CaspianLife, 4 шілде — Атырауда жыл басынан бері 10 адам суға кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Арыстанбек Түменов мәлімдеді. Шомылу маусымында, яғни 1 маусымнан бастап облыста 3 адам қаза тапты, оның ішінде екеуі бала. Өткен жылдың осы кезеңінде 9 адам суға кетіп, қаза болса, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған адам. Статистика бойынша өткен жылмен салыстырғанда оқыс оқиғаның 66,6%-ға азайған. «Облыстың су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында ТЖД полиция қызметкерлерімен және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, күнделікті үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Оған 273 адам, 44 бірлік автокөлік және жүзу құралдары қатыстырылуда. Өлімнің негізгі себептері — ата-аналардың балаларды…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 4 шілде — Республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған жол-көлік апатынан 22 жастағы жүргізуші қайтыс болды деп хабарлайды Атырау облыстық ПД. Оқиға 3 шілде күні кешкі 20:15-те болған. Lada Priora автокөлігі алда келе жатқан жүк көлігімен арақашықтықты сақтай алмай соғылып, қарсы жолақта келе жатқан Лада көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Lada Priorа-ның 2000 жылғы жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, ал Лада көлігінің жүргізушісі және жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 4 шілде — Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолында автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан автобус аударылды деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаменті. Оқиға 3 шілде күні таңғы 9:00 шамасында болған. Жол апатынан түрлі деңгейде жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
CaspianLife, 3 шілде — Журналист, блогер Махамбет Абжанов БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден 50 млн тг көлемінде пара бопсалағаннан кейін ұсталды. 3 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген операция нәтижесінде күдікті қамауға алынды. Қазір Абжановтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
CaspianLife, 3 шілде — «РТИ-АНПЗ» ЖШС-на 9 801 600 теңге сомасына айыппұлдар салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте 2 әкімшілік істі – қысқартылған өндірісте төледі. Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген инвестииялық бағдарламаны орындауға міндетті. «РТИ-АНПЗ» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2021 жылға бекітілген инвестииялық бағдарламаның орындалуы туралы есепті талдау қорытындылары бойынша, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру, сонымен қатар, бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру қызметтері реттеліп көрсетілетін…
CaspianLife, 3 шілде — Биыл еліміздегі ашық су қоймаларын зерттеу кезінде Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында 28 сынамадан тырысқақ вибрионы анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитеті хабарлады. Тырысқақпен сырқаттанушылықтың эпидемиялық маусымының басталуына және осы инфекция бойынша қолайсыз елдерден тырысқақтың әкеліну қаупіне байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мынадай алдын алу іс-шараларын жүргізуде: — мемлекеттік шекараның әуе, теңіз, теміржол және автомобиль өткізу пункттерінде шетелден келгендерді бақылау күшейтілді; — тырысқақ анықталған жағдайда жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша медицина қызметкерлері үшін семинарлар, жаттығу сабақтары үнемі өткізіледі; — инфекциялық стационарлардың науқастарды қабылдауға дайындығы, олардың уытсыздандыру, регидратациялау және ерекше терапия құралдарымен, бактерияға қарсы препараттармен жарақтандырылуы қамтамасыз етіледі;…
CaspianLife, 3 шілде — Атырауда Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті республикалық қордан жоғары патогенді құс тұмауының қауіп төндіретін аймақтарында барлық құс басын вакцинациялауға 6 291 доза вакцина бөлді және 12 маман жұмылдырылды. Бұл туралы Ветеринарлық бақылау комитеті мәлімдеді. Жалпы республика аумағында 2022 жылы үй құстарының арасында жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 16 370 180 басқа егу жоспарланған. 6 айда 6 028 810 бас егілді Айта кетелік, өткен айда Каспий теңізінде шамамен 78 км қашықтықта DS-04, DS-01 жасанды аралдар ауданында 1 мыңнан астам шағаланың өлекселері табылды. Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта өлген құсқа зертханалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша екі құстан…
CaspianLife, 1 шілде — Атырауда Тұрғын үй қалашығы мен Авангард ықшам ауданын қосатын автомобиль көпірін жөндеу жұмыстары бүгін аяқталады. Яғни алдағы 1-2 күнде жолдың толық ашылуы әбден мүмкін. Мамандардың сөзінше көпір бетіндегі 2000 шаршы метр жердің ескі асфальті алынып, жаңасы төселген. Енді тек жаңа жол төсемесінің дегдіп, ТҮКШ мамандарының қабылдауынан өтуі қалыпты.
CaspianLife, 1 шілде – 1 шілдеден бастап Ақтау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты өзгереді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалындағы PR менеджері Жадыра Шалабаева хабарлады. «1 шілдеден бастап ХҚКО мереке күндерін есепке алмағанда, сенбі күні де 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейін болады. Жұмыс күндерінің уақыты өзгеріссіз 9:00-дан 20:00-ге дейін болып қалады. Сондай-ақ, облыстың басқа аймақтарындағы орталықтар бұрынғыша 5 күн қызмет көрсететін болады», — деді Шалабаева. PR менеджердің айтуынша, орталықтың жұмыс уақытының ұзаруы жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі. Айта кетейік, маңғыстаулықтар ХҚКО қосымшасы, Бірыңғай байланыс орталығы (1414), eGov порталындағы EgovKzBot2.0 телеграмма боты, Egov мобильді қосымшасы арқылы кезекке…
CaspianLife, 1 шілде – Ақтөбелік тұрғын Атыраудан элиталық пәтерлерді арзан бағаға жалға беремін деп 20 адамды алдаған. Қазіргі таңда оның үстінен тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. Алаяқ OLX қосымшасы арқылы азаматтарды Атырауда бірнеше мөлтек аудандарда пәтерлері бар екендігіне сендіріп, төлемнің жартысын алдын ала ұлының есепшотына аудартып отырған. Облыстық ПД-нің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтың 1980 жылғы екенін және Ақтөбе тұрғыны екенін анықтап, оған қатысты 20 деректің дәлелденгенін хабарлады. Алаяқтың арбауына түскендердің арасында 9 атыраулық, Нұр-Сұлтан, Тараз, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалалары және Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары бар.
