Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 21 маусым — Индер ауданындағы орталық көпір маңында 13 жастағы жасөспірім суға кетті. Оқиға 19 маусым күні түскі сағат 12:00 шамасында болды. Көршілес Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2009 жылы туған бала әкесімен бірге Орал қаласынан шығып, туған жеріне бет алған. Жолай Индербор кенті маңында Жайық өзеніне суға түседі. Бірақ арты қайғылы аяқталып отыр. Қазіргі кезде құтқарушылар бала суға түскен жерге қазан жіберіп, іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының айтуынша биылдыққа мұндай оқиға бірінші рет тіркеліп отыр.

Read More

CaspianLife, 20 маусым — Биыл Батыс Қазақстан облысында жол салу және жөндеу жұмыстарына өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық қаржы бөлінген. Бұл туралы өңір әкімі Ғали Есқалиев хабарлады. Жоспар бойынша, 600 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді. «Биыл жол салу және жөндеу жұмысына 51 млрд 200 млн теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін жергілікті жолдардың деңгейін 39-дан 50 дейін жақсарту жоспарланған», — деді Ғали Есқалиев. Аймақ басшысының айтуынша, «Орал-Атырау» тасжолы бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Оның ұзындығы – 335 шақырым. Аталған трассаны жөндеуді келер жылы қолға алатын боламыз деді Есқалиев.

Read More

CaspianLife, 20 маусым — Форт-Шевченко ауданында құстар жаппай қырылып жатыр. Оқиға орнындағы видео әлеуметтік желіде таралуда. Маңғыстау облысының экология департаменті жағдайдан хабардар екендерін мәлімдеді. «Оқиға орнына мамандар жіберілді. Экологтармен қатар, балық инспекциясы, орман шаруашылығы және жануарлар жүниесі инспекциясы, ветеринарлық инпекция, ғылыми институт өкілдері мен атқарушы органдар бар комиссия құрылды. Біз өз тарапымыздан ауа мен су үлгілерін аламыз. Нәтижесін кейін хабарлайтын боламыз», — деп мәлімдеді департамент басшысы Руслан Төкенов.

Read More

CaspianLife, 20 маусым — “МАЭК-Казатомөнеркәсіп” ЖШС маңғыстаулықтарға мамыр айында жылумен жабдықтау кезіндегі тарифтің қате есептелуіне байланысты артық төленген ақшанын қалай қайтарылатынын хабарлады.  Кәсіпорын төлемді қайта есептеп, барлық түбіртектерді қайта шығаратын болады. «Егер де, жылумен, сумен жабдықтауға төлем жүргізілген болса, ағымдағы жылдың маусым айын есептеу кезінде аударылған қаражат есепке алынады», — делінген хабарламады. Айта кетелік, бұған дейін «МАЭК-Казатомпром» кәсіпорнына ыстық сумен қамтамасыз ету  қызметтерінің тарифіне заңға сәйкес келмейтін шығындарды қосқаны үшін тұтынушыларға 70 млн теңгені қайтарып беруге міндеттеп, одан бөлек 2,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.

Read More

CaspianLife, 20 маусым — Бүгін Атырауда темір тұлпар өртке оранды. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 09:18 шамасында «Mercedes-Benz Е320» маркалы автокөліктің жанып жатқаны туралы хабарлама келген. От 15 минут шамасында ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Ал, шығу себебі анықталуда.

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Атыраулық кәсіпкерлер облыс прокуроры Халидолла Дауешовтан көмек сұрады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалындағы ашық есік күніне бес кәсіпкер келіп, өздеріне қатысты іс сотта бір жақты қаралып жатқанын мәлімдеді. Солардың қатарында құрылыс материалдарын сатумен айналысатын кәсіпорынның қаржылық директоры Наурызбай Қабиевтің сөзінше, компаниясының үстінен қылмыстық іс негізсіз қозғалған. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтың кәсібін заңсыз деп танып, «жалған шот фактура жасады» деген айып тағып отыр. «Д ЭР қызметкерлері кәсіпорнымда тауардың бар екеніне қарамастан, ешқандай материал жоқ деп, тіркелген құжаттардың барлығын алып тастап жатыр. Экспертиза тағайындауға ұсыныс берген ұсынысым қабылданбады. Ешқандай аудиттен, салықтан тексеріс келмеді. Шынымды айтсам, сотқа…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Биыл сәуір айында ауаға тараған жағымсыз иіске АМӨЗ кінәлі  болып шықты. Экологтар зауыттағы №3 қазандықта көмірқышқыл газының, №4 қазандықта азот оксиді мен азот диоксидінің нормадан көп және жыл басынан бері нысанда 5 штаттан тыс оқиға болғандығын анықтады. Соның бірінде апатты жағдайға жол бермес үшін 4347 текше метр газ ауаға жағылған. Енді мекеменің үстінен әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

Read More

CaspianLife, 147 маусым — Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Жайық өзенін тазарту үшін мамандандырылған коммуналдық кәсіпорын құру қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы egemen.kz сайты хабарлады. Аймақ басшысы су ресурстарының ластануын болдырмау үшін өзенді батып кеткен үлкен заттардан тазарту керек екенін айтты. Сондай-ақ, облыс бойынша су деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін тереңдету жұмыстарымен айналысатын коммуналдық кәсіпорын құру қажет екенін алға тартты. «Жайық және Қиғаш өзендеріндегі су жылдан жылға азайып келеді. Бұл — уылдырық шашу үшін қолайлы жерлерге өткізетін сағалар. Осы проблеманы шешу мерзімдерін созу Каспий теңізінің балық қорының азаюына алып келетінін ескеру қажет», — деді Шәпкенов. Гидрологиялық режимді жақсарту және Жайық пен…

Read More

CaspianLife, 17 маусым — Ел бойынша барлығы 6 302 ауылдық елді мекен болса, оның ішінде 4 759-ы сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1 543 ауылдық елді мекенді сумен жабдықтау үшін кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспары әзірленді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. «Ұлттық жоба шеңберінде сумен жабдықтау қызметтерін 100 пайызға жеткізу үшін мемлекеттік бюджеттен 498 млрд теңге, оның ішінде ауылдарға 261 млрд теңге қарастырылған. Биыл ауылдарға 95 млрд теңге көзделген, бұл жыл қорытындысы бойынша ауыл халқының ауызсумен қамтамасыз етуін 94,7 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді», — деді ведомство басшысы. Ауылдарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша тізімнің басында Маңғыстау облысы тұр.…

Read More

Caspianlife, 17 маусым — Қаладағы дүңгіршіктердің бірінен донер сатып алып жеп уланғандардың саны 11-ге жетті. Аталған жағдай бойынша Атырау қалалық полиция басқармасы тергеу жұмыстарын бастаған. Тексеріс барысында дүңгіршек иесінің құжаттары дұрыс емес, ал жұмысшылардың жеке санитарлық кітапшалары жоқ болып шыққан. Эпидемиологтар тамақтардан сынама, қызметкерлерден анализ алып, зертханалық тексеру жүргізуде. Олардың арасында бактерия тасымалдаушылар анықталған жағдайда тиісті шара қолданылатын болады. «Қылмыстық іс болса – қылмыстық іс ретінде қозғалады. Қылмыстық іс болмаған жағдайда біздің басқармаға жіберіледі», — дейді жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Камзин. Дүңгіршектің жұмысы тексеріс аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Зертханалық зерттеудің нәтижесі алдағы 10 күнде белгілі болады. Санитарлық…

Read More