CaspianLife, 11 шілде – Махамбет ауданы, Ақтоғай ауылында 150 орындық жаңа мешіт пайдалануға берілді деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Құрбан айт меркесіне орай мешіттің салтанатты ашылуына Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы келіп, құттықтады. Мешіт «Бастау Констракшн» компаниясының демеушілігімен бой көтерілді. Жаңа үлгіде салынған мешіт үйі ерлер мен әйелдер намаз залынан, Құран оқитын бөлме және имамдар бөлмесінен тұрады. Сондай-ақ, имам үйі, асхана және таһаратхана да бар.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 шілде — Жылыой ауданыда Құлсары қаласы мен бірнеше елді мекенде жарық сөнді деп хабарлайды жергілікті әкімдік. Бұған «KEGOK» АҚ-ның магистральді электр желілеріндегі кернеудің төмендеуі себеп болған. «Атырау-Жарық» АҚ баспасөз қызметі 10 шілдеде сағат 21:24-те Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №2 энергия блогы ажыратылғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Атырау және Маңғыстау облысының энергия жүйелері Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) арқылы тұйықталған режимде жұмыс істеген. Ал, Ресеймен байланысты «KEGOC» АҚ-ның 220 кВЛ – 254.0 транзиттік желісі жөндеуде болған. «Атырау облысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің №2 газ турбиналы генераторы ажыратылды. Соның салдарынан жиілік 49 Гц-ке дейін төмендеді. Осыған орай электр желісіндегі бұзушылықтың одан…
CaspianLife, 11 шілде — Атырауда тұрғын үй кешендерінің бірінен өрт шықты. Бүгін сағат 14:52 шамасында CALL центр орталығына «Гаухартас» тұрғын үй кешенінен түтін шығып жатқаны туралы хабар түсті деп мәлімдеді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 8 пәтерлі, екі қатарлы №3 жалпы ауданы 1200 шаршы метр болатын екінші қабаты мен төбе жабындысы толықтай ашық отпен жанып жатқанын көрді. Өрт токтың қысқаша тұйықталуы себебінен шыққан. Өрт екі сағатқа жуық уақыт ішінде ауыздықталды.
CaspianLife, 11 шілде — ҚМА Атырау облысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады. «Әлеуметтік нысандар, мектеп, 2 отбасылық дәрігерлік амбулатория, спорттық-сауықтыру кешені құрылысына бөлінген аса ірі мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» ММ-ның лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты соталды тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Анықталған ақша жымқыру көлемі 467 миллион теңге. ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды», — делінген хабарламада. ҚМА мәліметінше, серіктекстіктің 79 миллион теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал, Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға…
CaspianLife, 10 маусым — Құтқарушылар Атыраудағы «Луч» жағажайын суға түсуге жарамсыз деп мәлімдеді. Өзеннің асты тік жар болуы себепті ашылуына рұқсат етілмеген. Сондай-ақ, жағажайда құтқарушылар мен кемелері де жоқ. Жалпы, қаладағы жағажайларды кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берген қалалық әкімдік мамандары жоспарлы тексерістің жиі жүргізілетіндігін айтады. Егер қандайда бір бұзушылық байқалып, кәсіпкер оны 2 ай көлемінде реттемесе, екеуара шарттың бұзылуы мүмкін. Қалалық әкімдіктегілер жағажайларды кәсіпкерлерге 10 жылға сенімгерлік басқаруға беріпті. Олар осы уақыт аралығында сол аумақтың қауіпсіздігі мен тазалығына жауапты. Естеріңізге салайық, облыста суға түсу маусымы 15 маусымыда ашылған болатын.
CaspianLife, 10 шілде — Облыс әкімдігінің алдындағы фонтан жуықта іске қосылады. Оны қосу жұмыстары балықтардың уылдырық шашуына кедергі болмас үшін шілде айында басталыпты. Техникалық ақау болмаса, фонтан бірер күнде қолданысқа берілмек. Естеріңізге салайық, екі жыл бұрын осы фонтанды орнату үшін 800 млн теңге қаржы жұмсалған еді. “Дайындық жұмыстары 1-2 күн уақытты алады. Техникалық ақаулар болмаса 2-3 күнде қосамыз”, — дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрбек Монтаев. Айта кетейік, мекеме қарамағында 30 субұрқақ бар. Қазіргі уақытта оның 95%-ы жұмыс істеп тұр.
CaspianLife, 10 шілде — Томарлы елдімекенінде саз мектебінің құрылысы басталады деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Заман талабына сай екі қабатты 150 орындық жаңа ғимараттың жобасын дайындаған «СпецСтрой Согласование» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бүгінде саз мектебінің құрылысын жүргізу үшін маусым айында жеңімпазы анықталды. Қазіргі таңда құжаттар рәсімделуде. Жақын арада тиісті жұмыстарды бастау көзделген. Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Қалиев жаңа ғимарат округ аумағына қарасты барлық елдімекендердің талант иелері үшін музыкалық білім алуға үлкен мүмкіндік тудыратынын жеткізді.
CaspianLife, 9 шілде — Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Уимблдон» теннис турнирінің жеңімпазы атанды. Отандасымыз ақтық мәреде әлемнің екінші ракеткасы Онс Жаберді 3:6, 6:2, 6:2 есебімен жеңді. Сонымен ол халықаралық теннистен Қазақстан тарихындағы алғашқы чемпион атанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен телефон арқылы сөйлесіп, оны тарихи жетістігімен құттықтады. Мемлекет басшысы Еленаның асқан шеберлігінің, жеңіске деген ерік-жігерінің және оның кортта өзін ұстау мәдениетінің жоғары екенін атап өтті. Президент көрнекті спортшыны Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.
CaspianLife, 9 шілде — Қазақстанда Құрбан айт мерекесі қарсаңында қой бағасы қымбаттады. Қазинформ агенттігінің хабарлауынша, еліміздегі ең қымбат қойдың бағасы Атырау облысында. Мұнайлы астанада саулықтың орташа бағасы 60 мың мен 90 мың теңге аралығында. Тізімде екінші орындағы Алматыда бір қой шамамен 80 мың теңгеге бағаланады. Ал, арзан қойлар Тараз қаласында, 30-40 мың теңге аралығында саудаланып жатыр. Атырауда сатылып жатқан қойлардың басым көпшілігі Батыс Қазақстаннан әкелінуде.
CaspianLife, 9 шіде — Шілде айының екінші жексенбісі балық шаруашылығы саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Осыған орай «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері марапатталды. 2 адам «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, ал 8 инспектор құрмет грамотасына ие болды. Ал өзге қызметкерлерге инспекция басшысының алғыс хаты берілді. Айта кетейік, 2017 жылы 31 қазанда Үкімет қаулысымен әр шілде айының екінші жексенбісі Қазақстанда балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні болып белгіленді.
