Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырауда тағы да қамыс өртеніп, қаланы түтін жайлады. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 20 қыркүйек күні сағат 08:57 шамасында Атырау қаласы, Кенозек а/о, Тасқала ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта қамыс жануда. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Жану көлемі анықталуда. Қамыс жануын сөндіруге Атырау облысы ТЖД күштері мен құралдар (25 қызметкер мен 6 техника) жұмылдырылды.

Read More

CaspianLife, 20 қыркүйек — Атырауда «Балауса» ықшам ауданында ит қабу фактісінен кейін қаңғыбас иттерді аулай бастады. Бұл туралы қала әкімідігінің инстаграм парақшасында хабарланды. «Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» КМК-сі 43 жастағы ер адамға шабуыл жасаған итті ұстап, 10 күнге карантинге оқшаулады. Зардап шеккен қала тұрғыны қазір облыстық ауруханада ем қабылдауда, жағдайы бірқалыпты. Ал, қабаған ит иесіне акт толтырылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Иттерді аулау қызметі “Балауса” ықшам ауданында 16-18 қыркүйек аралығында үш күнде 13 қаңғыбас итті аулаған. Сондай-ақ, қала әкімдігі ит иелеріне ескерту жасады. «Құрметті қала тұрғындары! Ит асыраған жағдайда, иттің өзге тұрғындарға зиян тигізбеуін қадағалап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз!», -…

Read More

CaspianLife, 20 қыркүйек — Атыраулық 4 баласы бар ана әлем чемпионатына қатысады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Рахия Молдашева қол күресінен 3 дүркін әлем чемпионы атанған. Ол биыл мамыр айында Азия біріншілігіне қатысып, жүзден жүйрік шықты. Енді ол 27 қыркүйек — 5 қазан аралығында Түркияда өтетін кезекті әлем чемпионатына дайындалуда. «Бүгінде армрестлинг деп атауын өзгерткенімен қол күресі қазаққа жат емес. Республикалық сайыстан жүлдемен оралғаннан кейін облыстық құрама сапына қабылданып, кәсіби бапкер Сергей Передистыймен жаттықтым. Үлкен додаларда қарсыластар да осал болмайды. Дегенмен қазақ спортшыларының қанында бар қайсарлықты, рухты ешбір елдің кәсібилігімен салыстыруға болмайтынын әлем чемпионатына барғанда түсіндім», — деді Молдашева. Рахиядан…

Read More

CaspianLife, 20 қыркүйек — Қазақстанда алаяқтар ақша ұрлаудың жаңа тәсіліне көшті. Енді олар тұрғындарға банктің мобильді қосымшалары арқылы мүлік және көлік салығын төлеу қажеттігін ескертіп, жалған хабарламалар тарата бастады. Хабарлама негізінде хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы, салық төлеушінің жеке кабинетіне электрондық тәсілмен, мобильдік қосымша арқылы электрондық тәсілмен жіберіледі. Мұндай алаяқтардың әрекетін шынайы банк хабарламасынан қалай ажыратамыз? — хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»; — мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек, мүлік салығы — жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері…

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Атырауда қару сақтау тәртібін бұзған 84 тұлға анықталды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1 тегіс ұңғылы және 1 шолақ қару, 1 электрошокер, 1 қолдан жасалған қару анықталды. Сондай-ақ, 1 қылмыстық іс тіркелді. Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 1304 азаматтық атыс қарулар иелерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріс ұйымдастырылып, азаматтық атыс қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін – 84 және азаматтық атыс қаруды тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізбегені үшін – 17 қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Соңғы кездері қала тұрғындарының арасында «краннан ағатын судан дуст иісі шығады» деген ақпарат тарады. Және әлеуметтік желілерде суды тазалау кезінде химиялық қоспалардың шамадан тыс қолданылатындығы айтылуда. Бірақ «Атырау облысы Су арнасы» мекемесі бұл ақпаратты жоққа шығарды. «Тазалау жұмыстары бұрынғы режимде жүріп жатыр. Соңғы кездері Жайық өзенінен алынатын судың сапасының нашарлауына байланысты тазарту барысында реагент көбірек пайдаланылатын болды. Бірақ, көлемі рұқсат етілген нормадан асқан жоқ. Зертханада судың сапасы сағат сайын тексеріледі. Дезинфекциялық реагенттерді нормадан асыру дерегі тіркелген жоқ», — «Атырау облысы Су арнасы» КМК баспасөз хатшысы Александр Пастухов.

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Атыраулық 13 жасар қыз әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова. Зарина Нұрғалиева шахматтан Румынияда өткен әлем біріншілігінде жүзден жүйрік шықты. Аталмыш чемпионатқа 72 елден келген 96 спортшы қатысты. Зарина шахматтың «классика» түрінен алтын медальға ие болды. Ол АҚШ, Канада және Ресей елінің ойыншыларымен тең ойнаса, Үндістан, АҚШ, Польша, Украина, Әзірбайжан, Латвия және Ресей елінің шахматшыларын жеңіп, 11 кезеңде 9 ұпай жинады. Жас спортшы бұған дейін 12 жасқа дейінгілер арасында алтын жүлдеге ие болып, шахматтан Атыраудан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы атанған болатын.

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Атырауда белгісіз ер адам көпірден секіріп кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 02:00 шамасында болған. Жергілікті полицейлер Жайыққа секірген ер адамды көріп бірден көмекке жүгірген. Тәртіп сақшыларының бірі құтқару жилетін киіп, батып бара жатқан азаматқа қарай жүзді. Оның әріптесі ер адамды жағаға шығаруға көмектесті. Полицейлер есінен танып қалған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Атыраулық ардагерлер республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды деп мәлімдеді Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова. Батыс Қазақстанда 16-18 қыркүйек аралығында өткен республикалық додаға еліміздің барлық облысынан жасы елуден асқан 400-ден астам спортшы қатысты. Атырау облысының намысын қорғауға 31 спортшы аттанды. Спартакиаданың нәтижесі бойынша атыраулықтар үстел теннисінен жүзден жүйрік шықса, қазақ күресінен 4-нші орынға жайғасты. Волейболдан 6-ншы орын алса, шахматтан 7-нші орынға тұрақтады. Ал, жалпы командалық есепте облыс спортшыалыр екінші орынға көтерілді.

Read More

CaspianLife, 19 қыркүйек — Әлеуметтік желіде итке таланған ер адамның видеосы таралды. Видео авторы оқиғаның Балауса ықшам ауданында болғанын және қапқан иттің алабай тұқымдасы екенін айтады. Полиция департаменті иттің иесі зардап шеккен азаматтың үйіне жақын жерде тұратынын анықтады. Оған үй жануарын көшеге жіберу ережесін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің дерегінше, зардап шеккен 43 жастағы ер адам жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы тұрақты дейді мамандар.

Read More