Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 13 қыркүйек — Қызылқоға ауданындағы 42 шағын кәсіп өкілдері жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар аясында 464,56 млн теңгеге несие алды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Оның ішінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Атырау филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 7 шаруа қожалығына 126,03 миллион теңге, «Бастау-Қызылқоға НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 5 шаруа қожалығына 72,38 миллион теңге, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20,3 миллион теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалы арқылы 9 шаруа қожалығына 111,36 миллион теңге несие беріліп отыр. Одан бөлек, мал басын асылдандыру бойынша Қызылқоғаның 49 шаруа қожалығына 56 млн 675 мың теңгесі субсидияланған 34 бас асыл тұқымды бұқа,…

Read More

CaspianLife, 13 қыркүйек — Атыраулықтардың 80 мыңнан астамы әлеуметтік медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған. Олардың 55,6 пайызы мүлдем жарна төлемепті. Заң бойынша МӘМС жарнасын қызметкері үшін жұмыс беруші төлеуі қажет. Дегенмен, еңбек етіп жүрсе де қорға жарнасы аударылмағандар баршылық. Оған кейбір азаматтардың келісім-шартсыз жұмыс жасауы себеп. «Кей жағдайларда жұмыс берушілер қызметкерлер үшін МӘМС уақытында төлемейді. Ал, жұмысшылар бұл туралы ауруханаға келгенде бір-ақ біледі. Мұндай кезде жергілікті кіріс департаментімен бірге қызмет атқарып, жұмыс берушілерге айыппұл саламыз», — дейді Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиал басшысы Байтолла Ғазизов. Одан бөлек, жуықта әдеттегідей емханаға тіркелу науқаны басталады. 15 қыркүйек пен 15 қараша…

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Атырауда діни тұрғыда құқық бұзғандарға 1 млн-нан астам теңге айыппұл салынды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Атыраулық полицейлер діни тұрғыдағы 43 құқық бұзушылық фактісін анықтады. Құқық бұзғандарға хаттама толтырылып, іс-құжат мамандандырылған сотына жолданды. Оларға қатысты сот шешімімен барлығы 1 млн-нан астам теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Атырауда психотроптық препараттарды заңсыз сатумен айналысқан 6 тұлға анықталды. 4 күнге созылған «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласында орналасқан мұнай бұрғылаумен айналысатын компанияның прекурсорларды сақтайтын қоймасының техникалық нығайтылуы заңды талаптарға сәйкес келмейтіні анықталып, барлығы 9 884 тонна тұз қышқылы тәркіленді. Соған сәйкес, іс құжаттар жинақталып процессуалдық шешім қабылдануда. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін дәріхана мен ЖШС ұйымдарына арнайы іс құжаттар жинақталды. Атырау қаласында жүйкеге күшті әсер ететін, ашық сатуға тыйым салынған «трамадол» және «тропикамед» психотроптық препараттарын заңсыз сатып жүрген 6 тұлға анықталып ұсталып, хаттамалар толтырылды. Барлығы 264 трамадол, 183 тропикамед дәрілік препараттары тәркіленді.

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Атырауда Мәлік Сүлейменов атындағы ІV республикалық турнир өз мәресіне жетті. Төртінші рет ұйымдастырылған жарысқа еліміздің 7 облысынан 100-ге жуық балуан қатысты. Турнир нәтижесі бойынша 55 келіде атыраулық Жәнібек Телман жеңімпаз атанды. Қарағандылық Бердібек Үмбетхан күмісті қанжығасына байласа, Бекет Жүніс қоланы қанағат тұтты. Орта салмақта Шымкент балуаны Жұмахан Қожымбеков алтыннан алқа тақты. Қарағандылық Дидар Нықыш екінші орынды иеленсе, атыраулық Қожа Ахмет Хамит үздік үштікті түйіндеді. Ал, 100 келі салмақта атыраулық Сұңғат Закарияев үздік шықса, қарағандылық Оңғар Уатхан күміс медальды иеленді. Маңғыстаулық спортшы Айдос Хақназаров қола жүлдені місе тұтты.

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы 5 жыл үздіксіз қызмет еткен ұстаздар қатыса алады. Биыл конкурстың барлық кезеңдері толығымен цифрландырылған. «Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Биыл байқауға қатысатын әрбір педагог сауалнаманы толтырғаннан кейін конкурстың одан арғы динамикасын бақылай алады, мысалы, қатысушылар қай кезеңде тұр, оларға сарапшылар қандай ұпай қойды», — деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Гүлмира Кәрімова Құжаттарды қабылдау 12 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке…

Read More

CaspianLife, 12 қыркүйек — 2023 жылы президент тапсырмасымен жаңа Салық кодексі әзірленеді. Бұл ретте Ұлттық экономика министрлігі қандай өзгерістер болатынын мәлімдеді. «Бұл құжат салықтық әкімшілендіру блогын, оның ішінде салықтық бақылауды цифрландыруды жаңартады», — деді министрлік. Ұлттық экономика министрлігі салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканың әртүрлі салаларында сараланған мөлшерлемелерге көшуді қамтамасыз етуді қалайды. Сондай-ақ, технологиялық жаңғырту мен ғылыми дамуға бағытталған пайданы корпоративтік табыс салығын төмендету немесе одан босату тетігін енгізу мәселесі талқыланады. «Баж салығын төлеуден жалтару тәуекелдерін барынша азайту мақсатында арнайы салық режимдері жеңілдетіледі», — деді министрлік. Сонымен қатар, барабар мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдану аясын кеңейту қарастырылады…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз — Атыраудағы наубайханаларға 4 005 тонна ұн сатылып, 606, 5 тонна қорда қалды. Өңірде бірінші сұрыпты ұн одан дайындалатын нан бағасына тұрақтандыру үшні ұн тарту кәсіпорнымен келісім шарт жасалды деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметі.  Атырауда бағаны тұрақтандыру үшін қайтарымды қарыздар берілді. Осы қарыздарды алған кәсіпкерлер 2 жыл ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын тұрақты ұстап тұруы тиіс. Бүгінде өңірдің тұрақтандыру қоры арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 18 атауы шекті және шекті рұқсат етілген бөлшек саудадан аспайтын, сондай-ақ нарықтық бағадан орташа алғанда 21%-ға төмен бағамен сатылып жатыр. «Тұрақтандыру қорына 3 041,4 тонна азық-түлік тауарлары, оның ішінде…

Read More

CaspianLife, 5 тамыз – Атырауда Береке ауылындағы 5-нші су тазалау стансасы қайта жаңғытудан өткеннен кейін қаладағы су мәселесі толықтай шешіледі дейді Мейірім Қалауи. Шаһар басшысы жергілікті телеарнаға берген сұхбатында қаладағы су беру мәселесін сөз етті. Ол суды тазалау мен пайдалануда жетіспеушілік бар екенін айтады. Қала су беру жазда 120 мың текше метр болса, қыста 80 мың текше метрге дейін төмендеп кетеді. Осы мәселені шешу үшін Береке ауылында орналасқан 5-нші су тазалау стансасын қайта жаңғыртудан өткізбек. Бұл жұмыспен «БатысАльянсСтрой» ЖШС айналысатын болады. Қала әкімі алғашқы қаражаттың бөлінгенін айтады. Келер жылы су тазалау стансасы қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Бұл мекеме қалаға қосымша…

Read More

CaspianLife, 9 қыркүйек — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова бүгінгі сот отырысында сөйлеген сөзінде өзіне жала жабылып отырғанын айтты. Оған сенсек, Абай ескерткішінің орнатылуына, қаржылық жағына ешқандай қатысы жоқ. Ал, облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев әкелген ақшаның пара екенін білмеген көрінеді. Хаменованың айтуынша, «Алтын Орда» конференциясын өткізуге қаражат жетпегендіктен, ол демеушілердің және қарызға алынған қаражатқа ұйымдастырылған. Сондықтан, Ақылбек Рысқалиев әкелген ақшаны «демеушілердің қаражаты» деп түсінген.

Read More