CaspianLife, 29 маусым — Атырауда 5000-нан астам шағала қырылып қалды. Осыдан 10 күн бұрын бұл сан 5 есе аз болған. Қарабас шағаланың өлекселері Каспий қайраңындағы «Қашаған» кен алаңы маңайынан және «Ақжайық» табиғи резерваты аумағынан табылып отыр. Жағдайды анықтау үшін өңірге республикалық микробиология және вирусология институтының мамандары келді. Олар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы мамандарымен бірлесіп жұмыс жасап, құстардың неден қырылып жатқандығын анықтады. «Алынған сынамалар құс тұмауының оң нәтижесін көрсетіп отыр. Өлген құстардың ішінде «Қызыл кітапқа» енгендері жоқ», — дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров. Ал Атырау облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының…
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 29 маусым — Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесу үшін іс-шаралар жүргізген болатын. Нәтижесінде 3 азаматтың 1520 бөтелке алкоголь, 2000 л дизельдік отын және 260 қорап темекі өнімдерін заңсыз сатқандығы анықталды. Аталған істің материалдары қалалық сотқа жолданды. Осындай акцизделетін өнімдердің заңсыз сатылымын шектеу үшін шаралар ары қарай да жалғасатын болады дейді Мемлекеттік кірістер басқармасы.
CaspianLife, 27 маусым — ҰБТ басталғаннан бері тест тапсыруға 290 мың өтініш түсті. Оның 160 мыңы бірінші мүмкіндікке болса, қалғаны екінші мүмкіндік тапсыруға берілген. Шектік баллды 68%-ға жуық талапкер жинады, ал орташа балл – 66. «Тестілеудің алтыншы аптасы аяқталды, барлығы штатты режимде өтіп жатыр. Қазіргі таңда 220 мың рет тест тапсырылды, яғни талапкерлер екінші мүмкіндігін тапсырып жатыр. ҰБТ 5 шілдеде аяқталады», – деп мәлімдеді ҰТО басшысы Руслан Емелбаев. Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 267 талапкер тестілеуге смартфон, шпарлгалка және басқа да рұқсат етілмеген заттарды алып кірмек болған. Нәтижесінде ереже бұзған 262 оқушының нәтижесі жойылды.
CaspianLife, 27 маусым — 28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен футзалдан Тауман Амандосов атындағы ауыспалы кубок және волейболдан жарыс өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Тартысқа толы спорттық шарада жалпы саны 11 команда бақ сынады. Футболдан жалпы есепте «CaspianNews» командасы 3-орынға табан тіреді. «Атырау-Ақпарат» құрамасы кестенің 2-сатысына жайғасты. Ал «Тауман» құрамасы екінші жыл жеңіс тұғырынан көрініп, І орынды иеленді. Атырау облыстық бас редакторлар клубының Т. Амандосов атындағы ауыспалы кубогы клубтың ұйымдастыруымен екінші рет өтіп отыр. Кубок «Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимаратындағы клуб музейінде сақталады. Аймақтық аралас волейболдан І орынға «CaspianNews» құрамасы, ІІ орынға облысымыздың мемлекеттік…
CaspianLife, 27 маусым — Ақтауда жол белгісін сызып жүрген қызметкерді көлік қағып кетті. Бұл туралы 25 маусымда кешкі 22:30-да 102-ге шақырту келген. «Toyota Alphard» автокөлігінің жүргізушісі кедергілерге тап болған кезде шара қолданбай, жолға белгі сызып жүрген жұмыскерді қағып кетті. Тергеу жүріп жатыр, — деп мәлімдеді Маңғыстау ПД-нің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Мекеменің баспасөз қызметі 1960 жылғы ер адам ес-түссіз жеткізілгенін, қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Ақ халаттылар науқастың жағдайы ауыр дейді. «Соқтығысу салдарынан ашық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйегінің сынуы, мидың ауыр жарақаты, оң жақ аймақтың эпидуральды қан кетуі, субарахноидты қан кету, бет сүйектерінің…
CaspianLife, 27 маусым — Республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша 919 мың салық төлеушінің берешегі 24,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде қарыздың көп сомамсы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд. теңге. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Биыл 17 мамырдан бастап салық сомасын уақытында өтемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды. Қарыз төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары…
CaspianLife, 27 маусым — Атырауда жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты. Оқиға сағат 16:00-де Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолында болды. «Toyota Hilux және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығыстып, салдарынан 1985 жылғы Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Hilux автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Дәлелденбеген дерек бойынша, қайтыс болған 5 адамның барлығы бір үйдің адамдары.
CaspianLife, 25 маусым — Атырауда жұмыстан заңсыз шығарылған әйел жұмыс берушіден сот арқылы 1,3 млн теңге өндіріп алды. Сонымен қатар ол қызметіне қайта оралатын болды. Атыраулық Нұргүл Жанболсынованы өткен жылдың 18 маусымында жұмыстан шығарған. Ол «Атамекен басқарушы компаниясы» ЖШС-да вахталық әдіспен жұмыс істеген еді. Басшылықпен келіспеген әйел шешімді жоққа шығарып, жұмысына қайта оралу үшін сотқа жүгінді. Сондай-ақ, ол жұмыс берушіден мәжбүрлі түрде жұмыссыз жүрген уақыты үшін жалақы және моральдық өтемақы төлеуді талап етті. Судья Жасур Момынжанов істі жұмысшының пайдасына шешті. Жанболсынованы жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күші жойылды. Әйел қызметіне қайта орала алады. Ал жұмыс беруші оның жұмыссыз жүрген уақыты үшін…
CaspianLife, 24 маусым — «Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу пункттерінің жабдықтарын тексеру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 27 маусым мен 1 шілде аралығында төменде көрсетілген Орталық жылу пункттерінен (ОЖП) келесі объектілерге ыстық су беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды. «Алау» ОЖП-нен: • Азаттық даңғылы бойындағы № 71, 75, 77, 87, 89, 91, 93, 95, 99а; • Атамбаев көшесіндегі №19, 20; • Ж.Молдағалиев көшесіндегі №5, 7, 29, 31, • Смағұлов көшесіндегі № 56. «Центральный «А» ОЖП-нен: • Орталық мөлтек ауданындағы №3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, • Махамбет көшесіндегі № 87б, • Абай көшесіндегі № 6, 6а тұрғын үйлер. «Авангард…
CaspianLife, 24 маусым — Маңғыстауда жыл басынан бері 112 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың дәл осы тоқсанымен салыстырғанда 5% аз, дейді облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Александр Алексеев. «Биыл өрттен екі адам мерт болды. Оқиғаның бірі Түпқараған ауданында Аташ ауылында қаңырап тұрған үйдің отқа орануы салдарынан болды. Екіншісі, Бейнеу ауданында «Лада Гранта» көлігі өртеніп, 68 жастағы тұрғын қайтыс болды. Одан бөлік, Жаңаөзенде жеңіл көлік өртеніп, ер адам жарақат алды», — дейді Алексеев. Басқарма басшысы өрт көбіне электр сымдарының тұйықталу салдарынан туындайтынын айтады. Жалпы тілсіз жаудан келген шығын 11 млн 195 мың теңгені құрайды.
