Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 тамыз — Бірлік ауылында спорт залы құрылысы басталатын жердегі карьер жабылатын болады деп мәлімдеді Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи. Шаһар басшысы басқа карьерлерді жеке кәсіпкерге беру арқылы көму жоспарланғанын айтады. Егер бұл іске аспаса, аймақ бюджетінің есебінен көмуге тура келеді. Алайда, бұл іс көп қаражатты талап етіп отыр. «Қала бойынша 6 карьер бар. Мәселен, Өрліктегі карьерді көму 318 млн теңгені қажет етеді. Егер оны жеке кәсіпкер алмайтын болса, бюджеттің есебінен кезең-кезеңімен көметін боламыз», — дейді қала әкімі. Карьерлерді бір уақытта көмуге бюджеттің шектелуікедергі. Қалада басқа да мәселелер болғандықтан, жүздеген миллионды бір ғана карьерге жұмсай алмаймыз дейді Мейірім Қалауи.…

Read More

CaspianLife, 3 қыркүйек — Атырауда екі күнде екі бала терезеден құлады деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 2 қыркүйек күні сағат 12:16 шамасында Құлсары қаласында 4-ші қабаттан 9 жасар бала терезеден құлап, ауыр жарақат алды. Ол дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. 3 қыркүйекте сағат 16:20 шамасында Атырау қаласында 3 жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ол да ауыр жағдаймен ауруханаға жеткізілді. Анық болғандай, бала үйде ересектердің қарауынсыз қалған.

Read More

CaspianLife, 5 қазан – Атырауда Нұрсая ықшам ауданында салынып жатқан кино-концерттік залдың құрылысы жалғасатын болады деп мәлімдеді қала әкімі Мейірім Қалауи. 1200 орынға лайықталған концерттік залдың құрылысы тоқтап тұрғанына он жылдан асты. Әкімнің айтуынша, оның орнына басқа қажетті нысанды салу туралы ой болғанымен, мұндай аудиторияны кеңінен қамтитын залдар шаһарға қажет. «Қазір шаралардың басым көпшілігі Махамбет атындағы академиялық драма театрында өтеді. Ал, оның сыйымдылығы 500-дей адамды қамти алады. Қала халқы 400 мыңға жақындап келеді. Сондықтан, мұндай көлемдегі концерттік залдар қалаға қажет», — дейді Мейірім Қалауи. Ғимараттың құрылысын жалғастыру үшін оны жобалаған мекемені шақыртып, техникалық тексерістерді қайта жүргізетін болады. Кезінде төбесіндегі темір…

Read More

Caspianlife, 2 қыркүйек — Атырауда Азаттық даңғылының бойындағы жолды жөндеу жұмыстарына байланысты кей көшелердегі ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы «Атырау жылу желілері» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. Қыркүйектің 5-нен 10-на дейін төмендегі мекенжайларға ыстық су берілмейді: Әуезов 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 13, 14, 17, 18, 21, 22, 23, 27, 28, 29, 31, 43, 45, 47, 47а, 49, 51, Мұқанов 1, 1а, 2, 4, 6, 8, 10, 12, Суворов 1, 2, 3, 5, Мәметова 1, 2, 2а, 4а, Шәріпов 5а, 11, 13, 15, 34а, Шамин 1, 3, 5, 2а, 3а, 4а, 5а, 7, Бимағанов…

Read More

CaspianLife, 2 қыркүйек — Атыраулық 16 жастағы жасөспірім өзенге батып бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында болды. Евгений Русаков есімді бозбала шағын қайықпен Орталық дене шынықтыру кешені тұсындағы Жайық өзенінде өтіп бара жатып, баласын құтқармақ болған ер адамды байқап, бірден қол ұшын созуға ұмтылған. Көмек сұраған дауысты естіген патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп ер адам мен оның 3 жасар ұлын жағалауға шығарды. Оларға жедел жәрдем шақыртылып, алғашқы көмек көрсетілді. Ал, өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Read More

CaspianLife, 2 қыркүйек — Атырау облысында 1 қыркүйектен бастап суға түсу маусымы жабылды. 3 ай ішінде 4 адам суға кетсе, олардың екеуі кәмелетке толмаған. Өткен жылмен салыстырғанда судағы қайғылы жағдайлардың саны 3 есе азайыпты. Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғандарға қатысты 149 әкімшілік хаттама толтырылып, 732 мың тг астам айыппұл салынған. Құтқарушылар маусымның жабылғанына қарамастан, суға түсетіндерді анықтау мақсатында рейд жұмыстарын жалғастырады. Олар «Әсіресе мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін қадағалау маңызды,- дейді «Ереже сақталмаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 412 бабына сәйкес жасөспірімнің ата-анасына, қамқоршысына немесе заң бұзған ересек адамға 7 АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы қарастырылған», — дейді қалалық…

Read More

CaspianLife, 2 қыркүйек — Құрамына бірнеше мекеменің қызметкері енген комиссия бүгін балықтардың жаппай қырылған жері – Жылыой ауданында болды. Видео әлеуметтік желіге 29 тамызда жүктелгенімен, су маржандарының өлексесі жатқан аумақ – Каспий теңізінің солтүстік батыс бөлігі екендігі тек 1 қыркүйекте анықталды. Балықтардың өлекселері жағалаудан 4 шақырым жерде табылған. Бұл жердегі жағалау бөлігінің ені шамамен он шақырымға жуық дейді мамандар. Олар балықтардың әбден шіріп кетуі себепті, сараптама жасауға келмейтіндігін айтып отыр. Сондықтан тек су мен топырақтан сынама алынған. Комиссия мүшелерінің сөзінше, зерттеу жұмыстарының қорытындысы алдағы аптады шығады. Алдын ала болжамға сүйенсек, балықтардың өлуіне судың күрт қайтуы себеп болған. «Қазгидрометтің» ақпаратына қарағанда…

Read More

CaspianLife, 2 қыркүйек – Биыл АМӨЗ жоспар бойынша 5 млн тоннадан астам мұнай өндіреді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Мағзұм Мырзағалиевпен өткен кездесуде баяндалды. Зауыт басшысы Мұрат Досмұратовтың айтуынша, 8 айда белгіленген жоспардың 70%-ға жуығы орындалды. Мәселен, биыл 897 мың тонна бензин және 1 090 мың тонна жанармай, 99,6 мың тонна авиакеросин және басқа да мұнай өнімдері өндірілді. Осылайша зауыт Энергетика министрлігі бекіткен жоспарды толықтай орындап отыр. Айта кету керек, АМӨЗ модернизациядан өткеннен кейін мұнай өндіру қуаттылығы 5,5 млн тоннаға дейін артқан болатын. Сонымен қатар, мұнай зауытының қыркүйек айына жоспарланған жөндеу жұмыстары жанар-жағармай нарығындағы проблемаларға байланысты кейінге шегерілуі мүмкін.…

Read More

CaspianLife, 1 қыркүйек — Атырау облысында биыл егіс алқабы кеңейді деп мәлімдеді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Рүстемов. Биыл аймақтағы егкістіктің көлемі 10 099 гектарды құрап отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 630 гектарға артық. Облыста егін жұмыстарының 40,5%-ы орындалды. 32 575 тонна көкөніс, 24139 тонна бақша дақылы, 6506 тонна картоп жиналды. Сонымен қатар, екпе шөптерден 6825 тонна мал азығы дайындалды. Биыл егін егумен 353 шаруашылық айналысып жатыр. «Биыл егін шаруашылығын субсидиялауға 315,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде тыңайтқыштардың құнын субсидиялау 50,036 млн теңге, су жеткізу қызметі шығындарын субсидиялау 248,866 млн теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау 12 млн теңгеге…

Read More

CaspianLife, 1 қыркүйек — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар кәмелеттік жасқа толғанға дейін арнайы жинақ шоттарына аудару туралы бастамасы туралы айтты. «Ұлттық банк пен үкіметтің есептеулері бойынша, елде жыл сайын орта есеппен 400 мың бала дүниеге келетінін ескерсек, 18 жасқа дейін жеке есепшотта кемінде 3 мың доллар жиналады», — деп жазды ол Facebook парақшасында. Бұл жоба 2024 жылы 1 қаңтардан бастап іске қосылады. «Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін, мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома…

Read More