CaspianLife, 16 тамыз — Атырауда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік тізгініне мас күйінде отырған 15 адам бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі. Облыстық полиция департаментінің Анықтау басқармасы жыл басынан бері 15 қылмыстық істі тергеді. Атап айтқанда, бұрын көлікті мас күйде басқарып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалар қайтадан спирттік сусын ішіп, рөлге отырған. 15 жүргізушінің ісі сотта қаралып, олар айыппұл төлеп құтылғылары келгенімен, барлық заң бұзушыларға 6 ай мен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кетелік, 15 жүргізушінің 2-еуі әйел адам. «Құқық бұзушылықтар екінші рет қайталанғандықтар сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізілді.…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 16 тамыз — Атырауда спорт үйірмелері білім алушылар тізіміне «өлі жандарды» енгізіп, 405 423 теңге көлемінде ақша алған. Бұл туралы қала прокуратурасының бөлім бастығы Ерлан Какиев мәлімдеді. Талдау нәтижесінде атыраулық кәсіпкерлердің облыстық Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық іс-шараларға бөлінген қаражатты заңсыз иемденгені белгілі болды. Ал, тізімде көрсетілген балалардың ата-аналарына хабарласқан кезде олардың ешқандай үйірмеге бармайтындары анықталған. Қазіргі таңда, 405 423 теңге толықтай өңдірілді. Одан бөлек, муызкалық мектептерде «өзге де шығындарды» негізсіз қосу фактілері анықаталды. Атап айтқанда, кей мектеп жазғы жылыту жүйесі үшін ақы алған болса, кейбіреуі жалақыны қолдан өсірген. Қазіргі таңда саз мектептерінде бағаны 10%-дан астам…
CaspianLife, 16 тамыз — ҚР Бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың тізімін жариялады. Оған 238 марқұмның тегі бар. Тізімді толық ресми органның сайтынан қарауға болады.
CaspianLife, 15 тамыз — Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева қарамағындағы қызметкерден өзге қызметке ауысуды талап етіп, «осыған келіссең еңбек демалысына жіберемін» деген. Қызметкер шенеуніктің үстінен арыз жазып, дәлел ретінде аудиожазбалар мен скриншоттарды көрсетті деп хабарлайды Caspian News теларнасы. «Хабиева қоластындағы қызметкерден басқа қызметке ауысуын дөрекі түрде талап еткен. Осылайша мемлекеттік қызметкерге тән емес іс-әрекет көрсетті», — дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігі АОД басқармасының бас маманы Динара Китенбаева. Бірақ, Нұрлы Қабиева талдау қорытындысымен келіспейді. Оның айтуынша, сектор меңгерушісі соңғы уақытта отбасылық жағдайына байланысты жиі сұрануды шығарған. «Оған түсіністік таныттым» деген…
CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда өрт сөндірушілер жалын кезінде 14 адамды эвакуациялады. Оның 8-і кәмелетке толмағандар деп хабарлады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 15 тамызда сағат 13:44-те Сәтпаев көшесінде үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Жалын 12 шаршы метрлік пәтердегі үй заттарын, жиһаз және тұрмыстық техниканы шарпыған. Сағат 14:08 шамасында өрт толықтай ауыздықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда өз ағайынының 5 млн теңге қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі. 26 жастағы күдікті Балауса ықшам ауданында тұратын 58 жастағы туысының 30 мың АҚШ доллар ақшасын көріп қалған. Қаражаттын барлығын алып кете алмаған соң, 8 мың АҚШ долларын үйдің әжетханасына тығып, тағы 3 мың АҚШ долларын үйден алып кеткен. Жергілікті полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда нан қалдықтарына арналған арнайы контейнерлер орнатылды. Бұл туралы жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Контейнерлер әр екі күн сайын тазартылып тұрады. Ондағы нан қалдықтары сұрыпталып, кептірілгеннен кейін цехқа жіберілетін болады. Ол жерде ірі қара мен ұсақ малға арналған түйіршіктелген жем дайынадалып, басқа кәсіпкерлерге сатылмақ. Арман Сагинаев әзірлеген бұл жоба әкімдік тарапынан қолдауға ие болды. «Бұл жобаны бастамас бұрын ақпараттарды іздестірдім. Алдымен, жем шығарушылармен кездесіп, баға мониторингін жасадым. Мүмкіндік бар екеніне көзім жеткен соң, қолға алуды жөн көрдім. Біріншіден, бұл қала тұрғындарының нан өнімдерінің қалдықтары бойынша проблемасын шешуге көмектеседі. Екіншіден, иттер қоқыс жәшігін шашып, ластамайды», — дейді…
CaspianLife, 15 тамыз — Құлсары қаласын дамытуға шамамен 10 млрд теңге бөлінді деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков. Вице-министр Атырау облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл-Ел бесігі» жобасы іске асырылып жатқан елді мекендерге барды. Ол Құлсары қаласаның инфрақұрылымын дамытуға шамамен 10 млрд теңге бөлінгенін айтты. Дегенмен, қаладағы бірқатар проблемалар әлі де шешілмеген. «Олардың арасында су мен жолдар мәселелері бар. Жалпы, қала инфрақұрылымын жақсартуға жеткілікті қаражат бөлініп жатыр. Бұл қаланың ең өткір проблемаларын шешуге мүмкіндік берді», — деді Б.Омарбеков. Одан бөлек, қаладағы еңбек нарығындағы жұмыспен қамтылғандар саны мен құрылыс жұмыстары көлемінің төмендегенін де тілге тиек етті. Кейін вице-министр «Ұлттық индустриялық мұнай-химия…
CaspianLife, 15 тамыз – Атырауда «Қауіпсіз жол іс-шарасы аясында 20 күнде 8638 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 315 автокөлік айыптұраққа жеткізілді деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, 467 жүргізушінің темір тұлпары техникалық байқаудан өтпеген болса, 457 адам көлік тізгінінде ұялы телефон қолданған. 1230 адам қауіпсіздік белгісін тақпаған, сондай-ақ, 277 жүргізуші басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған. 22 көлік жүргізуші қозғалыстың қарсы бағытына шықса, 13-і бағдаршамның қызыл түсінен өткіп кеткен. Жаяу жүргіншіні өткізбеген 69 адамға хаттама толтырылды. Одан бөлек, авариялық жағдай туындатқан 39, темір жол өтпелерінен өту қағидаларын бұзған 17, көлік құралын мас күйде басқарған 61 және жүргізушісі куәлігі…
CaspianLife, 15 тамыз – Атырау қаласы Қызылбалық ауылында 7 жасар бала Жайық өзеніне батып кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Оқиға 14 тамыз күні сағат 21:00 шамасында болды. Бала қайық үстінде ойнап жүріп, құлап кеткен. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
