Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 19 тамыз — «Атырау» футбол клубының бас бапкері Константин Горовенко қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды. Горовенко бұл қызметке былтыр желтоқсан айында келген еді. «Атырау» футбол клубы Қазақстан премьер лигасында 15 матчтың бесеуінде жеңіп, алтауын тең ойнаса, өзгелерінде есе жіберді. Қазіргі таңда 21 ұпаймен турнирлік кестенің 8-ші сатысында тұр. Жергілікті футбол командасы бұған дейін жанкүйерлер мен фанаттар тарапынан сан мәрте сынға ұшыраған еді. SportRadar Telegram-арнасының хабарлауынша, клубтың бас менеджері Апсалямов бас бапкермен бірге жаттықтырушылар құрамын түгелдей жұмыстан босатып жіберген. Клуб директоры Энис Есмағамбет әлеуметтік желідегі ресми парақшада бас бапкердің қызметінен бостылуына байланысты пікір білдірді. Оның ойынша, мұндай…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — 13 тамыз күні атыраулық полицейлер Қараөзек ауылының 34 жастағы тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарының 3 кг 124 гр уылдырығы тәркіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде.

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Қазақстандық әуекомпанияларға жаңа ұшақтар әкелінеді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостермен кездесу барысында мәлімдеді. Министр әуе рейстердің кешігуі мен ауыстырылуына байланысты жолаушы құқықтары бұзылмауын қадағалауды тапсырды. Әуе рейстерінің кешігуін реттеу мақсатында еліміздегі әуекомпанияларға қосымша жаңа ұшақтар әкелінетінін айтты. «Менің тапсырмам бойынша жыл соңына дейін 5 жаңа ұшақ сатып алынады деп күтілуде. Атап айтқанда, Fly Arystan әуе компаниясының әуе кемелері паркі 2 ұшақпен, Air Astana — 3 самолетпен толықтырылады. Жалпы 2025 жылға дейін 24 жаңа ұшақ, оның ішінде 3 Boeing 787 Dreamliner ұшағы келеді деп күтілуде», –…

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Атырауда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шықты деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 19 тамыз күні сағат түнгі 01:35 шамасында үшінші қабаттағы балконнан түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Қызыл жалын төртінші қабаттың балконына дейін жетіп, сол үйдегі салқындатқыш істен шыққан. 20 минуттан кейін жалын толықтай ауыздықталды.

Read More

CaspianLife, 19 тамыз — Атырауда әскери қызметші қаза тапты. Марқұм Нұрбек Ерғалиев облыстағы Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өтеп жүрген еді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. «Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша «кенеттен болған жүрек өлімі» анықталды», — делінген хабарламада. Әскери қызметшінің өліміне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шараларын қабылдауда.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атыраулықтармен мелекеттік қызметке қабылдау және мемлекеттік қызметшінің Әдеп нормаларын сақтау тақырыбында кездесу өтеді.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қалиясов Ануар Ерғалиұлы мемлекеттік қызметке қабылдау және мемлекеттік қызметшінің Әдеп нормаларын сақтау тақырыбында азаматтармен жеке қабылдау өткізеді. Кездесу 23 тамызға жоспарланған. ​Азаматтарды қабылдау уақытымен өткізу орны туралы мәліметті 87021422082, 8/7122/35-43-00 байланыс арқылы білуге болады.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атырау облысында тұрғындарды 40 млн теңгеге алдаған алаяқ қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz. Сан соғып қалған атыраулықтар полицияға шағымданған. Күдіктінің 35 жастағы Қарағанды қаласының тумасы екені анықталды. Ол екінші дәрежелі банктер арқылы тауарлық несиелер алып беремін деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатты қалтасына басып отырған. Күдіктінің бұдан өзге Атырау облысының 40 тұрғынын алдап, 40 млн теңгеге жуық залал келтіргені анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде. Қазіргі таңда алаяқ Алматы қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — «Агро Строй Индер» ЖШС уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден 5%-дан астам тарифтік сметаның шығын баптарын орындамаған. Сәйкесінше серіктестікке айыппұл салынды деп хабарлайды Атырау облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің баспасөз қызметі. «Талдау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті, 2022 жылдың 1 қазаны және 2023 жылдың 30 қыркүйек аралығында қолданысқа енгізе отырып «Агро Строй Индер» ЖШС-ның Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылына 178,47 — теңге/м3 ҚҚС-сыз және Бөдене ауылына – 253,03 теңге/м3 ҚҚС-сыз суды таратушы желілері арқылы беру реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша өтемдік тарифі мөлшерінде бекітілді (бұрын қолданыстағы тариф…

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Биыл 1 тамыздағы дерек бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеметтік көмек тағайындалды. Ол үшін бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. Одан бөлек, 1 тамызда АӘК қатарында 1-6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмысқа қажетті химиялық заттар тағайындалды. Айта кетелік, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады. Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атыраулық спортшы Нұрсұлтан Жұмабаев Түркияның Конья қаласында өтіп жатқан V Ислам ынтымақтастық ойындарында чемпион атанды. Нұрсұлтан 51 келі салмақта өнер көрсетеді. Алтыннан алқа таққан спортшы жарысқа екі апта дайындалғанын айтады. «Кикбоксинг Ислам ойындарына алғаш рет қатыстырылып отыр. Жарыстың үшінші күні кикбоксингтен турнир басталды. Бұл жарысқа мен екі апта дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын», — деді Жұмабаев. Айта кетелік, V Ислам ынтымақтастық ойындары 9-18 тамыз аралығында өтті. Оған Ислам Конференциясы ұйымына мүше елдердің үздік спортшылары қатысады. Додаға еліміздің намысын 6 спорт түрінен 125 спортшы қорғады. Оған қоса, биыл бесінші рет өтіп отыр.

Read More