Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 18 тамыз — Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүреді, бұл кезде нысан толығымен тоқтатылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат энергетика министрлігіне сілтеме жасап. «Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізілетін болады. АМӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70% қуаты жұмысын жалғастырады, объектілер толық тоқтатылмайды», — делінген ведомствоның ақпараттық хабарламасында.

Read More

CaspianLife, 18 тамыз — Атырауда жеңіл автокөлік жүргізушісі екі жасөспірімді қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 17 тамыз күні сағат 22:40 шамасында болған. ВАЗ 2114 автокөлігін басқарған белгісіз азамат Сәтпаев көшесіндегі «Ардагер» ойын-сауық орталығы тұсында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 18 және 17 жастағы жасөспірімдерді қағып, көлік жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кетті. Қазіргі уақытта темір тұлпар арнайы тұраққа қойылды, рөлде болған азамат іздестірілуде. 18 жастағы жасөспірім Балалар ауруханасына жеткізілді. Мамандар жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Атырау қаласындағы Төлесін Әлиев көшесінде салынып жатқан 4 қабатты «Көктем» тұрғын үй кешені бітпей жатып, сүрілетін болды. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осылай деп үкім шығарды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы өткен жылы қала тұрғынының арызынан кейін ғимарат құрылысын тексеруге кірісіпті. Нәтижесінде жеке кәсіпкер Суханов құрылысты ешқандай құжатсыз, мемлекеттік органдарға хабарлама берместен бастағаны анықталды. Оның үстіне қаланың бас жоспарына сәйкес бұл аумақ көп қабатты емес, жеке тұрғын үй салуға арналған. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы кәсіпкерге 1 млн. 43 мың 780 теңге айыппұл салып, бұзушылықтарды жою және құжаттарын ретке келтіргенге дейін құрылысты тоқтату туралы нұсқама берген. Кәсіпкер бұған қарамастан…

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Қазақстанда күз мезгілінен бастап электр энергиясы қымбаттайды. Мұны Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Тимур Қосымбаев хабарлады. Еске сала кетейік, 1 шілде күні коммуналдық қызметтердің тарифін көтеруге тыйым салған мораторийдің мерзімі аяқталған еді. Содан бастап монополистер мемлекеттік органдарға тарифті көтеру туралы өтініштер жібере бастады. Оның ішінде электр энергиясының бағасын өсіру де бар. Ал коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылған кезеңде тұрғындар үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне үнемдеу 840 млн теңгені құрады. Бірақ министрліктегілер әрбір өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдайға мұқият талдау жүргізіледі деп сендіріп отыр. Сондай-ақ, «тариф көрсеткіші инфляция деңгейінде болуы керек» дейді…

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Атырау облысының әкімдігі «QIYAL ATYRAU» тұрғын үй-құрылысына асығыс ақша салмауға шақырды. Бұған аталмыш кооперативтің рұқсат құжаттарын алмауы себеп деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. «Қазіргі таңда Атырау облысының Әділет департаментінде «QIYAL ATYRAU» тұрғын үй-құрылыс кооперативі тіркелгенін хабарлаймыз. Айта кетейік, осы ТҚК, тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауға рұқсат құжаттарын алмаған. Осыған байланысты, рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға қаражат аударуға асығыстық танытпауға және аталмыш тұрғын үйлерден пәтер сатып алу кезінде де қырағы болуға шақырамыз», — деп мәлімдеді облыстық МСҚБ басқармасының басшысы Ерлан Қабдинов.

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Өзбекстандық кәсіпкерлер Атырау облысымен сауда саласындағы ынтымақтастықты кеңейткісі келеді. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен Өзбекстан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулы Атабек Тұрсынбековпен кездесу барысында айтылды. Жиынға Өзбекстан делегациясын Хорезм облысы әкімінің орынбасары Шерзод Исмаилов бастап барды. Делегация басшысының айтуынша, бұл оның Қазақстанға бірінші сапары емес және Өзбекстан тарапы ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Олар бұл жолы сауда, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдері саласындағы байланыстарды кеңейтуді мақсат етіп отыр. «Біз үшін ірі сауда нарықтарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша белгілі бір келісімдер жасалды. Біздің делегация құрамында жемістер мен көкөністерді экспорттауда тәжірибесі мол ірі…

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Атырау облысында бір күнде екі қора өртеніп кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі. 16 тамыз күні сағат 18:36 шамасында Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылындағы тұрғын үйдің ауласындағы мал қорада өрт шығып, 40 рулон шөп жанып кетті. Одан бөлек жақын маңдағы үйдің сыртқы полифасад қаптамасы балқып кетті. Дәл сол күні кешкісін сағат 22:33 шамасында Жылыой ауданы, Майкөмген ауылындағы шөп қора өртеніп, ішіндегі 10 рулон шөп жанып кетті. Қызыл жалын үш сағаттан кейін толықтай ауыздықталды.

Read More

CaspianLife, 17 тамыз — Атыраудағы Нұрсая және Самал ықшам ауданжарындағы жарық мәселесі 2023 жылға қарай толықтай шешіледі деп мәлімдеді Атырау тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиев. Бұған дейін аталмыш шағын аудандардың тұрғындары жарықтын жиі сөнетінін айтып, шағымданған болатын. Әлібек Мұханбеталиев электр жарығы жер асты кабельдері тозып кеткендіктен сөне беретінін айтты. Оған себеп жер асты суларының тұзды болуы. Дегенмен, мамандар бұл мәселенің шешімін тапқандарын айтады. «Қазір жобасын жасап жатырмыз. Оған жаңадан шыққан «сшитый полиэтиленді» қостық. Егер бұл жұмыстарды 2023 жылға дейін аяқтасақ, Нұрсая мен Самал ықшам аудандарындағы жарық мәселесі толықтай шешіледі», — деді Мұханбеталиев.…

Read More

CaspianLife, 16 тамыз — Атырау-Астрахань тас жолы баяу салынуда. Облыс әкімі Серік Шәпкенов құрылыс барысын өз көзімен көргеннен кейін осындай қорытындыға келді. Ол облыс тұрғындарына қайта жаңғырту жұмыстарын өзі жіті бақылауға алуға уәде бергенін айтып, жауапты мердігер компанияларға тапсырма берді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Болатбек Айтбаев тасжолдың 20 шақырымы ашық екенін және тағы 10 шақырымы жуықта қолданысқа берілетінін мәлімдеді. «Бүгінде Атырау-Астрахань тасжолының реконструкциясы аясында 217 шақырым жолдың құрылысы жүруде. Оның 54-іне негізгі төсем салынса, 45 шақырымына қара қиыршық тас төселді. Ал 22 шақырымына бір қабат асфальт бетон төселді. Оның 20 шақырымы қолданысқа берілді», — деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ…

Read More

CaspianLife, 16 тамыз — Президент 16-24 тамыз аралығында Атыраудағы Абай орталығында өтетін «Atyrau Chess Festival 2022» бірінші халықаралық шахмат фестивалінің қатысушыларын құттықтады. Бұл туралы фестивальды ұйымдастырушы Динара Сәдуақасова өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. «Достар, күні кеше біздің команда Атырауда 16-24 тамыз аралығында өтіп жатқан «Аtyrau Chess Festival 2022» ұйымдастыруына байланысты Мемлекет басшысының құттықтау хатын алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хатында турнир ұйымдастырушылары мен қатысушыларын құттықтады. Бұл мен үшін шынымен үлкен мәртебе! Біздің шара — Қазақстанның осы өңірінде өткізіліп жатқан бірінші халықаралық шахмат турнирі. Фестиваль ұйымдастырушысы ретінде еліміздің Президентіне сенім білдіргені үшін ерекше алғыс білдіремін», — делінген жазбада. Айта кетелік, жарысқа Қазақстан, АҚШ,…

Read More