Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 29 тамыз — Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясынан Атырау мұнай өңдеу зауыты да тыс қалмады. Аталмыш мекеме облыстағы әлеуметтік осал топтағы және ерекше күтімді қажет ететін 100 балаға сертификат табыстады. Олардың 75-і Атырау қаласынан болса, қалғаны Махамбет ауданынан. АМӨЗ бұл акцияға 7 жылдан бері қатысып келеді. «Атырау мұнай өңдеу зауытының ұжымы бұл акцияға жыл сайын ат салысады. Бұрын балаларға киім және мектеп құралдарын тарататынбыз. Биыл қаламыздағы «Детский мир» дүкеніне 20 мың теңге сертификатын табыстадық. Ата-аналар қажетті заттарды өздері таңдай алады», — дейді Атырау мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерді басқару және ақы төлеу департаментінің бастығы Гүлнар Дастанова. Облыста…

Read More

CaspianLife, 28 тамыз — Атырауда 5 сағатта 120-ға жуық бала жоғалды. 27 тамыз күні “Ембімұнайгаздың” 100 жылдық мерейтойына орай эстрада жұлдыздарының қатысуымен OPEN AIR концерті өтті. Оған қаланың 15 мың тұрғыны келді. 5 сағатқа созылған концертте бала жоғалғаны туралы 120-ға жуық арыз түскен. Барлық жоғалған бүлдіршіндер 15 минут пен 1 сағат арасында табылып, ата-аналарына табысталды. Айта кетелік, Атырауда мұндай ауқымды концерт пандемиядан кейін алғаш рет өткізіліп тұр. Фото @bizdin_bala инстаграм парақшасынан алынды

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Білім күнінде мектепте шар немесе көгершін ұшырып, аниматорларды жалдауға болмайды. Оқу-ағарту министрлігі алғашқы қоңырауға аниматорларды, әртістерді шақыруға, мерекелік дастархан жаюға, мектеп ғимараты мен аумағын шарлармен безендіруге тыйым салды. Білім күніне орайластырылған салтанатты іс-шараға облыстың дамуына үлес қосқан азаматтар шақырылып, олардың қатысуымен сынып сағаттары өтеді жоспарланып отыр. «Барлық білім беру мекемелеріндежемқорлық тәуекелдері болмас үшін және мәдениетті қалыптастыру үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, ұстаздарға гүл сыйлау ата-ананың құзырында», — дейді Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Алдағы мерекелерге байланысты қаладағы орталық көшелер уақытша жабылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 27 тамыз » күні Мұнайлы өлке шамдары» OPEN AIR концертінің өтуіне байланысты Сәтпаев-Тайманов даңғылдарының қиылысынан бастап Тайманов-Жарбосынов қиылысына дейін, сондай-ақ Ерниязов-Құлманов көшелерінің қиылысынан Тайманов-Құлманов қиылысына дейін қозғалыс тоқтайды. Бұл шектеу кешкі алтыдан түнгі 12-ге дейін болмақ. Ал 28 тамызда жүгіру марафонына байланысты қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сәтпаев даңғылынан бастап Әбілхайыр хан даңғылының бойындағы Сұлтан Палас қонақ үйіне дейін жол жабық болады. Жол қозғалысы таңғы 7:30-дан 10:30-ға дейін тоқтайды. Осыған байланысты қала әкімшілігі жүргізушілерден жолда жүру бағыттарын алдын ала жоспарлап, тұрғындардың түсіністікпен қарауын…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз -Жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты 28 және 31 тамыз аралығында «Қазпошта» АҚ жұмыс істемейді. Мекеменің Атырау облысындағы бөлімшелерінде де пошталық және қаржылық қызметтер уақытша тоқтатылады. «Қаржылық қызметтер, терминалдар, онлайн сервистік төлемдерді қабылдау сияқты қызметтер, пошталық қызметтер, хаттар мен посылкаларды алу-жіберу деген сияқты мүмкін болмайтындығын хабарлаймыз. Осыған орай облыс тұрғындарына айтарымыз «Қазпошта» АҚ алатын қызметтеріңізді алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», — дейді Атырау облысындағы мекеме филиалы сату бөлімінің бас маманы Қуандық Муапихов. «Қазпошта» қызметі 31 тамыз күні елорда уақытымен сағат ертеңгілік 08:00-ден бастап қайта іске қосылады.

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Атырауда жол құрылысына бөлінген қаражаттың 15 млрд теңгесі игерілмеген. Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен өткен жиында айтылды. Соңғы 3 жылда жол құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына 45 млрд теңге қаражат бөлінген, алайда оның үштен бірі игерілмепті. Департамент Атырау-Астрахань тас жолын жөндеуге қатысы бар компаниялардың жұмысында сыбайлас жемқорлықтың белгілері бар екенін анықтады. Алдағы уақытта оларға қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактілерінің алдын алу мақсатында жұмыс жүргізілмек. Жиынға қатысқан «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері облыстағы жолдардың сын көтермеуінің басты себебі — құрылыс кезінде сапаны бақыламау мен жүк көліктерінің затты шамадан тыс тиеуі дейді. Атырау облысының…

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Атырау қаласында өрт шықты деп хабарлайды ТЖД-нің баспасөз қызметі. 26 тамыз күні сағат 16:54-те шаһардағы Элеваторный аумағында құрғақ шөп өртенді. Қызыл жалынмен күресуге 5 қызметкер, 1 бірлік техникасы және Семсер «Өрт сөндірушінің» 3 қызметкері мен 2 бірлі техникасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жалынмен әлі де күресуде.

Read More

CaspianLife, 26 тамыз — Атырауда автокөлік бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткеннен кейін жол апатына ұшырады. Бұл туралы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға 26 тамыз күні сағат 10:30 шамасында Тайманов пен Гагарин көшелерінің қиылысында болған. Renault Logan автокөлігін басқарған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткеннен кейін, Lada Granta көлігіне барып соқтығысқан. Соққы салдарынан Renault Logan көлігі аударылып қалды. Абырой болғанда, жарақат алғандар жоқ. Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті құжаттар жинақталуда.

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — Атырау қаласында Өркен ықшам ауданының тұрғындары үшін емхана салынады. Жаңа ғимараттың құрылысы басталды деп мәлімдеді Атырау қалалық №4 емхана директоры Еркін Сабиров. №4 Атырау қалалық емханаға Балықшы, Жұмыскер, Өркен, Водников, Курилкин және Тасқала елді мекендерінің 57 мыңнан астам тұрғыны тіркелген. Оларға медициналық көмек қолжетімді болу үшін Ақжайық пен Жұмыскер елді мекендерінен қосымша ғимарат жалға алынып, жұмыстар жүргізілуде. Биыл қыркүйекте күніне Өркен мөлтек ауданының 250 тұрғынын қабылдайтын емхананың құрылысы басталатын болады. «Жаңа ғимарат Балықшы мөлтек ауданында орналасқан №4 емхананың бөлімшесі болады. Енді Өркендегі емхана пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындар көп уақыт жұмсамайды. Кезекке тұру да азаяды. Ал Жұмыскер…

Read More

CaspianLife, 25 тамыз — NASA өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қара құрдымға тән дыбысты жариялады. Қара құрдым ыстық газ жиналған Персей галактикасында орналасқан. «Ғарыш кеңістігінің көп бөлігі дыбыс толқындарының таралуына мүмкіндік бермейтін вакуум іспеттес. Алайда, галактикада газ шоғыры көп болғандықтан, қара құрдымның дыбысын жазуға мүмкіндік алдық», — делінген NASA-ның әлеуметтік желідегі парақшасында. Шын мәнінде қара құрдымның дауысын адамның құлағы ести алмайды. Себебі, ол адам естуге қабілетті бірінші октавадан 57 октаваға дейін, яғни, біз ажырата алатын дауыс жиілігінен миллиардтаған есе төмен.

Read More