CaspianLife, 1 қыркүйек — Қазақстанда жемқорлардан алынған ақшаға мектеп салынады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында осындай тапсырма берді. «Жемқорлардан сот арқылы өндірілген ақша мектептердің құрылысына жұмсалады. Үкімет осыны бекіту туралы заң қабылдауы тиіс», — деді президент. Сондай-ақ, Тоқаев білім беру гранттарын бөлуде жаңа тәсіл енгізуді ұсынды. Енді оқу ақысына 30%-дан 100%-ға дейінгі жеңілдік ҰБТ нәтижесі бойынша беріледі. Одан бөлек, оқуға жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілетін болады.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 қыркүйек — Атырау облыстық Білім беру басқармасының басшысы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Енді облыстық білім беру басқармасын Гүлнар Сәдуақасова басқарады. Ол еңбек жолын 1989 жылы бұрынғы Гурьев музыка училищесі, қазіргі «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінде концертмейстер қызметінен бастаған. 1993-2007 жылдары колледжде музыка теориясы пәнінен оқытушы, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары боп жұмыс істеді. 2007 жылдың қазан айынан бүгінге дейін «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің директоры қызметін атқарды. Сонымен қатар Гүлнар Сәдуақасова облыстық балалар музыка мектептері басшылары Кеңесінің төрайымы, Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. ҚР Білім және…
CaspianLife, 1 қыркүйек — Бүгін еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Үкіметке қоғамда қордаланған мәселелер бойынша тапсырма беріп, бірқатар заңға өзгеріс енгізуді ұсынды. Тоқаев елдің шикізатқа тәуелділігін жою қажет екенін алға тартты. Сондай-ақ, келер жылы Салық кодексі дайындалатын болады. Және мемлекеттік органдарға игермеген қаражатты келесі жылға қалдыруға мүмкіндік беріледі. Бұл бюджетті негізсіз, мақсатсыз жұмсаудың алдын алмақ. Сонымен бірге, мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды реттеу үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылданады. Транзиттік салаға келер болсақ, президент Ақтауда контейнер хабы құрылып жатқанын тілге тиек етті. Бұл орайда үздік логистика компаниялары тартылып, «Қазақстан теміржолы» толыққанды транзиттік-логистикалық…
CaspianLife, 31 тамыз — Испанияның Жирона провинциясында тауықтың жұмыртқасындай бұршақ жауып, 50 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау қызметі мәлімдеді. El Paris басылымының дерегінше, бір жарым жастағы бүлдіршіннің басына бұршақ түсіп, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, ол қаза тапты. Одан бөлек тағы 50 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұршақ Атырау уақытымен 20:30-да бастап жауған. Кей жерлерде бұршақтың диаметрі 10 см-ге дейін жетті. Тұрғындар табиғи апаттың салдарынан шатырлар мен электр сымдары зақымданғанын айтады.
CaspianLife, 31 тамыз — Қытайда биыл ұялы телефон өндірісі азайды деп хабарлайды елдің Индустрия және ақпараттандыру министрлігі. Синьхуа агенттігінің мәліметінше, қаңтардан шілдеге дейін 863 млн ұялы телефон өндірілді. Бұл 2021 жылдың дәл осы аралығымен салыстырғанда 3,6%-ға аз. Аталған уақыт аралығында 663 млн сматрфон өндіріліп, 2,9%-ға азайды. Кеден қызметінің хабарлауынша, Қытайдың ұялы телефон экспорты 11,5%-ға азайды. Биыл байланыс құралының 470 млн данасы шетелге сатылды.
CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегі анықталды. Бұл туралы облыс бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Самал Үбіғалиева мәлімдеді. Биыл еңбек инспекторалы 1002 азаматтың өтінішін тіркеді. Ол бойынша 146 кәсіпорын мен мекемеге тексеріс жұмыстары жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзудың 224 дерегін анықтады. Инспекторлар заңсыздықты жою туралы 96 нұсқама беріп, 182 хаттама толтырды. «Мемлекеттік еңбек инспекторлары 399 азаматтың еңбек құқығы қорғап, мемлекет пайдасына 22,7 млн теңге айыппұл өндіріп алды. Сонымен қатар, жалақы берешегі бар 17 мекемеден 181 жұмыскердің 37,2 млн теңге жалақысы толықтай өндірілді», — деді Самал Үбіғалиева. Еңбек инспекторлары түсіндіру жұмыстарымен қатар жалақы төлеудің…
CaspianLife, 31 тамыз — Қаңтар оқиғасында зардап шеккен жасөспірімге Түркияда ота жасалды деп хабарлайды Orda.kz. Қаза тапқан Айкөркемнің 15 жастағы әпкесі Жанель Мелдеханға ота жасалды. Қазір емдік шараларының арқасында беті бері қарады. Апалы-сіңілі қыздар 7 қаңтар күні көлікте отырғанда оқ астында қалған. Айкөркем басына оқ тиіп, сол жерде жан тапсырды. Ал, Жанель ауыр жарақат алып, бірнеше күн жансақтау бөлімінде ессіз жатты. Жанелдің қазіргі жағдайы туралы «Қазақстан халқына» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook парақшасында хабарлады. «Жанель тамыз айының басында анасымен бірге Стамбул қаласына ұшты. Ол жерде 16 тамызда ота сәтті жасалды. 6 күннен кейін Алматыға келіп, емдеу курстарын…
CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда жол апатынан 2 адам қаза тапты деп хабарлайды ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 31 тамыз күні атңғы 04:20 шамасында Доссор-Ақтау республикалық тасжолының 74 шақырымында болды. Toyota жеңіл көлігі аударылып, 38 жастағы жүргізушісі мен 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында мерт болды. 34 жастағы тағы бір жолаушысы аудандық ауруханаға жекізілді. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.
CaspianLife, 31 тамыз — Атырауда екі мас азамат төбелес шығарды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі. 31 тамыз күні таңғы сағат 05:44 шамасында белгісіз екі ер адамның төбелесіп жатқнанын полицейлер бейнекамерадан байқаған. Оқиға орнына патрульдік полиция жеткен кезде біреуі қашып кетпек болды. Алайда, тәртіп сақшылары жанжалдасқандардың 35 және 41 жастағы азамат екендерін анықтады. Медициналық сараптама нәтижесінде олардың орта дәрежелі мас екендері белгілі болды. Төбелескендерге әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.
CaspianLife, 30 тамыз — Атыраулық жасөспірім құтқарушыларға қамыс арасында жоғалып кеттім деген жалған хабарлама берген. Бұл туралы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 16 жастағы жасөспірім хабарласқан телефон нөмірі өшіп тұрған соң іздеу жұмыстарына ТЖД қызметкерлері мен полицейлер жұмылдырылды. Кейін хабарламаның жалған екені анықталып, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Жасөспірімнің ата-анасына хаттама толтырылып, 84 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
