жылу желілеріне «ГИДРАВЛИКАЛЫҚ СЫНАҚ» (қысымға сынау) жүргізіліп жатқандықтан, ыстық су беруді уақытша тоқтатылады.

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов студенттің каспий шотына 10 мың теңге лақтырып жіберді. Бұл туралы Telegram арналарының бірінде хабарланды. Асайын Байханов инстаграм әлемжелісін белсенді жүргізеді. Өзіне келген жеке хаттарға жауап беріп, атқарылған жұмыстарды хабарлап отырады. Оған қала студенттерінің бірі әкімге өзінің жеке мәселесін айтып Инстаграм парақшасына жазған еді. Әкім оның хатына көмектесетінін айтып хабарлама жазды. «Бұл жолы сізге көмектесейін. Бірақ, сіз жас болғандықтан ақша емес, жұмыс сұрауыңыз керек. Мен де ауылда өстім. Қалаға көк тиынсыз келдім. Ешкім басымнан сипамады, бірақ бұл маған керісінше жігер берді. Шаршамай, берілмей, қиындықтарға қарамастан еңбек еттім. Сондықтан, сізге ешкім жай ғана…

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Атырауда есірткілік мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Атыраулық полицейлер 23 қыркүйек күні сағат 21:45 шамасында Азаттық даңғылы бойында Ваз маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушісі есірткілік, масан күйде күдік тудырған. Аталған автокөлік жүргізушісіне медициналық сараптамадан тексеру барысында есірткілік уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны анықталды. 30 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік хаттама жасақталып, құжаттар сотқа жолданды. Ал, темір тұлпары арнаулы тұраққа жеткізілді.

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды деп хабарлайды облыстық әкімдіктің Telegram парақшасында. Аталмыш қызметке бұған дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Сүйеуова Гүлнұр Жалғасқызы тағайындалды. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің химия және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі: 08.1997 – 08.1998 жылдар аралығында Индер ауданы Есбол ауылы Жамбыл атындағы орта мектепте мұғалім; 09.1998 – 11.1999 жылдар аралығында Ақтау қаласы №17 орта мектепте мұғалім; 04.2000 – 09.2001 жылдар аралығында Индер ауданы Индербор кенті М.Әуезов атындағы орта мектепте мұғалім; 09.2001 – 12.2003…

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Моншада «покер» ойынын заңсыз ұйымдастырған атыраулықтар қолға түсті деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Ойыншылар 50 000 тенге тігу арқылы фишка алып немесе қаражаты болмаған жағдайда карта шотына ақша аудару және ойыншаларды қызықтыру үшін қарызға ойнауға мүмкіндігін берген. Бұдан басқа, жалдамалы пәтерде де «покер» ойынын ұйымдастырыру қылмыстық әрекеті әшкереленді.Сот үкімімен аталған тұлға қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына сотталды. «ҚМА көлеңкелі экономика саласы, соның ішінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырумен күрес бойынша белсенді жұмысын жалғастыратын болады», — делінген агенттіктің хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 26 қыркүйек — Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Әбуов Марат Әлменұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Марат Әбуов Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі. Еңбек өтілі: 08.1999 – 04.2004 жыл аралығында Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі; 04.2004 – 02.2005 жыл аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы; 02.2005 – 01.2008 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман; 01.2008 – 11.2011 жыл аралығында Қызылқоға аудан әкімі аппаратының…

Read More

CaspianLife, 23 қыркүйек — Атыраудағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін сағат 14.58 шамасында қонақ үйден түтін шығып жатқаны жайында шақырту келді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Өрттің ауданы шамамен  800 шаршы метр, төбе жабындысының жануы салдарынан өрт жоғарғы қабатқа жайылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Read More

CaspianLife, 22 қыркүйек — Биыл Атырауға шет елдерден келген 148 отбасы, 198 адам этникалық қазақ мәртебесін алған. Бұл туралы Шетелдік жұмыс күшін тарту және көші-қон бөлімінің басшысы Мейрамбек Алдияров мәлімдеді. Сонымен бірге, 3 қандас жергілікті жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмысқа орналасты. 2023 жылы шет елдерде табысты бизнес-кейстерді қолдана отырып, елге әкелуді мақсат еткен 100 этникалық қазаққа «Қазақ картасын» беру жоспарланып отыр. «Өзге елден оралған қандасымыз Қазақстанда өз бизнесін ашу және жылжымайтын және басқа да мүлікке иелік ету, қаржылық операцияларды жүргізу секілді мүмкіндіктерге ие болады. Елге оралуға ниет білдірген этникалық қазақтар үшін еліміздің барлық өңірінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі», — деді…

Read More