CaspianLife, 9 қыркүйек — Индерліктер қостанағай көмек жіберді деп хабарлайды Caspian News телеарнасы. Өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға көмек ретінде 4 тонна жүк тиелген көлік жолға шықты. Оның ішінде азық-түлік те, киім-кешек те бар. Одан бөлек, «Дендер» газетінің қызметкерлері арнайы есепшотқа бір күндік жалақыларын аударды.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 9 қыркүйек — Атыраулық тәртіп сақшылары іздеуде жүрген тұрғынды психотропты дәрі тасымадап жүрген қолға түсірді деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Молдағалиев көшесінің тұсында өтіп бара жатқан Nissan маркалы автокөлігі күдік тудырған соң, полицейлер тоқтатып, тінту жүргізді. Тексеру кезінде 52 дана трамадол, 67-тропикамид психотроптық дәрілерін табылды. Дәрігердің рұқсатымен берілетін дәріні заңсыз тасымалдағын үшін 31 жастағы текі тұлғаға қатысты іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Кейін бұл тұлғалардың бұрын іздеуде тұрғандары анықталды.
CaspianLife, 9 қыркүйек — II дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1073 атыраулық тұрғын жылына бір рет 150 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек алатын болады деп мәлімдеді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Құралай Тілеумағамбетова. Олар бұған дейін жылына 100 мың теңге алып келген. Сондай-ақ, олардың коммуналдық қызметтерін өтеу үшін ай сайын төленетін жәрдемақы мөлшері 35 мың теңгеге дейін өсті. Бұған дейін жәрдемақы 15 мың теңге болған еді. Атырауда ІІ дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1073 адамнан тұратын бес топ бар. Олар: Ауған соғысына қатысқан 451, Тәжік-Ауған аумағындағы соғысқа қатысқан 324, Ирактағы халықаралық бітімшілік операцияларына қатысушы 3, Таулы-Қарабахтағы эносаралық…
CaspianLife, 9 қыркүйек — Атырауда 20 жеңіл жүрісті жезөкшелер интимдік қызмет көрсетіп келген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Полицейлер қала аумағындағы Авангард ықшам ауданындағы тұрғын үйлердің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды тапты. Ол жерде интимдік массаж түрімен айналысатын 4 қызметкер және олардың әкімшісі, сондай-ақ, 20 жеңіл жүрісті жезөкшелікпен айналысатын әйел адамдар есепке алынды. Притон анықталған пәтер иелеріне қатысты іс қозғау мәселесі шешілуде және 6 тұлғаға хаттама толтырылды. Айта кетейік, аталмыш құқықбұзушылық 7-9 қыркүйек аралығында тәртіп сақшылары жүргізген «STOP-Трафик» профилактикалық іс-шара барысында анықталды.
CaspianLife, 8 қыркүйек — Биыл ҰБТ-да жауап нұсқаларының саны азаяды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді. Енді оқу сауаттылығында тек 3 мәтін және әр мәтін бойынша 5 сұрақтан беріледі. Бұған дейін 60-100 сөзге дейін қамтитын 3 және 450 сөзден тұратын 1 мәтін бойынша сұрақтар берілген болатын. Ал, Қазақстан тарихында енді 20 сұрақ болады. Оның 10 сұрағы мәнмәтін бойынша, яғни, берілген, карта, сурет немесе тарихи мәтінге байланысты қойылса, қалған 10-ы дәстүрлі сұрақ болады. Сондай-ақ, орталық директоры қыркүйек айында «100 тарихи дата» жарияланатынын айтты. «Кейде тарихи оқиғалар әр түрлі датамен беріледі. Бұл оқулықтың кінәсі емес. Енді ҰБТ-да кездесетін даталық…
CaspianLife, 8 қыркүйек — Атырауда жоспарлы жөндеуге байланысты бірнеше күнге ыстық су беру тоқтатылады деп хабарлайды «Атырау жылу желілері» АҚ-ның баспасөз қызметі. 12-23 қыркүйек аралығында магистральдық жылу желілері толық өшіріледі. 27-29 қыркүйек аралығында магистарльдық жылу желілеріне сынақ жүргізіледі. «Атырау жылу желілері» АҚ уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
CaspianLife, 7 қыркүйек — М.Әуезов көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстары осы аптада аяқталады. «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы соңғы аялдамадан бастап Құрманғазы атындағы мәдениет үйіне дейінгі аралықтағы тас жол осы аптада пайдалануға берілмек. Жолды салып жатқан «Атырауинжстрой» ЖШС қызметкерлерінің сөзінше ұзындығы небары 300 метр учаскенің 100 метрі пайдалануға беріледі. Тас жолды жаңғырту жұмыстары маусым айында басталған еді. Ал пайдалануға берілетін мерзім ретінде қараша айы көрсетілген. Бірақ, құрылысшылар осы маңдағы көлік кептелісін, тұрғындардың өтінішін ескеріп, уақытынан бұрын аяқтауға тырысып жатырмыз дейді. «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданындағы бір-біріне қарсы орналасқан екі аялдаманың да жаңартылатынын айта кетейік.
CaspianLife, 7 қыркүйек — Ирландиялық реттеушілер екі жылдық тергеуден кейін META компаниясына тиеслі Instagram әлеуметтік желісіне балалардың жеке ақпараттарды жариялағаны үшін 405 млн еуро көлемінде айыппұл салды деп хабарлайды The Guardian басылымы. Ирландиялық Ақпараттарды қорғау комиссиясының дерегінше, аталмыш желі 13 пен 17 жас аралығындағы балаларға бизнес парақша ашуға рұқсат берген. Ал, сәйкесінше мұндай парақшалардың иелері телефон нөмірі мен электронды почтасын ашық көрсетуі тиіс. Одан бөлек, кәмелет жасқа толмағандар желіге тіркелгенде олардың парақшалары барлығына қолжетімді болған. Ирландия салған айыппұл META компаниясы үшін ең қомақты айыппұлдардың бірі. Оған бұған дейін 225 млн еуро көлемінде, кейін наурыз айында 17 млн еуро айыппұл салынған…
CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырауда егде жастағы әйел 5 қабаттан секірмек болды деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. Бүгін ТЖ қызметкерлеріне сағат 16:29 шамасында анасы есікті құлыптап алғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар әйелдің есікті іштен құлыптап алып, 5 қабаттан секірмек болғандығын анықтады. Қызметкерлер есікті бұзып ашу арқылы оны құтқарып қалды. Кейін 55 жастағы әйелдің психоневрологиялық тіркеуде тұрғандығы анықталып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырауда ер адам әйелінің үстінен балағаттады деп шағымданған. Бұл туралы облыстық ПД-нің өкілі Райса Айтжанова мәлімдеді. Оның айтуынша мұндай жағдай бірнеше рет тіркелген. Мәселен, атыраулық ер адам азаматтық некедегі әйелінің үстіне «ар-намысыма тиетін ауыр сөз айтты» деп арыз жазған. Бірақ, кейін ерлі-зайыпты татуласқан көрінеді. Сондай-ақ, биыл 8 ай ішінде Атырауда отбасылық зорлық-зомбылық бойынша 1529 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал былтыр бұл көрсеткіш 1629-ға жеткен еді. ПД-нің өкілі отбасылық жанжалға байланысты шағым түскен жағдайда қысым көрсетушіге 1 ай мерзімге қорғау нұсқамасы берілетінін айтады. Ол бойынша қысым көрсетуші осы уақыт аралығында жанжал шығармауы қажет. Биыл 1852 тұлғаға осындай…
