Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 тамыз — Құрманғазы ауданы Хиуаз ауылының Шароновка өзеніне 11 жасар қыздың мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Қыз бала 13 тамыз күні 13:50 шамасында суға батып кеткен. Бүгін сағат 08:45-те тұрғындардың күшімен мәйіт табылып, судан шығарылды. ТЖД қызметкерлері суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде шомылмауларыңызды және балаларды жалғыз су қоймаларына жібермеулеріңізді сұрайды!

Read More

CaspianLife, 14 тамыз — Атырауда әйел 4-ші қабаттан секірмек болды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Терезеден секіргелі тұрған әйел туралы бүгін сағат 09:09 шамасында хабар түскен. Аталған мекенжайда құтқарушылар және полиция қызметкері автосаты арқылы пәтерге терезеден кіріп белгісіз әйел адамды далаға шығарып полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Read More

CaspianLife, 14 тамыз — Доссор-Бейнеу тас жолындағы жол апатынан 31 жастағы жолаушы қаза тапты деп хабарлайды Атырау облыстық ПД-нің баспасөз қызметі. Оқиға 13 тамызда сағат 13:30 шамасында болды. Тас жолдың 157 шақырымында Лада Гранта автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісң көлікті басқара алмай қалған. Жол-көлік оқиғасынан көліктегі жолаушы көз жұмды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 14 тамыз — «Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ», — деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов. Министр шетелдік БАҚ-тың Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Әзірбайжан арқылы қайта бағыттауды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бұған дейін қыркүйектен бастап Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай құбыры арқылы жылына 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнай экспортталуы мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған болатын.  Осы орайда Ақшолақов Қазақстан мұнай тасымалдау бойынша қандай да бір келісімге қол қояды деп ойламайтынын айтты. «Бұл мәселе кей жерлерде техникалық талқыланып жатыр. Бірақ қыркүйекте мұнай жөнелту туралы келісімге қол қою туралы айтып отырған жоқпыз. Оған қоса, 1,5 миллион тонна біздің экспорттық…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз – Биыл Атырауда 320 мың шаршы метрден астам үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді. Бүгін құрылысшылар күніне орай «Құрманғазы» мәдениет сарайында салтанатты жиын өті. Шара барысында құрылысшылар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мереке иелерін құттықтады. «Маңызды сала өкілдері, құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында елімізде ірі инвестициялық жобалар, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде. Атап айтқанда, осы жылы облыста 320 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оған қоса, 14 мектеп, 4 балабақша, Құлсары қаласынан…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз — Қызылқоға ауданына жаңа әкім тағайындалды. Енді аудан басшысының қызметін Қанат Әзхмұханов атқарады. Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Қызылқоға мәслихатының депутаттарына жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Қанат Әзмұханов Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдады. Сондай-ақ, құқықтану магистрі, іскерлік әкімшілік жүргізу докторы. Әзмұханов «Жүзе» ЖШС-де заң кеңесшісінің көмекшісі және заңгер қызметін атқарды. Кейін «КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары және басшысы, сондай-ақ, «RegionTransCom» ЖШС-нің бас директоры болды. 2010-2012 жылдар аралығында «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Кейін 2013 жылға дейін «KazTransOil-Logistik» ЖШС-нің директоры…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз – Атырауда 9 жасар қыздың тұсауы кесілді деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Альмира есімді қыздың «Қамқорлық» оңалту орталығында ем алып жүргеніне 2 аптадай болды. Бұған дейін 9 жасар қыз биыл 31 қаңтарда иттен қашамын деп сол жақ аяғын соғып алған. Кейін жамбас сүйегіне 78.15 және 79.15 кодты оталар жасалынып, 8 шілде күні жамбас сүйегінен имплантталған фиксаторларды алып тастау отасы жасалды. Бүгінде дәрігерлердің көмегімен аяққа қайта тұрған Альмира қанағаттанарлық жағдаймен үйіне жіберілді.

Read More

CaspianLife, 12 тамыз – Атырауда 1000 жұмыссыз қайта даярлаудан өтеді. Бұл «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы бойынша іске аспақ. Биыл 4-10 шілде аралғында аймақ бойынша жұмыссыздарды оқытуға іріктеу жүрді. Оған 680 адам қатысты. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мамбетов оқыту 2-4 ай аралығында жүретінін айтады. «Қазір «APEC Petro Technic» ЖШС жоғары колледжі, «ILT» оқу орыны және «Ақтау» оқу орталығында 11 мамандық бойынша оқуға 350 адам қабылданып, білім алуды бастап кетті. Мұнда еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар бойынша оқу жүргізілуде. Оқу аяқталған соң, бітірушілердің білімін дәлелдейтін арнайы сертификат беріледі», — деді Азамат Мамбетов. Сонымен қатар «Теңізшевройл»…

Read More

CaspianLife, 12 тамыз – Атырауда аз қамтылған 994 отбасыға 258 млн теңге көлемінде атаулы көмек тағайындалды. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлімдеді. Аз қамтылған отбасылардың 775-не шартты ақшалай көмек берілсе, 247-сіне шартсыз берілді. Яғни, шартты ақшалай көмек құрамында кемінде бір еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға арналған, әлеуметтік келісімшарт жасалған және адал орындаған жағдайда көрсетіледі. Ал, шартсыз ақшалай көмек еңбекке жарамсыз азаматтары бар отбасыларға немесе отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесі объективті себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ жағдайда беріледі. «Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай көмек түрін алушылардың ішінде еңбекке қабілетті адамдар саны 1326 адам. Оның…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз – Атырауда жүкті әйел ауруханада көз жұмды. Ал іштегі шақалақтың шетінеп кеткенін күйеуі кейін білген. Бұл туралы қоғамдық белсенді Нұрлан Жунасов «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жариялады. Марқұмның күйеуінің айтуынша, жары жүктіліктің 17-нші аптасында болған. «Әйелім ауруханаға түсті. Бір күннен кейін оны кері шығарып жіберді. Үйге келген соң әйелімің жағдайы нашарлап, қан құсып тұрды. Ауруханаға қайта жатқызғаннан кейін әйелім көз жұмды», — деді марқұмның жолдасы. Тұрғын әйелі түсік тастағаның оның қайтыс болғаны туралы анықтаманы алуға барған кезде бір-ақ білді. Шақалақтың денесі мәйітханада он күн жатқан. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі бала қалды. Жас отбасының шаңырақ құрғанына небәрі үш жыл…

Read More