Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ — CaspianLife ақпараттық порталы
Среда, 27 сентября, 2023
Қазақша
Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
CaspianLife ақпараттық порталы
  • Басты бет
  • Қоғам
    • Саясат
    • Білім
    • Құқық
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
ОНЛАЙН
No Result
View All Result
CaspianLife ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ

14.08.2022
Жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Қоғам, Мұнай-газ, Өндіріс, Өнеркәсіп, Экономика
0
Мұнай өнімдерін шекарадан асыруға жаңа шектеу енгізіледі

CaspianLife, 14 тамыз — «Қазақстан мұнайын тасымалдау бойынша Әзірбайжанмен келісім жоқ», — деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Оқи отырыңыз...

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

АМӨЗ: жанармай тапшылығы болмайды

27.09.2023
Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

Қарақияда полицей тұрғыннан 200 мың теңге алған

27.09.2023

Министр шетелдік БАҚ-тың Қазақстан мұнайдың бір бөлігін Әзірбайжан арқылы қайта бағыттауды жоспарлап отырғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Бұған дейін қыркүйектен бастап Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай құбыры арқылы жылына 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнай экспортталуы мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған болатын.  Осы орайда Ақшолақов Қазақстан мұнай тасымалдау бойынша қандай да бір келісімге қол қояды деп ойламайтынын айтты.

«Бұл мәселе кей жерлерде техникалық талқыланып жатыр. Бірақ қыркүйекте мұнай жөнелту туралы келісімге қол қою туралы айтып отырған жоқпыз. Оған қоса, 1,5 миллион тонна біздің экспорттық бағыттағы мәселені шеше алады деу ақылға сыймайды», — деді ол.

Министр Каспий Құбыр Консоруиумы (КҚК) тоқтаған кезде Қазақстан мұнайды Батуми порты арқылы тасымалдағанын, оның өткізу қабілеті 5 млн тоннаны құрайтынын еске салды.

«Сондықтан бұл — риторикалық сұрақ. 1,5 миллион тонна өмірді айтарлықтай жеңілдетпейді. Әзірге министрлікте мұндай келісімге қол қою жоспарымызда жоқ. Кейбір есептеулер бар, бірақ мен мұндай келіссөздерді жүргізген жоқпын», — деді Ақшолақов атыраулық журналистермен кездесу барысында.

Бағыттарды әртараптандыру мәселесіне тоқталған министр Теңіз кенішін кеңейтумен 2024 жылға қарай өндіріс көлемі 12 миллион тоннаға дейін өсетінін атап өтті. Жалпы, мұнай өндіру 100 миллион тоннаға жетеді.

«Ол уақытқа дейін бізге экспорттық бағыттар қажет болады. Әзірге негізгі нұсқа — КҚК. Бірақ жағдай жақсармаса, балама бағыттарды ойластыру керек. Қалай болғанда да, қайта бағыттау бір жылда жасалмайды. Біз инфрақұрылым құруымыз керек», — деді министр.

Министр төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігіне де тоқталды.  Оның айтуынша, ең оңтайлы нұсқа – Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту, өйткені оны жобалау кезінде өңдеу көлемі 12 миллион тоннаны құрайтынын ескерген.  Сондай-ақ, нөлден жаңа зауыт салу тым қымбатқа түседі.

Алайда, министрдің айтуынша, қазір бұл мәселенің жөні жоқ, өйткені үш мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы ішкі тұтынуды толығымен қамтамасыз ете алады.

«Тұтыну өскен кезде біз кеңейту мәселесін көтереміз», — деп түсіндірді ол.

Ақшолақовтың болжамы бойынша, қазіргі дизельдік отынға тарифтерді делимитациялау жанар-жағармайдың сыртқа шығу мәселесін шеше алады.

Тегтер: CaspianатырауӘзірбайжанКҚКмұнайтасымалдауэнергетика
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Facebook Instagram Youtube Telegram

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: caspianlife2050@gmail.com
Телефон: +7 7122 514 084
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Сары-Арқа ш/а, 39-22

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қоғам
    • Құқық
    • Білім
    • Саясат
    • Экология
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Әлем
  • Спорт
  • Мұнай-газ
  • Қазақша
  • Русский
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2020-2022 / Caspianlife.kz /- Барлық құқықтар қорғалған.