Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 24 маусым — 16 шағын аудан тұрғындары облыс әкімдігінің телеграм парақшасында автобус аялдамаларының жоқтығына шағымданды. Олар «тұрғын үй ауданының салынғанына бірнеше жыл болса да, қоғамдық көлікті күннің астында күтуге тура келеді» дейді. Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы аялдамаларды салу жұмыстары жүріп жатқандығын хабарлады. «Бүгінгі таңда қалада дәретханасы, кондиционері және басқа да жағдайлары бар 10-нан астам аялдамалар жабдықталған. Қаладағы басқа да аялдамаларды ретке келтіруге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныстар берілді. Ақша түскен сайын қала бойынша аялдамалар кезең-кезеңімен жабдықталып, салынатын болады», — дейді басқарма өкілдері.

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Ақтауда 97 ұстаз жетіспесе, Жаңаөзендегі мектептерге 81 оқытушы қажет. Ал, жалпы облыс бойынша 229 мұғалім жетіспейді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұмашева мәлімдеді. Бүгінде ұстаз жетіспеушілігі туындаған өңірлерге оқытушыларды тарту үшін арнайы комиссия құрылып, конкурс ұйымдастырылды. Жұмашеваның айтуынша, әзірге 13 мұғалім өтініш берген. Байқауға қатысуға ниет білдірген ұстаздар тест тапсырып, эссе жазуы қажет. «Іріктеуден сүрінбей өткен ұстаздарға 150% үстемақымен жалақы қарастырылған. Олардың «педагог-сарапшы», «оқытушы-зерттеуші», «оқытушы-шебер» біліктілік санаттары бойынша тиісті жоғары педагогикалық, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы керек», — деп түсіндірді маман.

Read More

CaspianLife, 24 маусым — Қызылқоғада 44 жастағы ер азамат іздестіріліп жатыр. Ол 21 маусымда үйінен шығып, кері оралмаған. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушылар бүгін Миялы ауылынан 3 шақырым жердегі Ойыл өзенінде іздеу жұмыстарын жүргізді. Жедел-құтқару жасағына жергілікті тұрғындар да көмектесті.

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Маңғыстаулықтар өңірде қанттың әлі де тапшы екенін айтып, шағымдануда. Әсіресе аудандардағы дүкендерге секер соңғы екі айда мүлдем жеткізілмеген. Ал болған жағдайда қанттың 1 келісі 1000 тг дейін барады. Ауылдық жерлердегі дүкен иелері де тасымалдаушы кәсіпкерлерді таппай жүргендерін айтады. Облыс орталығынан жырақ орналасқан аудан тұрғындары дүкен сөрелерінен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың да жоғалып кеткенін айтады. Сондықтан алыпсатарлардан 3 есе қымбат бағасына сатып алуға тура келуде. Қанттан бөлек мұнда картоп, жұмыртқа мен ұн бағасы да аспандап кеткен. Жергілікті билік басындағылар «қант тапшы» дегенмен келіспейді. Қазір тұрақтандыру қорында 220 тонна тәтті ұнтақ сақтаулы. Ал сауда орындарындағы қоймаларда 335 т…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Атырау облысында 2007 жылдан бері тамақтан уланудың 13 жағдайы тіркеліп, 938 адам зардап шеккен. Тек 1 жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары және қоғамдық тамақтану орындары мен дүңгіршектердің иелері арасында өткен семинар барысында айтылды. Эпидемиологтар жаппай тамақтан уланудың басты себептері – кәсіпкерлердің азық-түліктің сапасына мән бермеуі мен тұтынушылардың арзан асқа әуестігі дейді. Соңғы кездері болған тамақтан улану фактілерінен кейін жүргізілген тексеріс барысында кәсіпкерлердің құжаттары жоқ, санитарлық талаптар мен жұмысшылардың гигиена ережесі сақталмаған, асханалардың қажетті техникамен жабдықталмағаны анықталыпты. Кейбір кәсіпкерлер мұздатылған өнімдерді күннің көзіне ерітуді әдетке айналдырған. «Шикізаттың басым бөлігі ет.  Оларға…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Жыл басынан бері тұрғындар мен кәсіпкерлердің арыз-шағымдарынан кейін «Қасқор-Транссервис» АҚ мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на тексеру жүргізілді. Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Жандос Сәлімов мәлімдеді. Оның сөзінше, тексерулерден кейін компанияларға айыппұл салынған. «Бір мекемеге 4 900 800 теңге айыппұл салынып, жеңілдетілген тәртіппен 2 450 400 теңге төленді. Екінші ұйымға хаттама толтырылды, бірақ қарсы тараптың арыз беруіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, департамент 1 мамырдағы жағдай бойынша бекітілген тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша есептерді уақытылы ұсынбағаны үшін 10 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 6 841 560 теңге әкімшілік…

Read More

CaspianLife, 23 маусым — №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағытының базасы 16 жаңа автобуспен толығады. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Бұған дейін облыс әкімдігінің телеграм-каналында тұрғындар автобустардың ескіргенін айтып шағымданған болатын. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қазіргі таңда №105 «Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау» бағыты бойынша 10 минуттық жиілікпен 15 автобус тұрақты қатынайтынын атап өтті. «Қазіргі таңда ауданаралық бағыттағы автобустарды жаңарту жұмыстары басталып кетті. №105 автобус бағыты бойынша жүретін 16 көлік сатып алуға келісім-шарт жасалды. Олар облыс орталығына 2022 жылдың 3-тоқсанының соңына дейін жеткізіледі», — деп хабарлады ведомство.

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Ақтаудағы Рауан тұрғын үй массивінде көлік жолын салу жұмыстары қайта жалғасуда. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Салынып жатқан жолдың ұзындығы 12 588 метрді құрайды. Жолды «Altynzhol» ЖШС салуда. Жол салу үшін осыдан 3 жыл бұрын келісім-шарт жасалған сәттен бастап дайындық басталған еді. Бірақ, сумен жабдықтау жұмыстарына байланысты тоқтатылған болатын. Былтыр ол жұмыстар аяқталып, бүгінгі таңда автокөлік жолының құрылысы қайта жалғасуда. Жоспар бойынша, жол толықтай жыл соңына дейін салынып бітетін болады.

Read More

CaspianLife, 23 маусым — Атырау облыстық ауруханасына қарасты нейро-инсульттік орталыққа түскен 1300 науқастың 15 пайызы көз жұмады, ал өкінішке қарай 50-60% мүгедек болып қалады. Бұл туралы нейро-инсульттік орталықтың меңгерушісі Марта Исмаилова мәлімдеді. «Инсульт алған адамды орталыққа 4 сағат ішінде жедел жеткізсе, оны құтқаруға мүмкіндік бар. Сондықтан, оның алғашқы белгілері көріне бастағанда, яғни, қолы мен аяғы әлсізденіп, беті қисайып, сөзі түсініксіз бола бастаған кезде уақыт жоғалтпаған жөн. Инсультті фаст-тест арқылы ерте анықтаймыз», — дейді дәрігер. Бүгінде нейро-инсульттік орталықта аурудың бұл түрін емдеуде жаңа екі тәсіл қолданылады. Олар: тромболитикалық және тромбтық экстракция. Оның алғашқысында тромбты ерітеді, ал екншісінде хирургиялық жолмен емдейді. Айта…

Read More

CaspianLife, 22 маусым — Ақтаудағы алты шағын ауданда (1, 4, 14, 22, 28А, 29) абаттандыру жұмыстары жобалау-сметалық құжаттардың кешігуі салдарынан кейінге шегерілді. Құжат дайын болған соң мемлекеттік сараптамаға жіберілетін болады. Аталған шағын аудандарды абаттандыру жұмыстары жыл соңында басталмақ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімдіктегілердің сөзінше, абаттандыру жұмысымен айналысатын мердігермен келісім-шарт кеш жасалған. «Жобалау-сметалық құжатты «DeluxeDesign» ЖШС әзірлейді. Қазір инженерлік-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, яғни, абаттандыру тізіміне енгізу қажет орындар анықталуда. Тамыз-қыркүйек айында дайын құжатты мемлекеттік сараптамаға жібергеннен кейін, бюджеттен ақша сұрайтын боламыз», — дейді Ақтау құрылыс бөлімі.

Read More