Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 5 шілде — Атырауда McDonald’s фаст-фуд желісі 4 шілдеден бастап өз жұмысын тоқтатты. Еліміз бойынша тұтынушылар мейрамхана желісінде тапсырыс беру қиындап кеткенін айтып, әлеуметтік желілерде жазған болатын. Бүгін McDonald’s-тың еліміздегі нүктелері жұмысын барлық жерде тоқтатқанын хабарлады. «Біз сіздерге McDonald’s желісінің техникалық себептерге байланысты уақытша жабылғанын хабарлаймыз. Біздің жаңалықтарымыз назараңызда болсын, фаст-фуд желісі жұмысын қашан бастайтынын міндетті түрде хабарлаймыз», — делінген McDonald’s әлеуметтік желілерде жарияланған хабарламаларда. Айта кетейік, McDonald’s Қазақстанда 2016 жылдың наурыз айында жұмысын бастады. Елімізде бірнеше өңірде барлығы 16 мейрамхана жұмыс істейді. Республика McDonald’s кірген 120-шы ел болды.

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Атырау облысының су айдындарында үш айда 1,493 тонна балық қырылды. Облыстық балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі сәуір-маусым аралығында Безымянный мен Алмағамбет көлінде балықтың қырылғаны тіркелгенін хабарлады. «Былтыр өңірдің су айдындарында 12 тонна 408 килограмм балық өлгені анықталып еді. Ал, биыл Атырау қаласы мен аудандарда балықтардың жаппай қырылуының алдын алу бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде балықтың қырылу дерегі өткен жылғы көрсеткіштен 80%-ға дейін төмендеді. Биыл Безымянный көлінде 6,5 тонна, ал, Алмағамбет көлінде 1,428 тонна өлі балық тіркелді», — деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі. Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы балықтардың уылдырық шашу орнына еркін кіруі үшін…

Read More

CaspianLife,  5 шілде — Тамыз айының екінші жартысында Атырау облысында полипропилен өндіруші зауыт жұмысын бастайды. Бұл туралы мемлекет басшысымен кездесу барысында «Қазмұнайгаз» ҰҚ акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев хабарлады. Зауыт құрылысының негізгі жұмыстары былтыр желтоқсан айында аяқталған. Бастапқы кезеңде полипропиленнің 11 түрі шығарылады. Кейін ассортиментті 65-ке дейін көбейту көзделген. Полипропилен материалы машина жасау, медицина, тұрмыстық техника мен құбырлар өндірісінде жиі қолданылады. «Тамыздың жиырмаларында Атырау қаласындағы ірі полипропилен шығаратын зауыт ашылатын болады. Қазіргі таңда аяқталу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зауыт ашылғаннан кейін 500-ден астам жаңа жұмыс орын құрылады. Сондай-ақ, өндіріс орны өңірдегі ірі зауыттардың бірі болмақ. Оның өндіру көлемі жылына 500…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Бүгін Атырау-Доссор трассасынан Томарлы ауылына дейінгі аралықтағы 2 шақырым жолды қалпына келтіру басталады. Жөндеу жұмыстары барысында жолды екі жолақтыдан төрт жолақтыға дейін кеңейту жоспарлануда. Мамандар асфальт қабатының толықтай ауыстырылып, бар жұмыстың кезең-кезеңімен жүргізілетінін айтады. Жоба аясында жаяу жүргіншілерге арналған өткелдер, 15 автобус аялдамасы мен жарық бағандары орнатылмақ. Сондықтан кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді. «Тұрғындар және жол көлік жүргізушілер үшін арнайы айналма жол қарастырылған. Ол Атырау әкімшілік сайтында көрсетілген», — дейді Атырау қалалық ТҮКШ бөлімі секторының бас маманы Ержан Хайноллаев. Сонымен қатар алдағы күндері Сырым Датов көшесінің 4,6 шақырымына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Жылыой ауданында орталық аудандық аурухананың құрылыс объектісінде Өзбекстанның 13 азаматы құжатсыз жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Өзбекстандық азаматтарға жұмыс берген тұлғаға ЖШС-ның рұқсатынысыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін әкімшілік хаттама толытырылды.

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Атырау облысы аумағында көші-қон заңнамасын бұзғаны 1486 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 900 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылып, 25 шетелдік елден шығарылды. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады. Аймақта заңсыз көші-қон деректерінің алдын алу мен жолын кесу үшін «Заңсыз келуші – 2022» іс-шарасы өткен болатын. Іс-шара өткізу барысында Қазақстан Республикасының 587 азаматына қатысты ҚР-ның Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны және шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Айта кетейік, атыраулық полиция қызметкерлері құрылыс нысандарында Өзбекстан Республикасының 117 азаматын құжаттарсыз заңсыз…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Атырау – Астрахань автожолының 824-833 шақырым арасы көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Тасжол 4 учаскеге бөлінген. Оның алғашқы (824-833 шақырым арасы) 9 шақырым құрайтын бөлігінің төменгі қабат жабындысы арқылы көлік қозғалысына рұқсат берілді. Жол төсемінің ені — 9 метр, қалыңдығы — 57 сантиметр. Жоба аясында 220 маман мен 163 арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, жолдың бойында орналасқан елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынады деп жоспарланған. Еске сала кетейік, Республикалық…

Read More

CaspianLife, 5 шілде — Қазақстанда мұнай өнімдерін шекарадан асыруға жаңа шектеу енізілетін болады. Бұл туралы Энергетика министрінің тиісті бұйрығында көрсетілген. «Автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында, сондай-ақ жалпы көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда әкету жағдайларын қоспағанда жағармайды, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Маңғыстауда 109 байланыс орталығы іске қосылды. Қызмет орталығы мына мәселелерді қарастырады:  — Лифт жұмысы — ПИК/ОСИ жұмысы — Көше жарығы — Қалалық жол инфрақұрылымы — Қалалық, аула аумағын абаттандыру — Ашық құдықтар — Қаланы көгалдандыру. Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, әрі қарай мәселелерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге жіберіледі. Сонымен қатар, мамандар өтінімдерді орындау бойынша кері байланыс жүргізеді. Өтініш ұялы және қалалық телефондардан бірыңғай 109 нөміріне тегін қоңырау шалу, «Smart Aktau» қосымшасы арқылы, Facebook және қалалық әкімдік сайтында қабылданады.

Read More

CaspianLife, 4 шілде — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде білім беру бағасының монополиялық жоғары болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Басқарма мамандары Атырау облысындағы білім беру қызметтері нарығына талдау жасап, бакалавриат бағдарламаларының 70% осы университетте оқытылатынын анықтады. Сонымен қатар, бірқатар мамандықтар бойынша оқу орны басқа оқу орындарына қарағанда оқу ақысын әлдеқайда жоғары белгілеген. Әсіресе, «стандарттау, метрология және сертификаттау», «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «ақпараттық жүйелер» бағдарламалары бойынша білім алу өте қымбат болып шықты. Өңірдегі басқа жоғары оқу орындары – Атырау инженерлік-гуманитарлық институты мен Сафи…

Read More