CaspianLife, 20 шілде – Мақаттық дзюдошы Серікболсын Шынтас 16-17 шілде күндері Швейцария елінде өткен Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды «Мақат Тынысы». 24 мемлекеттен 206 спортшы қатысқан дүбірлі додада біздің балуан 90 келі салмақ бойынша сынға түсті. Алғашқы кездесуде италяндықтан айласын асырған ол, 1/4 және 1/2 финалдағы белдесулерде Герамания мен Франция азаматтарын иппон әдісімен таза жеңді. Ал, финалдық кездесуде неміс балуанынан тек ескерту санымен ұтылды. «Қарсыластарымның алдын ала күрестерін қарап, әрқайсысына жеке дайындалдым. Барлығы да өз елдерінің намысын қолдан бермеуге бар күштерін салды. Бұл жеңісім алдағы үлкен жеңістерімнің бастамасы ғана деп ойлаймын», — дейді Серікболсын.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 19 шілде — Атырау облысындағы Индербор кентінде 3 шақырым қашықтықта дала өрті болды. Бұл туралы жергілікті ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Ауа райының шамадан тыс ыстық болуы, онсыз да қурап тұрған өсімдіктердің тез жануына оттың тұтануына себепші болған. «Ыстық күнде өртті бірден өшіру мүмкін болмады. Дегенмен аудандағы барлық мекемелердің ұйымшылдығы арқасында жалынның бетін қайтардық. Сағат 14.00-де басталған дала өртін 18.23-те толық өшіріп болдық. 10 гектар жер күлге айналды», — дейді Индер аудандық ТЖ бөлімінің басшысы Ержан Нұрланов. Жалын Индер желілік өндірістік басқармасына қарасты «Орталық Азия» газ құбырына, орманға жақын болғандықтан, оған жеткізбей өшіруге күш салынған. Өрттің шығу себептері анықталуда.
CaspianLife, 19 шілде – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып Мұрат Әбиұлы Досмұратов тағайындалды. «Атырау МӨЗ» ЖШС жаңа басшысын кәсіпорын ұжымына «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының мұнай және мұнай химиясын өңдеу жөніндегі орынбасары Арман Қайрденов таныстырды. Мұрат Досмұратов 1985 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша бітірді, 1990 жылы осы оқу орнында техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды. Әр жылдары «KPI» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС техникалық даму қызметінің бастығы қызметтерін атқарды. Соңғы қызметі — «KLPE» ЖШС басқарма төрағасының жобалар бойынша орынбасары.
CaspianLife, 19 шілде — Атырауда тас жолда 17 келі марихуана тасымалдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атыраулық тәртіп сақшылары Атырау-Ақтөбе тас жолының 30-шақырымында Toyota Ipsum көлігін тексеру кезінде, 17 келі болатын марихуана есірткіні тапты. Аталған дерек бойынша күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.
CaspianLife, 19 шілде – Атырау қаласы әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары болып Серік Нысанбаев тағайындалды. Серік Бағытжанұлы 1980 жылы туған. 2003 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдады. 2003-2008 жылдар аралағында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы лауазымында болған. 2008-2017 жылдары аралығында қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап күні бүгінге дейін қала әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.
CaspianLife, 19 шілде — «Теңізшевройл» ЖШС базасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кеңес өтті. Жиында аймақтағы жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау мен еңбек жанжалдарын болдырмау мәселесі талқыланды. Бүгінгі таңда Атырау облысында 9,5 мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым жұмыс істесе, оларда 278 мың жалдамалы қызметкер еңбек етеді.Өңір компанияларымен 242 мың жұмыскерді қамти отырып, жұмыс орындарын сақтау бойынша 3,7 мың меморандум жасалды. Ірі және орта кәсіпорындардың 97,8%-ы өз қызметкерлерімен ұжымдық шарттар жасасты. Облыстың 109 кәсіпорны 108 мың жалақысы төмен қызметкерлердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін көтерді. Бұл ретте өңірде еңбек жанжалдары туындауы мүмкін кәсіпорындар да бар. «Жұмыс берушілердің ұжымдық шарттар мен…
CaspianLife, 18 шілде — Қазақстанның ұлттық құрама командасы Физикадан халықаралық олимпиадада (IPhO) бір алтын, төрт күміс медаль жеңіп алып, әлемнің үздік жас физиктері қатарынан көрінді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталмыш сайысқа Қазақстан ұлттық құрамасынан 5 оқушы аттанса, соның ішінде жерлесіміз, «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Ризабек Алпамыс күміс медальға ие болды. «Барлық жаттықтырушылар мен ұйымдастырушыларға олимпиаданың өту кезінде көрсеткен қамқорлықтары үшін зор алғысымды білдіремін. Ең бастысы, елімнің, маған сенген жандардың үміті ақталды», — деді IPhO-ның екі дүркін күміс жүлдегері Ризабек Алпамыс. Әлемнің 75 елінен 368 оқушы қатысқан зияткерлік жарыс 10-17 шілде аралығында қашықтықтан өтті. Ұйымдастырушы ел — Швейцария. Қазақстанның құрама…
CaspianLife, 18 шілде — Атыраулық оқушы халықаралық сайыста қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Аталмыш байқауда Атырау қаласынан сайыста бақ сынаған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Әділет Зауытхан қола медальге ие болды. Математика пәні бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы математикадан халықаралық ІМО-2022 олимпиадасына қатысу үшін Норвегия астанасы – Ослоға аттанған болатын. Оған әлемнің 104 мемлекетінен 589 оқушы қатысты. Жарыста Қазақстанның намысын 6 оқушы қорғады. Әділеттің бұған дейін де жеткен жетістіктері аз емес. Биылдың өзінде жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада математика пәнінен алтын медаль иегері, Халықаралық Тынық Мұхит олимпиадасының, «Жібек Жолы» Халықаралық олимпиадасының, Халықаралық математикадан Балқан олимпиадасының…
CaspianLife, 18 шілде — Атырауда пәтерде өрт шығып, бір адам зардап шекті. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 17 шілде күні сағат 03:05 шамасында ТЖД-нің CALL-орталығына Азаттық даңғылындағы пәтерден өрт шығып жатқаны жайлы хабар түсті. Тілсіз жау ауданы 15 шаршы метрді шарпып үлгерген. Өрт кезінде пәтерде 5 алам болған, құтқарушылар 3 баланы дәліз баспалдағы арқылы сыртқа алып шықты. Денесін күйік шалған 31 жастағы тұрғын көмір қышқыл газына уланып қалған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Өрт 03:53 шамасында толық оқшауланды. Тілсіз жаудың себебі анықталуда. ТЖД қызметкерлері тұрғындардан өрт қаупісіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
CaspianLife, 18 шілде — Атырауда тасжолда жол апатынан бір адам қаза тапты деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 17 шілде күні сағат 14:09 шамасында Мақат ауданы Бәйгетөбі ауылына баратын тасжолдың бұрылысында «Lada Priora» көлігі аударылып қалды. Көлік апатынан 48 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Тағы бір 48 жастағы жолаушы дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
