Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 23 тамыз — Атырауда биыл 4 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.  7 айдың ішінде жол ережесін бұзған 1700-ден астам жүргізуіш әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 174 жүргізуші қарсы қозғалыс бағытына қарай шыққан, ал 318 азамат рөлді мас күйінде басқарған. 6 айда 70 жол апатынан 4 адам мерт болып, 71 адам жарақат алды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапты. Тағы 37 адам зардап шеккен. Полицейлердің айтуынша, жол апатына көбіне жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу және жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзу себеп болады. Мұндай оқыс оқиғалардың алдын аул үшін жергілікті полиция…

Read More

CaspianLife, 23 тамыз — Грузия және Армениядан сатып алынған көлік құралдарын 10 жұмыс күні ішінде тіркеу міндетті. Бұл туралы Атырау облыстық ПД-нің әлеуметтік парақшасында жарияланды.  Еуропалық экономикалық одақ аумағына әкелінген көліктерді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеу қажет. Ол үшін көлікті сатып алған азаматтың төмендегідей құжаттары болуы қажет. Жеке куәлік; Салық кодексінде белгіленген баж және алымдар салығының төленгенін растайтын құжаттар (Салық кодексінің 615 бабына сәйкес көлік құралын тіркеу туралы куәлікті бергені үшін – 1,25 айлық еспетік көрсеткіш көлемі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бергені үшін 2,8 айлық есептік көрсеткіш көлемі); Қазақстан Республикасының Экологиялық кодесінде белгіленген көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде өндірушілердің…

Read More

CaspianLife, 23 тамыз — Атырау облысында биыл 3000-нан астам қару иелері тексерілді деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Тексеріс барысында қару сақтау ережесін бұзудың 68 және оны тіркеу ережелерін бұзудың 45 фактісі тіркелді. Атыраулық полицейлер атыс қаруымен болатын қылмыстардың алдын алу үшін тұрғылықты жері бойынша қару иелеріне тұрақты тексеріс жүргізіп отырады. Сондықтан, бұл бағытта жұмыстар ары қарай жалғасады.

Read More

CaspianLife, 22 тамыз — ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер өлімінің жиілеуіне қатысты түсініктеме берді. Министрліктің ресми парақшасында, күштік құрылымдарда орын алған өзіне-өзі қол жұмсау фактілерінің жиілеуі түсіндіруді қажет ететіні жазылған. «Әскери қызметшінің өлімі тек Қарулы күштерде ғана емес, басқа да әскер түрлерінде орын алып отыр. Бағыныстылардың өмірі мен денсаулығына ҰҚК Шекара қызметі, ІІМ Ұлттық ұланы, Мемлекеттік күзет қызметі және Төтенше жағдайлар министрлігі де жауапты. Бейбіт уақытта аталған күштік құрылымдар Қарулы күштердің құрамына кірмейді және Қорғаныс министрлігі олардың қауіпсіздігін бақыламайды.», — делінген хабарламада. Қарулы күштерде болған әрбір жағдайды әскери полиция қызметкерлері мен басқа да қылмыстық қудалау органдары мұқият тексеретіні де жазылған.…

Read More

CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда өзбекстандық азамат бір кезде үш рет құқық бұзды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 21 тамыз күні сағат 05:25 шамасында атыраулық полицейлер бейнебақылау камерасы арқылы көп қабатты үйлердің бірінің ауласына ер адамның кіші дәрет сындырып тұрғанын және ішімдік ішіп, көлік тізгіндегенін көріп, Батыс қызметкерлеріне бағыттама берді. Патрульдің полиция көлік жүргізушісінің Өзбекстан азаматы екенін анықтады. Одан бөлек, азаматтың жүргізуші куәлігі жоқ және темір тұлпарды мас күйінде айдаған. Алайда, аталған азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттары болмауына байланысты, Атырау қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Read More

CaspianLife, 22 тамыз — Атырау мұнай өңдеу зауыты биылдың бірінші жартыжылдық жұмысын қорытындылады деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі. АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов еңбек ұжымымен кездесу барысында есеп берді. Оның айтуынша, 2022 жылдың 6 айында зауыт 2 681 мың тонна шикі мұнай өңдеді. Бұл жоспардың 108,1%-ын құрады. Сондай-ақ, зауыт ел бюджетіне 49 млрд теңгеге жуық салық төледі. Оның 38 млрд-тан астамы жергілікті бюджетке аударылған. Одан бөлек, коронавирусқа қарсы вакцинацияның жалғасып жатқанын да айта кетті. Қазіргі таңда 83,7%-дан астам қызметкер қайта вакцина алған. Қорытындылай келе, Мұрат Досмұратов ұжымға жақсы қызметтері үшін алғысын білдіріп, 2022 жылдың екінші жартысына арналған мақсаттар мен міндеттерді…

Read More

CaspianLife, 22 тамыз — Атырауда биыл наурыз айында болған атыс бойынша күдіктінің алдын ала сот отырысы өтті. Алдын ала сот процессі барысында барлық сотқа қатысушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. Басты сот отырысы қыркүйектің 3-іне белгіленді. Айта кетейік, наурыздың 16-сы күні 29 жастағы күдікті Авангард ықшам ауданында 4 адамға оқ атқан еді. Оның үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. Ал, төртіншісі ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді. Атысқа отбасылық жанжал себеп болған.

Read More

CaspianLife, 22 тамыз — ҚР Энергетика министрлігінің бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығы күшіне енді. АИ-80 бұрынғыша 89 тг болып қалады. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 мен АИ-93 маркалы бензині литріне 187 тг, ал басқа облыстарда 182 тг. Дизель отынының бағасы литріне 450 тг болып бекітілді. «Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде дизель отынының лимиті өңіріне қарай күніне 100 литр көлемде бір литріне 230-260 теңге бағамен белгіленген, ал Қазақстан Республикасында көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін бекітілген лимит 300 литр үшін тәулігіне…

Read More

CaspianLife, 21 тамыз — 21 тамызда сағат 02:45 шамасында 102 операторына Балықшы көпірінің үстінде ер адам секірмекші деген хабар түсті. Оқиға орнына келген полицейлер 4 минуттық профилактикалық келіссөзден кейін 33 жастағы тұрғынды өз еркімен көпірден түсуге көндірді. Сараптамадан кейін азаматтың жеңіл дәрежеде мас екені анықталды.

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Атырауда кеңсе тауарлары 31%-ға қымбаттады. Оған қағаз бен пластик, темір бғасының көтерілуі әсер етті. Одан бөлек тасымал шығыны мен алыпсатарлардың үлесі бар. Елімізде күнделік, ақ қағаз бен түрлі-түсті қағаз аз көлемде шығарылады. Алайда отандық кеңсе тауарларының бағасы сырттан келетін тауарлардан арзан емес. Былтыр 35 теңгеден сатылған 12 беттік дәптердің құны қазір — 40 теңге. Ал сурет салуға арналған альбомның бағасы 300 теңгеден басталады. Бағалар оның бет саны мен сыртқы келбетіне қарай құбыла береді. Сатушылардың айтуынша, жаңа оқу жылында мектепке керекті заттардың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 50-60 ға дейін қымбаттаған. Сөрелердегі ең арзан қаламның құны 50 теңге…

Read More