CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырауда өзбекстандық азамат заңсыз оқ-дәрі сақтаған деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылар жүргіхген жедел іздестіру іс-шарасы барысында оқ-дәріні заңсыз сақтаған өзбекстандық қолға түсті. 36 жастағы тұрғынды тексеру кезінде жауынгерлік патрондар табылып, тәркіленді. Одан бөлек, азаматтың деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырауда бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтті. Мұнда 34 ірі мекеме 900 ден астам жұмыс орнын ұсынып отыр. Олардың басым көпшілігі мұнай компаниялары. Алайда, халықтың бәрі бірдей бұл салада жұмыс жасамайтыны белгілі. Сондықтан, кей тұрғындар іздеген мамандықтарын таба алмай кетті. Мұнай компанияларынан бөлек рекрутингпен айналысатын мекемелер де болды. Ұсынылған мамандықтардың дені инженерлік-техникалық бағытта. Жұмыспен қамту орталығының өкілдері мұнда келгеннің барлығын бірдей жұмысқа орналастыру мүмкін емес дейді. Дегенмен, еңбек биржасы мен орталыққа келгендерге мамандар бос вакансияны ұсынатын болады. Сондай-ақ, биылдан бастап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі онлайн форматта да өткізілмек. Аймақтың экономикалық белсенді халқын көбейту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға…
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырауда жұмыртқа бір адамға тек 10 данадан сатылуда. Сауда желісіндегілер мұны алыпсатарлықты болдырмау үшін жасалған іс шара дейді. «Аталған супермаркет желілерінің әкімшілігімен ортада делдалдық схеманы немесе жасанды баға өсімін алдын алу мақсатында күнделікті сауда сөрелеріне шығарылатын жұмыртқа өнімінің көлемін азайтып, бір тұтынушыға 10 дана жұмыртқадан ұсынылуда», — дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім басшысы Нұрдәулет Жұмасейітов. Ал базарларда тапшылық жоқ. Дегенмен бағаларында айырмашылық бар. Мысалы супермаркеттерде жұмыртқаның бір данасы 35-36, ал базарлар мен дүкендерде 47-48 теңгеден тұр. Жергілікті атқарушы орган өкілдері шектеудің дәл осы жағдайға байланысты қойылып отырғанын айтады. Шенеуніктердің сөзінше, өңірде жұмыртқадан тапшылық жоқ.…
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырауда заңсыз балық аулап, тасымалдау және сатумен айналысқандарға 3,5 млн-нан астам айыппұл салынды деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев. Өңірде «Бекіре-2022» көктемгі іс-шарасы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өткізілді. Рейд кезінде 247 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 225 заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзу, 6 балық өнімдерін заңсыз сатып алу, 16 балық өнімдерін заңсыз тасымалдау және әкету дерегі тіркелді. Заң бұзушылардан 1893 келі балық, оның ішінде 525 келі бекіре тұқымдас балық, 218 әртүрлі балық аулау және екі су көлік құралы тәркіленді. Сонымен қатар ішкі істер органымен 3 млн 540 мың 795…
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырауда 15 қыркүйектен бастап аң аулау маусымы басталады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аң аулау маусымы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Жалпы, аумақтық инспекцияның мәліметінше, үйрек, қаз, куропатка құстарын аулауға 15 қыркүйектен 15 желтоқсанға дейін, қабан аулауға 5 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, қоян, қарсақ аулаудың қысқы маусымы 1 қарашадан 15 ақпанға дейін жолдама алуға рұқсат етілген. Ал қасқыр аулауға 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін рұқсат етілген. Қазір өңірде сүтқоректілердің 21 түрі және құстардың 114 түрі мекендейді. Қабан, қасқыр, қоян, түлкі, қарсақ, үйрек, қаз, куропатка аулауда аңшылық жолдамада көрсетілген жануарлардың санына ғана рұқсат беріледі. «Аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін…
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облысы Индер ауданының жаңа әкімі тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Дарын Шамұратов Индер ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек өтілі: 02.2009-05.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы 05.2009-12.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы 12.2009-09.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы 09.2012-25.10.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі 10.2012-08.2017 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы 08.2017-04.2021 аралығында –…
CaspianLife, 14 қыркүйек — Атырау облысы Махамбет ауданының жаңа әкімі тағайындалды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Махамбет ауданын бүгіннен бастап Қайрат Нұрлыбаев басқарады. Ол Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Нұрлыбаев бүгінге дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Еңбек өтілі: 06.1990-08.1990 аралығында – құрылыс цехының жұмысшысы, «Гурьев» асыл тұқымды қаракөл өсіру зауыты, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы 08.1995-08.1996 аралығында – аға референт, Қобда аудандық мәслихаты 09.1996-04.1997 аралығында – орталық жылытқыш қазандардың жөндеуші-технигі, «Мұқыр» акционерлік қоғамы, Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылы 02.1999-04.2003 аралығында – Қызылқоға ауданының Мұқыр…
CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырауда 18 жастағы азамат бір уақытта үш рет жол ережесін бұзды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары 13 қыркүйек күні сағат таңғы 05:42 шамасында бейнекамера арқылы Әбілхайырхан көшесі бойында Volkswagen Polo маркалы автокөлік жүргізушісінің көлік құралын мемелекеттік тіркеу белгісі жоқ күйде бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, Құрманғазы көшесінде қарсы бағытына шыққанын байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген. Көлікті тоқтатып, жүргізушіні тексеру кезінде 18 жастағы азаматтың көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар жинақталды.
CaspianLife, 13 қыркүйек — Атыраулық спортшылар каратэ шотоканнан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталмыш дода 9-11 қыркүйек аралығында Чехияның Пардубице қаласында өтті. Жарысқа 32 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Ал, еліміздің намысын қорғауға 30 каратэші аттанды. Атыраудан барған 7 спортшы ел қоржынына 7 медаль салды. Атап айтсақ, 8 келі салмақ дәрежесінде Алина Сұлтанова, 60 келіде Нұрбек Кенжебай, 61 келі салмақта Файзолла Батырғали, 70 келіде Дамир Нұрбек чемпион атанды. Ал 52 келі салмақ дәрежесінде Ілиясин Ғизатолла күміс жүлдеге ие болса, 54 келі салмақ дәрежесінде Гүлайым Қайрат, 68 келіде Бекнұр Мұратов қола медальды місе тұтты.
CaspianLife, 13 қыркүйек — Атырауда автомобиль мен жүк көлігі соқтығысып, жүк көлігі аударылып қалды деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы. Бүгін сағат 18:20 шамасында Балауса мөлтек ауданында жүк көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолмен келе жатқан маркасы Toyota Ipsum көлік құралына жол бермей соқтығысқан. Соққы екпінімен жүк көлігі аударылып, сол жерде орналасқан үй қоршауына соғылған. Соққы салдарынан Toyota көлігінің екі жолаушысы мен жүргізушісі жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
