CaspianLife, 1 тамыз – ҚР ИИДМ Вице-министрі Алмаз Ыдырысов Ақтөбе мен Атырау облыстарына іссапармен барып, жалпы ұзындығы 722 шақырым болатын «Ақтөбе-Қандыағаш», «Қандыағаш-Мақат» және «Атырау-Астарахань» жолдарындағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. Ыдырысов Атырау облысы Жамансор ауылында өндірістік базада7 лотты қамтитын және жалпы 304 шақырымды құрайтын «Қандыағаш-Мақат» жобасы бойынша жиын өткізсе, «Атырау-Астрахань» жобасының құрылыс-монтаждау жұмыстарын талқылау үшін арнайы жиынды Аққыстау өңірі мен Исатай стансасында өткізді. Жиын барысында жергілікті мердігер ұйымдардың өкілдері құрылыс жұмыстарына қажетті инертті материалдардың облысқа уақытылы жеткізуде қиындықтың барына тоқталды. Осыған орай, Алмаз Ыдырысов «ҚазАвтоЖол» ұлттық операторына бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ, вице-министр…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 31 шілде — Махамбет ауданының әкімі суға батып кетті деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі. Бұл туралы бүгін кешкі 22:38 шамасында қызметкерлерге хабар түскен. Оқиға орнына 3 құтқарушы, жедел құтқару жасағының 1 техникасы жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
CaspianLife, 29 шілде — Өңірде «Жұлдыз 3» және «Көктем» елді мекендерінде балабақша құрылысы жүргізілуде деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 160 орындық екі қабатты бөбекжайлардың құрылысы былтыр басталған болатын. Аталған балабақшалар «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынуда. Құрылыс бөлімі мамандардың айтуынша, қазіргі таңда жұмыстың 80%-ы аяқталған. Бүгінде терезе қондыру жұмыстары бітті, төбе жабындылары жабылуда және ішкі құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, сыртқы инфрақұрылым жұмыстары да қоса атқарылуда.
CaspianLife, 29 шілде — Атырау мұнай өңдеу зауытында қайта іске қосылу жұмыстары жүріп жатыр. Зауыт құрылғыларының кейбірі істен шыққандықтан қазір олар ретке келтірілуде. Айта кетелік, осыдан бірер күн бұрын кәсіпорын жұмысы тоқтап қалған еді. Бұған КЕГОК компаниясының электрэнергиясын беруді аяқасты тоқтатып тастауы себеп болды дейді басшылық. Кәсіпорынға электр қуаты қайта берілгенімен, зауытты толықтай іске қосу мүмкін болмай отыр. «Электр энергиясы өшкеннен кейін істен шыққан каталитикалық крекер бітеліп қалған. Қазір оны технологиялық құралдармен тазартып жатырмыз. Тазарту жұмыстары аяқталғаннан кейін каталитикалық крекингті қайта іске қосатын боламыз», — дейді «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов.
CaspianLife, 29 шілде – Әлеуметтік желіде белгісіз нәрсені шашып жүрген тікұшақтың видеосы тарай бастады. Видео авторының сөзінше, тікұшақ «вирус шашып жүр». Аталған видеоға қатысты «Қазавиақұтқару» АҚ-тың баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. «2022 жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ ұшағы шартты өртті сөндіру бойынша жоспарлы оқу-жаттығу ұшуларына тартылды. Оқу барысында су ағызу құрылғысы арқылы суды төгу техникасы қолданды», — делінген хабарламада.
CaspianLife, 29 шілде – Атыраудың кей бөлігінде ыстық су беру тоқтатылады деп хабарлайды «Атырау жылу желілері». Азаттық даңғылындағы жолды кеңейту жұмыстары байланысты төмендегі мекенжайларға ыстық су беру тоқтатылады. Азаттық 131а; 133б; Әуезов 55, 57, 59.
CaspianLife, 29 шілде – Атыраулық 6 жасар науқас бүлдіршінге демеушілер оттегі аппаратын сыйлады деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Раяна Кубышева туғаннан оттегі аппаратына тәуелді. Сондықтан ауруханаға жиі келуі қажет. «Артель Инжиниринг» компаниясы құны 500 мың теңге тұратын аппарат алып берді. Ресейде жасалған құрылғыны 5 жылға дейін пайдалануға болады. «Біздің компания облыстық денсаулық басқармасымен бірлесіп қайырымдылық жобаларын атқарып келеді. Мұндай қымбат құрылғыны алуға бәрінің жағдайы жетпейді. Оған қоса ауруханаға жиі қатынау да қиындық тудырады. Осындай қайырымдылық шараларын алдағы уақытта тағы жалғастырамыз», — деді «Артель Инжиниринг» компаниясының коммерциялық бөлім басшысы Алёна Сергеева. Науқас бүлдіршінге көмек қолын созған компания басшылығына аурухана ұжымы да…
CaspianLife, 28 шілде — АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп CNN арнасына өзі туралы жалған мәлімдемелер таратты деп айып тағып, сотқа беретінін хабарлады. «Бұл туралы телекомпанияның өкілдеріне де айттық», — дейді экс-президент. Трамп өзі туралы жалған ақпарат таратқан басқа да БАҚ-қа қатысты шара қолданатынын жеткізді. Оның адвокаты Джеймс Трастидің мәліметінше, CNN телеарнасы экс-басшыға қатысты 8 мыңға жуық жалған мәлімдеме таратқан. New York Post басылымының дерегінше, телекомпанияға барлық таратқан жалған ақпараттарды теріске шығарып, ресми кешірім сұрау үшін 10 күн уақыт берілді. Айта кетелік, Дональд Трамп қайтадан президенттік сайлауға қатысуы мүмкін. Оның айтуынша, 2020 жылы Демократиялық партия өз күштерімен Миннеаполис, Чикаго және Портлендте бейбітшілік…
CaspianLife, 28 шілде – Атырау облысында жарты жылда экологиялық заңнама талаптары 131 рет бұзылған. Бұл туралы облыстық экология департаменті басшысының м.а. Сырым Тілегенов мәлімдеді. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша 57 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 17 профилактикалық бақылау, 25 жоспардан тыс тексеру және 15 бақылаудың басқа нысаны. Тексеріс нәтижесінде экология департаменті 190 млн теңгеге жуық 79 әкімшілік айыппұл салды. 80 млн теңгеге жуық сомада 63 айыппұл ерікті түрде өндіріліп алынды. Сондай-ақ, Экология департаменті тәртіп сақшыларымен бірігіп автокөліктерге де рейдтік шара жүргізген. Нәтижесінде 13 автокөліктің пайдаланылған газ сынамалары алынды. 9 автокөлік шекті рұқсат етілген концентрация нормативтен асқан. Автокөлік иелеріне полиция инспекторларымен…
CaspianLife, 28 шілде – ҰБТ-дан жоғары балл жинаған атыраулық Ризабек Алпамыс Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute of Science and Technology (UNIST) университетіне оқуға түсті деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі. Ризабек — «Білім-Инновация» лицей-интернатының түлегі. ҰБТ-дан 132 балл жинап, Оңтүстік Кореяның екі алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу және технология университеті мен Гонконгтағы ғылым және технологиялар университетінен шақырту алған. Түлек 2021 жылы Еуропалық физика олимпиадасынан күміс медаль, биыл Азия олимпиадасынан қола медальді қанжығасына байлаған. 2021-2022 жылдары халықаралық физика олимпиадасынан екі дүркін күміс медаль иегері атанды. Биыл О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиададан да алтын медаль иемденген. Ulsan National Institute of Science and Technology оқу ордасы…
