Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 4 тамыз – Қаржы мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкерлері заңсыз құмар ойын орындарын анықтады деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі. Екі азамат 2021 жылдың тамыз айы мен 2022 жылдың маусым айларының аралығында Атырау қаласында орналасқан монша ғимаратынан және пәтерде заңсыз тиым салынған құмар ойынды жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ойын бизнесі тәртібін бұзған. Сот үкімімен екі адам қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 4 тамыз — «Атырау» ӘКК жыл сайын шығынға батуына байланысты, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті АҚ-ның жұмысын сынға алды. Атап айтсақ, «Атырау» ӘКК корпорациясы АҚ қызметінің 2019 жылы шығыны 718 млн.265 мың теңгені, 2020 жылы – 779 млн. 891 мың теңгені, 2021 жылы – 1 млрд. 055 млн. 586 мың теңгені құрады. Антикордың пікірінше, тәуекелі жоғары жобаларға қаражат салу және нәтижесінде ақшаны жоғалту; салынған қаражатты қайтарудың әлсіз кепілдіктері бар сапалы емес шарттар; өнімділігі төмен жекелеген департаменттердің штат санының көптілігі, сондай-ақ функциялардың қайталануы; кадрларды іріктеуде ашықтықтың болмауы және тәртіптік жаза қолданылған кезде оларға сыйақы беру, функционалдық міндеттер жүктелмеген лауазымдардың…

Read More

CaspianLife, 4 тамыз – Атырау қалалық әкімдігі аппаратының жаңа басшысы болып Самат Емберген тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Самат Емберген 1979 жылы дүниеге келген. 200 жылы Х. Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдап, 2007 жылы заңгер мамандығы бойынша аяқтады. 2005 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүр. Ол бұған дейін қала әкімі орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Read More

CaspianLife, 4 тамыз – Атырауда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі. Бүгін сағат 11:30 шамасында 59 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі жаяу жүргінші жолынан өтіп бара жатқан тұрғыны қағып кетті. 34 жастағы зардап шегуші дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қажетті құжаттар жасақталуда.

Read More

CaspianLife, 4 тамыз – Атырау облысының Экология департаменті «Атырау Мұнай өңдеу зауытын» тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықтады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Сарқынды сулардың төгінділері туралы деректер дұрыс толтырылмаған. Сондай-ақ қалдықтардың көлемі туралы кестені зерделеу кезінде деректер толық ұсынылмаған. Қондырғылардың аумағында пайдаланылған химиялық реагенттердің және пайдаланылған майлардың бөшкелері, металл сынықтары, пайдаланылған майланған резеңке бұйымдары, дәнекерлеу электродтарының тұқылдары анықталды. Бетон сынықтары түріндегі құрылыс қалдықтарды жинауға арналған арнайы жабдықталған орындар жоқ екені белгілі болды», — дейді Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов. Тексеру кезінде механикалық тазалау қондырғысының аумағында құрамында мұнайы бар ағындар орналастырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар булану кезінде қаланың атмосфералық ауасына…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Атырауда 22 жастағы ұрлық жасаған деструктивті діни ағым өкілі 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Тұрғын қала аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығының ғимаратының пластикалық терезесі арқылы ішіне заңсыз кіріп, мүліктерді қолды қылған. Атап айтсақ, жанар-жағармай өлшейтін манометр құрылғысы салынған чемодан, екі түрлі кілттер жиынтығы салынған чемодандарын және болгарка құралын ұрлап, оқиға болған жерден қашып кеткен. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің деструктивті діни ағым өкілі екендігі анықталды. Одан бөлек, ер адам бұрын да сотталған болып шықты. Қазіргі уақытта 22 жастағы тұрғынға 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 3 тамыз – Атырауда қала сыртындағы республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Атырау-Орал, Доссор-Құлсары-Бейнеу және облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз тас жолдарына сергек камерасын орнату мәселесі көтерілді. Бұған жол көлік оқиғасынын көбеюі себеп болып отыр деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. Атырауда 10 күн ішінде 4500-ге жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталған. Оның ішінде қала аумағында 1970, қала сыртындағы тас жолдарда 1452, Жылыой ауданында 254, Құрманғазы ауданында 182, Махамбет ауданында 173, Исатай ауданында 148, Қызылқоға ауданында 103, Индер ауданында 97 және Мақат ауданында 84 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді. ««Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған 10 күн ішінде Атырау қаласы аумағында…

Read More

CaspianLife, 3 тамыз – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов брифинг барысында Атырауда жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. «Мұнай-газ-химия саласында 6 жоба іске асырылуда, оның ішінде қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндірісі, Атырау облысында қуаты жылына 1 млрд текше мтер шикі газ болатын газ өңдеу зауытын, Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауытын салу, сондай-ақ полиэтилен мен бутадиен өндіру жобалары пысықтаудың әртүрлі сатыларында», — делінген министрліктің хабарламасында. Одан бөлек, газ тасымалдау жүйесін салуға, жаңғыртуға, жылу электр орталықтары мен елді мекендерді газбен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайтуға бағытталған…

Read More

CaspianlLife, 3 тамыз – Жылыойлық Гүлхан Шыңғысхан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 27 мен 8 тамыз аралығына Ресейдің Владивосток қаласында Халықаралық Азия балалары ойындары өтуде. Аталмыш додаға әлемнің 12 елінен 1500-дей спортшы 19 спорт түрінен қатысып бағын сынайды. 44 келіде Гүлхан Шыңғысхан дзюдодан қола жүлдені қанжығасына байлады. Ол бұған дейін Азия кубогында күміс медальды иеленген еді.

Read More

CaspianLife, 3 тамыз — Бүгін Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты соттың бірінші отырысы өтуі қажет болатын. Алайда, Атырау қаласының №2 сотының шешімімен айыпталушы Бақытгүл Хаменова айыптау актының көшірмесін алмауына байланысты сот отырысы 11 тамызға шегерілді.

Read More