Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 қыркүйек — Атырауда қаланы жайлаған түтіннің иісі қайдан шыққаны белгілі болды. 17 қыркүйек күні сағат 19:45 шамасында Кеңөзек ауылдық округіндегі Алғабас ауылынан Каспий теңізіне қарай 40 шақырым қашықтықта ауданы шамамен 16 га болатын қамыс жануда. Жердің батпақты және техникалар баралмауына байланысты жануды сөндіруге мүмкіндік жоқ. Желдің бағыты оңтүстіктен 4 м/с Атырау қаласына қарай болғандықтан Атырау қаласында түтіннің иісі сезілуде. Елді-мекендерге қауіп төніп жоқ. Зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Венгриялық инвесторлар Атырауда қуаттылығы 100 МВт болатын күн паркін салуды ұсынды. Бұл ұсынысты шетелдік кәсіпкер, венгриялық Globalia компаниясының директоры Габора Шаги облыс әкімі Серік Шәпкеновпен кездесу кезінде айтты. Инвестордың айтуынша, бұл жоба Атырауды экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Қаланы электр энергиясымен үздіксіз жабдықтаудың бір жолы – сутегі генераторы. Оны өндіруге қажетті энергияны күн саябақтары немесе жел электр станциялары арқылы алуға болады. Электролиз кезінде алынған сутегі газын шағын электр құрылғыларына, автобустарға, автомобильдерге және тіпті үлкен электр қондырғыларына қуат беру үшін пайдалана аламыз. Сонымен қатар сутегі генераторы жанар-жағармай генераторларына қарағанда ұзақ жұмыс істейді», — дейді компания…

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырауда азық-түліктің бағасына шағымдануға арналған call-орталық жұмысын бастады Өңірлік коммуникациялар қызметі. Мұндай call-орталықтар еліміздің барлық өңірінде бар. Олар үй жанындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қымбатшылығын бақылау үшін құрылған. Қоңырау алдымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Атырау облыстық дапартаментіне түседі. Ал call-орталықтың кеңесшілері әрі қарай қандай қадам жасайтынын айтып, кеңес береді. Бірақ кәсіпкерлер немесе тұрғындар шағымданған жағдайда сауда орнының атауы мен мекенжайын нақты білуі, алған тауардың суреті және түбіртегі міндетті түрде өзінде болуы керек. Бұл бағаны негізсіз көтерудің жолын кесетін бірден-бір әдіс болмақ. Хабарламалар дүйсенбі…

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырау облысында индерлік азамат 30 жылдай ескі төлқұжатпен жүрген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Индер ауданының 58 жастағы тұрғыны 1993 жылы алған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі төлқұжатын жаңартпаған. Сол себепті азамат Индер ауданы көші-қон қызмет тобының қызметкерлеріне келіп, жеке куәлігін жаңарту жөнінде өтініш жасаған. Мамандар құжатты дайындап, иесіне тапсырғаннан кейін индерлік тұрғын полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының мамандарына алғысын білдірді. Ол құжатты уақытында жаңартпауына отбасылық мәселелер себеп болғанын жеткізді.

Read More

CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырауда бір күнде тұрмыстық жанжалға байланысты 30-ға жуық шақырту түсті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 102 пультіне келген қоңыраудың 20-сы түнгі уақытта түскен. Хабарласқандардың көбі тәртіп сақшысын жанжалды тынышталдыруға ғана шақыратын көрінеді. Статистика бойынша, мұндай жағдайлардың 80%-да әйелдер абьюзер күйеулеріне кешірім береді. Жыл басынан бері Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 26 әйел мен 52 бала дағдарыс орталығына орналастырылды. Қалалық полиция басқармасының өкілдері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда 102 немесе 98-35-32 Сенім телефонына хабарласу қажеттігін ескертеді. Кезекші бөлім: 102, 98-12-05 Сенім телефоны: 98-35-32 Ұялы:8 702 235 19 98

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек – Атыраудағы орталық көпірді жөндеуден өткізу үшін 3 рет тендер жарияланғанымен, оған ешқандай мердігер мекеме қатысқан жоқ дейді қала әкімі Мейірім Қалауи. Шаһар басшысы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында орталық көпірдің жөндеу жұмыстарына байланысты жабылатыны туралы хабарламаның жалған екенін айтты. Оның сөзінше, жөндеу жұмыстарымен айналысатын мердігер мекемені анықтауда қиындықтар бар. «Жалпы көпірді жөндейтін, салатын Қазақстанда мекемелер саусақпен санарлық. Оларға ұсыныс бойынша хабарласып, не үшін байқауға қатыспағандарын сұрадық», — дейді қала әкімі. Тиісінше, мердігер компаниялар берілген жобада кейбір техникалық мәселелер көрсетілмегенін және белгіленген қаражаттың аз екенін айтқан. Сондықтан, әкімдік жобаны өзгертетін болады. Алайда, жобаны қайта жасақтамас бұрын көпір астындағы…

Read More

CaspianLife, 15 — қыркүйек — Атырауда жедел-профилактикалық іс-шара кезінде қолдан жасалған қару тәркіленді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. 14 қыркүйектен басталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы заңсыз сақтаудағы қаруды, оқ-дәрілерді тәркілеуге, оларды сатып алу көздері мен заңсыз жеткізу арналарын анықтау, қару иелерінің қаруды сақтауы, тіркеу және қайта тіркелуін тексеру үшін өткізіледі. Аталған іс-шараның алғашқы күнінде қолдан жасалған 1 дана атыс қаруы тәркіленді. Сондай ақ, Ішкі істер органдарының есебінде тұрған 4540 азаматтық атыс қарулар иелерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеріс ұйымдастырылып, азаматтық атыс қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін — 16 және азаматтық атыс қаруды тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізбегені үшін — 3 қару…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырауда апатты жағдайда тұрған көпқабатты жатақхананың тұрғындары үйлерін сүруді талап етуде. Олардың айтуынша, 90 жылдары салынған бұл ғимаратта тұру мүмкін емес: бірнеше отбасы бір асүйде тамақ пісіріп, бір бөлмеде жуынуға мәжбүр. Түрлі жәндік те қаптап кеткен. Алғашында медицина қызметкерлеріне арналып салынған жатақханада қазір көпбалалы, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі жандар тұрады. Ғимарат 2019 жылы апатты деп танылған соң әкімдік «мұндағы адамдарды жаңа үйлерге көшіреміз» депті. Енді ойларынан айнып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбек. Бұған тұрғындар қарсы. Үйдің жағдайын көзімен көріп, халықтың шағымын өз құлағымен тыңдамаққа аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаев келді. Ол жатақхананы қайтадан техникалық тексерістен өткізгеннен кейін…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырау облысы Индер ауданындағы кәсіпорнында жоғары сапалы ас тұзы өндіріле бастады деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. «INDERTUZCOMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 10 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Ас тұзы стандартты әдіспен өңделеді. Сапасы өте жоғары, кристалдылығы 99,5 пайызды құрайды. Йодталған ас тұзы Қазақстанның түпкір-түпкіріне жеткізіледі. Табиғи минералдың адам денсаулығы үшін, нақтырақ айтсақ, жүрек, қан айналымы үшін маңызы зор. Зауыттың техникалық директоры Димат Туғанбайдың айтуынша, айына 2000 тонна ас тұзын өндіру жоспарланған. Қазіргі таңда өнімнің құжаттары дайындалуда. Кәсіпорын сағатына 20 тонна тұз өңдеуге қауқарлы. Қазірдің өзінде Ресей елінен тапсырыстар түсіп жатыр. Жарты жылдықта жоспар бойынша тағы 60 адамды…

Read More

CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырауда ауданы шамамен 4 гектар қамыс өртенді деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.  Оқиға 14 қыркүйек күні кешкі сағат 20:40 шамасында Кеңөзек ауылдық округініен 15 шақырым жерде болды. Өртті сөндіруге департаменттің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, сондай-ақ, Ақжайық резерват (3 қызметкер, 1 бірлік техника Нива). Ш/Қ (3 қызметкер, 3 бірлік техника Трактор) жұмылдырылды. Қазір жағдай тұрақты. 15 қыркүйекте Атырау облысы ТЖД 2 қызметкер 1 бірлік техника, Ақжайық резерват 15 адам мен 3 бірлік техника жану орнында кезекшілікте.

Read More