Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 28 шілде – 9 мыңға жуық атыраулықтың 355 млн теңге көлік салығы бойынша қарызы бар. Негізгі қарыз 283 млн-ды құраса, қалғаны өсімпұл дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқарамасының басшысы Нұрболат Сарманов. Аймақтағы ең үлкен қарыз сомасы Атырау қала ыснда тіркелді. Қалалықтардың көлік салығы бойынша 278 млн теңге көлемінде берешегі бар. Одан кейін Жылыой ауданындағы автокөлік илеері 37 млн теңге көлемінді салық төлемеген. Ал Құрманғазылық жүргізушілер мемлекетке 16,5 млн теңге көлемінде қарыз. «Көлік иелерінің көбі салыққа салғырт қарайды. Көлік салығы айлық есептік көрсеткіш негізінде есептелетіндіктен, жыл сайын өсіп отырады», — дейді Сарманов. Одан бөлек темір тұлпар 2013…

Read More

CaspianLife, 28 шілде — 27 шілде күні сағат 22.00-ден кейін Атырау МӨЗ-да электрмен жабдықтау қалпына келтірілді деп хабарлайды зауыттың баспасөз хатшысы. Сол күні сағат 23.00-де электр энергиясын төмендету себебінен тоқтатылған зауыт қондырғыларында жөндеу және іске қосу жұмыстары басталды, оның барысында жабдықтың жұмысқа қабілеттілігі анықталады. Қазіргі уақытта технологиялық ақауларды жою жұмыстары жалғасуда. Қондырғыларға шикізат беру 28-шілде күні кешке жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, 27 шілдеде Атырау МӨЗ электр энергиясының кернеуін төмендету тіркелген болатын, соның салдарынан зауыт «KEGOC»АҚ-ның сыртқы желілерінен ажырап, зауыт жұмысы тоқтап қалған болатын. 27 шілдедегі жағдай бойынша зауытта 26 мың тонна автобензин, 22 мың тонна дизель отыны және 4 мың…

Read More

CaspianLife, 28 шілде – Атырауда короновирустық инфекция жұқтырғандар саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды облыстық Денсайлық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Өткен тәулікте 74 адамнан COVID-19 анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында — 56, Жылыой ауданында — 11,Исатай ауданы — 3, Құрманғазы ауданы — 2, Қызылқоға және Махамбет ауданында 1 адам. 67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 7 адамда белгілері жоқ. 600 адам үй жағдайында ем алып жатса, 46 адам облыстық ауруханаға жатқызылған, ал аудандық инфекциялық стационарларда 15 науқас бар. Бұдан бір күн бұрын 67 адам короновирус жұқтырған болатын. Айта кетелік, Атырау «жасыл» аймақта.

Read More

CaspianLife, 27 шілде — Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және ахат бөлімі мемлекеттік органдар арасында өткен республикалық конкурста «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» номинациясын жеңіп алды деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Республикалық байқаудан үздік атанған жүлдені Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Г. Өтешова Елордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д. Жазықбаев және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысқан арнайы шарада алып қайтты. Жалпы аталмыш бөлімде азаматтарға 24 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтар болсақ, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде — 8, мүгедектер мен ардагерлер жөнінде — 16, жұмыспен қамту бойынша — 4 қызмет ұсынылады.…

Read More

CaspianLife, 27 шілде – Атырауда қатты желден №26 мектептің шатыры ұшып кетті. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Мекеме өкілдері жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында екенін айтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда шығын көлемі есептелуде. Айта кетлік, С. Датов атындағы №26 мектеп 1992 жылы салынған және 624 орынды қамтиды.

Read More

CaspianLife, 27 шілде — АМӨЗ-ның мұржасынан шыққан қара түтін Атыраулықтарды алаңдатты. Зауыттың ресми сайтында авариялық тоқтаудың болғандығы және оған «KEGOC» АҚ-ның электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастауы себеп болды деп көрсетілген. Зауыттағылар төтенше жағдайдың алдын-алу үшін зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағыттапты. ««KEGOC» АҚ-ның бұл тоқтауы жоспардан тыс болып табылады, бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді. Ақаулықтарды жою нәтижесі туралы қосымша хабарланатын болады», — делінген хабарламада.

Read More

CaspianLife, 27 шілде – Атырауда ер адам «Камаздың» астына түспек болып ұмтылған. Бұл туралы «103» пультіне қоңырау түсті деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 25 шілде күні сағат кешкі 19:00 шамасында 34 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болып, ас үй пышағымен мойынын кесіп, жарақаттаған. Кейін «Камаз» көлігінің астына секіріпті. Ер адам пателланың жабық сынуы, оң жақ жамбас сүйегінің сыртқы кондиласының шеткі сынуы диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Тексеру кезінде есі дұрыс екені анықталды. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Read More

CaspianLife, 27 шілде – Жылыойдағы Береке ықшам ауданында 600 орындық мектеп салынады деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелерің тыңдады. Берекеліктер ең басты мәселе орта білім беретін мектептің болмауынан балалар автобуспен қатынап отырғанын, мектеп салу мәселесі өзекті екенін атап өтті. Өз кезегінде аудан басшысы Ж. Қаражанов Атырау облыстық құрылыс басқармасы үстіміздегі жылы 600 орындық мектептің қүрылыс жұмыстарын бастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар Береке ішінде көше жарығы, балалар ойын алаңы, спорт алаңдары жоқтығын айтқан болатын.

Read More

СaspianLife, 26 шілде — 7 айдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 25 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты игерілмеген. Бұл көрсеткіш Махамбет ауданында 2 млрд. 400 миллион, ал Жылыой ауданында 2 миллиард теңгеден асып жығылады. Облыстық әкімдіктегі кейбір басқармалар да миллиардтаған теңгелерді уақытында жаратып үлгермепті. «Облыстық бағдарлама әкімшілері бойынша қаржы үлесі жоғары білім беру басқармасы 2 млрд 419 млн тг, құрылыс басқармасында 3 млрд, ауыл шаруашылығында 1 млрд 425 млн. теңге, денсаулық сақтау басқармасында 955 млн. тг-ні құрап отыр. Жылдық жоспарланған қаржының игерілу көрсеткіші өте төмен. 7 айдың қорытындысы бойынша 39,7% құрайды. Бірінші жарты жылдық бойынша даму бюджетінің игерілген үлесі 21% құрады»,…

Read More

CaspianLife, 26 шілде — Шағымдар бойынша толтырылған хаттамалардан бөлек, 29 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 адам дағдарыс орталығына орналастырылған деп хабарлайды «Мақат тынысы» басылымы. Аудан көлемінде тұрмыстық зомбылыққа ұшыраған әйелдер кездескенімен, олар көп жағдайда Атырау қаласында орналасқан дағдарыс орталығына барудан бас тартады. Өйткені, зорлық көрсеткен заңды жолдасы немесе азаматтық некедегі жолдасы болғандықтан, кешірім береді. «Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында Мақат кентінің Ж.Қ есімді тұрғыны дағдарыс орталығына орналастырылып, құқықтық кеңес берілген болатын. Алайда, көп ұзамай ол дағдарыс орталығынан кетіп қалды. Жолдасына қайта қосылды. Шыны керек, көп жағдайда зәбір көргендердің көбісі әлімжеттікті айтып арыз түсіруден басын аулақ салады. Неге? Себебі біріншіден, ұят…

Read More