12 жыл бұрын салынып басталған концерттік залдың құрылысы қайта жанданады — CaspianLife ақпараттық порталы
Жексенбі, 14 Тамыз, 2022
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

12 жыл бұрын салынып басталған концерттік залдың құрылысы қайта жанданады

05.08.2022
Жаңалықтар, Инфрақұрылым, Қоғам
0
12 жыл бұрын салынып басталған концерттік залдың құрылысы қайта жанданады

CaspianLife, 5 тамыз – Атырауда Нұрсая ықшам ауданында салынып жатқан кино-концерттік залдың құрылысы жалғасатын болады деп мәлімдеді қала әкімі Мейірім Қалауи.

Оқи отырыңыз...

Мұнай өнімдерін шекарадан асыруға жаңа шектеу енгізіледі

Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ

14.08.2022
Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға берілмек

12.08.2022

1200 орынға лайықталған концерттік залдың құрылысы тоқтап тұрғанына он жылдан асты. Әкімнің айтуынша, оның орнына басқа қажетті нысанды салу туралы ой болғанымен, мұндай аудиторияны кеңінен қамтитын залдар шаһарға қажет.

«Қазір шаралардың басым көпшілігі Махамбет атындағы академиялық драма театрында өтеді. Ал, оның сыйымдылығы 500-дей адамды қамти алады. Қала халқы 400 мыңға жақындап келеді. Сондықтан, мұндай көлемдегі концерттік залдар қалаға қажет», — дейді Мейірім Қалауи.

Ғимараттың құрылысын жалғастыру үшін оны жобалаған мекемені шақыртып, техникалық тексерістерді қайта жүргізетін болады. Кезінде төбесіндегі темір конструкциясы апатты деп танылған еді. Егер тексеріс нәтижесінде расталса, оны бұзып, қайта салатын болады.

Айта кетелік, кино-концерттік залдың құрылысы 2010 жылы басталған болатын. 2013 жылы колданысқа берілуі керек нысанға 3,7 млрд теңге бөлінген еді.

Шаһар басшысы концерттік зал жанында құрылысы тұралап қалған монша орнына Нұрсаяға қажетті нысан салу туралы ой бар екенін айта кетті.

«Қалаға монша аса қажет деп айта алмаймын. Онсыз да жеке сектордағы моншалар көп. Яғни, осы бағытта қызмет көрсететін мекемелер жеткілікті», — дейді қала әкімі.

Алайда, моншаның құрылысына байланысты нақты шешім қабылданбады.

Тегтер: Caspianатырауконцерттік залқұрылысМейірім Қалауимонша
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.