Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 7 қыркүйек — Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелердің үшеуі де ұл, екеуінің салмағы 1 келі 800 грамм, ал үшіншісі 2 келі 200 грамм. Ананың да, сәбилердің де жағдайы жақсы. Қазіргі таңда аурухана дәрігерлердің бақылауында. Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Атырауда биыл 114 егіз өмірге келсе, 2021 жылы 109 егіз дүние есігін ашты. Ал, үшем тіркелген емес.

Read More

CaspianLife, 7 тамыз — ІІМ-нің қызметкерлері трансұлттық қылмыстық топтың 11 мүшесін қолға түсірді деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Бас прокуратураның көмегімен бір-біріне қарсы тұрған екі трансұлттық қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олар өз ұлтының кәсіпкерлеріне заңсыз алым салып, олардың арасында қылмыстық идеялар мен ұры дәстүрін таратуға әрекеттенген. Алматы, Атырау, Петропавл, Ақтау қалалары мен Жамбыл облысында өткізілген арнайы операция барысында Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының қатысуымен жедел уәкілдер қылмыстық топтың 11 мүшесін, оның ішінде қылмыстық іске қатысы бар «киллер» деген күдіктіні ұстады. Олардың тұрғылықты жері мен тұрғылықты жерінде 25 тінту жүргізіліп, оның барысында атыс…

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Атыраулықтар жолдағы тесііктер мен шұңқырлар туралы хабарлай алады. Атырау қаласының прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметінде автокөлік жолдарының құрылысы, жөндеу және күтіп ұстау саласында тексеріс бастады. Осыған орай қала тұрғындарынан жол жағдайына әсер ететін шұңқырлар, бұзылған аймақтар және өзге де заң бұзушылықтар бойынша қала прокуратурасына хабарлауын сұрады. Фото немесе видеоларды +77051005719 нөмірінің «Whatsapp» мессенджеріне жолдауға болады.

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Атыраулық құтқарушылар пәтерінде есінен талып қалған әйелді құтқарды деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 6 қыркүйек күні сағат 17:17 шамасында ер адам анасы есік ашпайтынын хабарлады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері есікті ашқан кезде егде жастағы әйелдің есінен танып жатқанын көрген. Құтқарушылар дереу жедел жәрдем шақырып, әйелді медициналық қызмектерлерге тапсырды.

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Атырауда бір аптада жол ережесін бұзған 2 мыңға жуық жүргізуші анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Аймақта 29 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өткен «Қауіпсіз жол» акциясы аяқталды. Профилактикалық іс-шара барысында жол ережесін бұзған 1800-ден астам көлік жүргізушілері анықталды. Атап айтсақ, 167 азамат жалған мемлекеттік белгі тағып көлік басқарса, 140-ы автокөліктің алдыңғы әйнектерін қараңғылатқан. 9 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шықса, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік басқарған 3 адам анықталды. Одан бөлек, 30 жүргізушінің төленбеген айыппұлдары бар екені белгілі болды. Жергілікті полиция басқармасының өкілдері «Сергек» камерасы арқылы 145 құқық бұзушылықты анықтағандарын айтады. 113 жүргізушіге сақтандыру…

Read More

CaspianLife, 6 қыркүйек — Атырауда бір айда 37 мас жүргізушы анықталды деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі. Жол сақшылары 3 қыркүйек күні Авангард ықшам ауданында Mitsubishi көлігін тізгіндеген күдікті жүргізушіні байқаған. Аталған көлікті тоқтатып, медициналық сараптама жасатқаннан кейін азаматтың мас екені анықталды. Жүргізушіге хаттама толтырылды. Ол сондай-ақ, 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Жедел басқару орталығының қызметкерлері соңғы бір айда 37 мас жүргізушіні анықтағандарын айтады.

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Биылғы оқу жылында Атырау қаласындағы 11 мектептің оқушысы үш ауысыммен білім алады. Солардың бірі Жұмекен Нәжімеденов атындағы орта мектеп. 624 адамға арналған білім ордасында қазір 2000-ға жуық бала оқиды. Үшінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары мектептен кеш батқанда бір-ақ шығады. Балаларының қауіпісіздігіне алаңдаған әрі мектеп жетіспеушілігі мәселесінің әлі күнге дейін шешілмегеніне наразы болған ата-аналар білім ордасына жиналды. «Біз үш ауысымдағы оқу жүйесіне қарсымыз. Сабақты дүйсенбі мен сенбінің арасына бөліп тастаған, неге оларды жинақтамасқа? Өткен жылы мектепте 6 бірінші сынып болса, биыл 9 сынып ашылған. Қосымша ғимарат жоқ. Мектептегі 33 кабинетте 39 сынып білім алып жатыр», — дейді…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Биыл исатайлықтарға бірнеше нысан қолданысқа беріледі деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты. Мәселен, ток желілері 1975 жылдан бері жаңартылмағандықтан ауданда жарық жиі сөнетін. Бұл пробелманы шешу үшін тамыз айында ток желілерін жаңарту жұмыстары басталған болатын. Одан бөлек, «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойына орай мұнайшылар Аққыстау ауылына көпфункционалды спорт алаңын сыйға тартпақ. Аталмыш нысан шағын футбол, баскетбол, волейбол алаңдарымен және Workout, жүгіруге арналған жолақтармен қамтылып, жасыл желектер отырғызылатын болады. Сондай-ақ, Тұщықұдық ауылында Ж. Мырзағалиев атындағы орта мектептің 320 орындық жапсаржай құрылысы жүруде. Ал, дәрігерлік амбулаторияның күрделі…

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Атырауға оңтүстіккореялық автошерушілер келді деп хабарлайды облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Олар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай екі ел арасындағы достық пен бейбітшілікті насихаттау үшін Қазақстанға келген. Автошерушілер Атырауға дейін Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болып, 32 мың шақырым жол жүріпті. «Автошеруді осыдан төрт ай бұрын бастадық. Корей елінен 7 көлікпен шықтық. Мақсатымыз – 41 000 шақырым жүріп өтіп, елдерді тамашалау. Бүгін Бейнеуге жетіп, кейін Алматы сыңды қалаларды жүріп өтпекпіз. Сосын Өзбекстанға бару жоспарда бар. Қазақстан халқы бізді жылы қарсы алды», — деді автошеру көшбасшысының орынбасары Пак Чжун Гон.

Read More

CaspianLife, 5 қыркүйек — Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақтыгүл Хаменованың ісіне қатысты соттың үшінші отырысы өтті. Бұл жолы сөз тағы да куәгерлерге берілді. Солардың бірі қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедьяров өз сөзінде Абай ескерткішіне қатысты Бақтыгүл Хаменовамен байланыспағанын айтты. Оның айтуынша, ескерткішті орнату туралы шешім ол қызметке келмес бұрын қабылданған. Ал, аталмыш нысанға бөлінетін қаржыға қатысты тапсырманы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының экс басшысы Ақылбек Рысқалиев беріпті. Сотта Нұрбек Ахмедьяровтан бөлек, «Асыл өлке» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынша Макеева да куәлік етуде. Ол былтыр қазан айында өткен «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда» конференциясы…

Read More