Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 26 шілде — Бас және мойын қатерлі ісігі визуалды байқалатын ісіктер қатарында болғанымен, науқастардың 60%-ы аурудың асқынған кезеңінде дәрігердің көмегіне жүгінеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жыл сайын 25-31 шілде аралығында бас және мойын қатерлі ісігімен дүниежүзілік күрес күні аталып өтеді. Осыған байланысты мамандар төменде көрсетілген ауру белгілері байқалса, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігін айтты. Жұтынғанда ауырсыну, тілдің ауыруы, дауыстың өзгеруі, мұрынның және тамақта тас тұрғандай бітелуі сияқты қарапайым белгілер қатерлі аурудан хабар беруі мүмкін. Сондықтан дәрігерге көрініп, уақытында арнайы зерттеулерден өткен дұрыс. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін мойынға УДЗ және басқа МСКТ, МРТ зерттеулері жүргізіледі. Қатерлі дертке күдік…

Read More

CaspianLife, 26 шілде — Келесі айдан бастап Атырауда 3 бағытта жаңа автобустар қатынайды деп мәлімдеді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев. Биыл жалпы 8 елдімекеннің тұрғындарын тасымалдау үшін мамыр-шілде айларында 3 конкурс өткізілді. Нәтижесінде «Атырау-Сағыз», «Атырау-Ақжайық», «Атырау-Сарайшық-Жалғансай» бағыттарына тұрақты түрде қоғамдық көлік қатынайтын болды. «Конкурс нәтижесімен жеңімпаз болып танылған «Akzhaiyk-Avtopark» ЖШС-і 1 тамыздан бастап өз жұмысын бастайды. Жаңа бағыттарға тұрақты тасымалдайтын маршруттарды ұйымдастыру автокөлік жолдарының жай-күйі мен қоғамдық көліктердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі белгіленгеннен кейін жүзеге асырылады», — деді С. Айтқалиев. Сондай-ақ жолаушылардың тұрақты тасымалдануы мен жолақының қолжетімділігін сақтау мақсатында биыл жергілікті бюджеттен жалпы сомасы 2,1 млрд…

Read More

CaspianLife, 26 шілде – Жылыой ауданында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен мемлекеттен қайтарымсыз грант алған 35 кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазір олар жаңа жұмыс орындарын ашып, ауылдастарын жұмыспен қамтуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Солардың бірі, 13 жыл бойы кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан көз дәрігері — Асыл Ахметова. Ол осыдан 7 жыл бұрын Жылыой ауданында «Жарқыра» оптикалық көзәйнектер салонын ашқан. Офтальмолог дәрігер кәсібінің материалдық базасын нығайту үшін «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасына құжат тапсырып, 3 млн теңге қайтарымсыз грант ұтқан. Аталған қаражатқа көздің қан қысымын өлшейтін арнайы құрал сатып алыпты. «Жұмысты бастағалы ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 6%-дық жеңілдікпен 6 млн. теңге…

Read More

CaspianLife, 26 шілде – Қайғылы оқиға кезінде балалар үйінде болмаған. Бірақ, қайтыс болған әйелдің анасы полицияға қызын таба алмай жатқанын және есікті ешкім ашпайтынын айтып, хабарласқан екен. «Кезекші қызметкер келіп түскен қоңырау бойынша мекенжайға барып, пәтердің есігін ашқан кезде екі адамның денесін тапты», — деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. Деректер бойынша, қайтыс болғандар ерлі-зайыптылар, олардың артында кәмелетке толмаған 4 бала қалды. Қазіргі таңда «Адам өлтіру» және «Өзін-өзі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Read More

CaspianLife, 25 шілде — Атырауда алғаш рет Динара Сәдуақасова атындағы Шахмат академиясының ұйымдастыруымен «ATYRAU CHESS FESTIVAL 2022» халықаралық шахмат фестивалі өтеді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.  Аталмыш жарыс 15-24 тамыз аралығында «Абай» орталығында болады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген халықаралық гроссмейстерлер, шеберлер және әуесқой шахматшылар қатысатын болады. Фестивальға қатысу үшін 2022 жылдың 1 тамызына дейін www.atyrauchessfestival.kz сайты арқылы тіркеуден өту керек. Қосымша ақпараттарды да көрсетілген сілтеме арқылы анықтай аласыз. Фестивальдің жүлде қоры 13 257 500 теңгені құрайды. Сонымен қатар, фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпазға Қазақстан-Британ техникалық университетіне бакалавриат пен магистратураға грант беріледі

Read More

CaspianLife, 25 шілде – Атырауда 1 жасар бүлдіршіннің миына күрделі ота жасалып, сәтті аяқталды деп хабарлайды облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі. Бір жасар бала мерзімінен екі ай бұрын дүниеге келген. Ол облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде бес күн дәрігерлер бақылауында болған. Алайда баланың жағдайы жақсармаған соң дәрігерлер балалар ауруханасының нейрохирургі Шодер Ариповке жүгінген. Дәрігерлер балаға мидағы қан кету диагнозын қойды. Бұл диагноз ультрадыбыстық зерттеу қорытындысымен расталған. Бірнеше рет ота жасалып, баланың жағдайы жақсара бастаған. Алайда, баланың миында алты ісік өсіп, алманың көлеміндей деңгейге жеткен. «Мұндай жағдай еліміздің өзге қалаларында кездесті. Сол себептен, біз Атырауға балалар нейрохирургі Данияр Сабдиналиевті шеберлік сабағын…

Read More

CaspianLife, 25 шілде – Атыраулық полицейлер бейнебақылау камералары арқылы Skoda автокөлігінің ішінде әйел төрт ер адамға белгісіз дәрі сатып жатқанын байқап, жақын маңдағы патрульдік қызметкерлерге нұсқау берген. Патрульдік полиция көлікті Жерұйық мөлтек ауданының тұсында тоқатып, тексеріс кезінде жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын анықтаған. 30 жастағы азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Ал, психотропты дәрі сатқан әйелден 13 дана трамадол және 5 дана тропикамид психотропты дәрілері тәркіленді. Оған қатысты шешім қабылдау үшін медициналық экспертиза тағайындалды.

Read More

CaspianLife, 25 шілде — Махамбет ауданының Махамбет ауылы мен Жылыой ауданының Шоқпартоғай ауылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген республикалық «Үздік 30 ауыл» жобасында үздіктер қатарынан көрінді. Қос ауыл еліміз бойынша әр өңірдегі болашағы зор елді мекендер арасынан озық шығып, «Үздік 30 ауыл» анықтамалық кітабына енді деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан бұл еңбегінде туған жерге туын тігіп, ауылға жанашырлық танытқан азаматтарды өскелең ұрпаққа өнеге етіп, жастардың ауылға деген теріс пікірін түзетуді мақсат еткен. Сапалы әрі тұшымды дүние жазып шығу үшін автор 1 ай үздіксіз ауыл-аймақты аралаған. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл еңбектің жалғасы болатынын айтты. «Үздік…

Read More

CaspianLife, 25 шілде — Атырауда автокөлік жүргізушісі 24 бас қойды қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқиға сағат таңғы 06:30 шамасында Атырау-Ақтөбе тас жолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекені тұсында болған. Жол-көлік оқиғасынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде шығын келді. Қойшыға малды белгіленбеген жерден өткізгені үшін хаттама толтырылды.

Read More

CaspianLife, 23 шілде — Атырауда Грузиядан әкелінген көліктер “заңсыз тасымалданған” деп танылып, айыппұл тұрағына қойылып жатыр. Ал, ол жерден темір тұлпарды қайта шығару мүмкін болмай тұр. «Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген көліктердің аймақта қозғалуына тыйым салынған. ЕЭО аймағында аталмыш көліктермен сол елдің азаматтары ғана жүре алады. Оның да уақыты шектеулі — 1 жыл. Бұған дейін бірнеше рет алдын алу шараларын өткіздік. Нәтижесінде елге заңсыз әкелінген көліктер айыппұл тұрағына қойылды», — дейді кедендік әкімшілендіру департаментінің басшысы Рүстем Жайлашев. Соңғы күндері Атырауда грузиялық нөмірі бар автокөліктер жиі тоқталып жүр. Олардың көбі — Toyota Camry. Кеден қызметкерлері көліктерді бірден тұраққа алып кетеді.…

Read More