Автор: Сайт әкімшілігі

СaspianLife, 11 тамыз – Атырауда 250 орындық психикалық денсаулық орталығының жаңа ғимараты бой көтереді. Бұл туралы Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Елдос Кдрсихов мәлімдеді. Қазіргі таңда облыстық психикалық денсаулық орталығының екі ғимараты қолданыста. Оған 2020 жылы қаңтар айында күрделі жөндеу жасалған болатын. Нысанда әкімшілік, наркологиялық стационар, мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі, бейімдеу және детоксикация орталығы орналасқан. Ал, психиатриялық стационарлары бар аурухана бір қабаттан тұрады. Оның ішінде 5 психиатриялық бөлімше болса, қалған 8 бөлім шаруашылық мақсатта қолданылады. Мекеме директорының айтуынша, психиатриялық стационардың барлық ғимараттары апаттық жағдайда болғандықтан, келер жылы облыста 250 орындық жаңа ғғимараттың құрылысы басталады. Қазіргі таңда сметалық құжаттары жасақталуда. Сондай-ақ,…

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Атыраулық 20-ға жуық велосипедті ұрлап кетті деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  29 жастағы ер адам бірнеше аудандағы үй ауласында және подъезд ішіндегі жергілікті тұрғындардың 19 велосипедін қолды қылған. Оның бұл әрекеті қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әшкерелеген. Күдікті 3 тамыз күні Вокзал маңы ықшам ауданынан ұсталды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Read More

CaspianLife, 11 тамыз — Атырау облысы әкімінің бірден екі орынбасары тағайындалды. Олар Қайрат Нұртаев пен Жасұлан Бисембиев. Екеуі де Атыраудың тумасы. Қайрат Нұртаев Атырау мұнай-газ университетін және Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін тәмамдаған, сондай-ақ экономика және бизнес магистрі. Нұртаев Экономика және кәсіпкерлікті қолдау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінде қызмет етті. 2019-2021 жылдары аралығында Құрманғазы ауданының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін Атырау облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды. 2022 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін «БатысАлянсстрой» ЖШС бас директоры болған. Ал, Жасұлан Бисембиевтің Атырау облысында жұмыс істеп жүргеніне көп болды. Ол бұған дейін, әкім апапраты бөлімінің маманы және…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Бүгін Б. Хаменова, А. Рысқалиев және Н. Адамовқа қатысты сот отырысының екінші процессі өтуде. Сот барысында Хаменова тағылған айыппен келіспейтінін айтты. Ал, Рысқалиев Хаменова мен Адамов арасында тек делдалдық қызмет атқарғанын жеткізді. Ал, кәсіпкер Адамбаев өз кінәсін толықтай мойындады. Хаменованың адвокаты айыпталушыны тергеу абақтысынан үй қамаққа ауыстыруын сұрады, алайда прокурор қарсылығын білдірді. Сот процессі түсте жалғасатын болады.

Read More

CaspianLife, 10 тамыз – Қытайда жұмыссыз жастар көбейді. Ресми деректер бойынша, 11 миллион колледж бен ЖОО түлектері жұмысқа тұра алмай жүр. Бұл шамамен 20%-ды құрайды. Жақын арада олардың саны 20 миллионға жетуі мүмкін. Бұған себеп Қытайдағы короновирустық дағдарыстың кесірінен жұмыс орындарының қысқаруы болып отыр. Негізінен өндірістік және қызмет көрсету саласындағы кадрлар қысқартылды. Жұмыс берушілер мұндай қадамға экономикалық қиындықтар итермелегенін айтады. «Аспирантурада оқып жүргенде мұндай проблемамаен бетпе-бет келемін деп ойламаппын. Ол кзде маған бірден екі компания жұмыс ұсынып еді. Оқуды аяқтаған кезде екі компанияда да штаттық қысқартулар болғанын білдім. Қазір жұмыс табу оңай емес», — дейді түлектердің бірі Лю Цянь.

Read More

CaspianLife, 10 тамыз – Италияда бірнеше жыл бойы көшеде қайыр сұраған әйел лотореядан 1,2 млн еуро көлемінде ақша ұтып алды. Бұл туралы Euronews агенттігі хабарлады. Мерседес есімді әйел 4 жыл бойы Аликанте қаласындағы Ла-Флорида ауданында өткен-кеткеннен ақша сұраумен болған. Күнде таңертең Estanco-54 лоторея дүкеніне қарама-қарсы тұрған супермаркетке келіп түскі 2-ге дейін отыратын. Кейін тұрғын лоторея дүкеніне жаңадан келіп жатқан билетті 1 еуроға сатып алды. Ал, 2 тамыз күні Мерседес 1,2 млн еуро ұтып алғанын білді. Қуанған әйел лоторея дүкенінің иесі Мари—Анхелес Торрегросқа «өмірін жеңілдеткенін» айтып, алғысын жаудырған. «Қуаныштан төбеміз көкке екі елі жетпеді! Ақшаны дәл Мерседес ұтып алады деп ойламаппын!»,…

Read More

CaspianLife, 10 тамыз – Биыл Атырау облысында 7 айдың ішінде 693 ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. 1731 жұп шаңырақ көтерді. Мамандар ажырасуға өтініш беретіндердің қатарында орта жастағылардың көбейіп бара жатқандығын айтады. Мысалы, 51 жыл отасып, алтын тойды өткізген ерлі зайыпты былтыр екіге айырылыпты. «Қазіргі таңда некелерін бұзып жатқан үлкен кісілер деп айтуға болады. Бұрын тек жастарды жиі келетін. Қазір үлкен кісілер де некелерін бұзып жатады. Арыз жазғанда олар мінездің келіспеушілігі деп жазады ғой. Бүкіл проблемасын, тұрмыстық жағдайларын көрсетпейді», — дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы Эльвира Кендирбаева. Былтыр некеге 3558 жұп тұрса, 1995 жұп ажырасты. Ең…

Read More

CaspianLife, 10 тамыз – Атыраудағы логистика және транспорттық қызмет көрсетуші кәсіпкерлер саланың дамуында бірінші және екінші санаттағы автокөлік жолдарының ақылы болуы кедергі дейді. Мұндай жолдарды қолдану құны кемінде 20 мың теңге болатын көрінеді. Бұл сома кейін тауар бағаысна қосылып, азық-түліктің қымбаттауына әкеледі. «Айналма жолдар үшін, жеткізу мерзімін кешіктіргеніміз үшін қосымша ақша төлейміз. Жолдың сапасы нашар болған соң автөкөліктеріміз жиі бұзылады. Онымен қоймай сол жол үшін ақша төлеуіміз керек», — дейді транспорттық-логистикалық компанияның өкілі Талғат Ажанов. Сондай-ақ кәсіпкерлер шетелден әкелінетін техниканы сертификаттау мәселесін де қозғады. Олар компанияларға қойылатын талаптардың тым жоғары, ал сертификат бағасының қымбаттығына наразы. «Техниканың көбісін Еуропадан әкелеміз. Сосын…

Read More

CaspianLife, 10 шілде – Атырау облысында биыл 7 айда 159 техногендік өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өткен жылмен салыстырғанда 13,5%-ға азайған. Ал, зардап шеккендер 11 адам, оның көрсеткіші 8,3%-ға төмендеген. Өкінішке қарай, 2 адам қаза тапты. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында 26 440 жеке тұрғын үйлер араланып, 78 897 тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 79 289 дана жадынамалары таратылған. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Read More

CaspianLife, 9 тамыз — Балалар жылында «Жалпыға міндетті білім беру» қоры аясында оқушыларға көрсетілетін материалдық көмек ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Халықтың әлеуметтік осал санатындағы 400 мыңнан астам бала мемлекеттен қаржылай қолдауға ие болатынын айта кетейік. Бұған дейін бөлінген сома 17 мыңнан 40 мың теңгеге дейін болса, биыл көмек мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 37 389 теңгеден төмен болмауы керек. Сондай-ақ, ата-аналар балаларына оқу жылына қажетті кеңсе тауарлары мен киімдерді өз бетінше таңдай алады. Бұған әкімдік алып берген тауарлардың көлемі мен сапасына байланысты шағымдар себеп болды. «Ата-аналардың шотына ақша тікелей түсіп, мектеп формасын, кеңсе…

Read More