Автор: Сайт әкімшілігі

CaspianLife, 14 маусым — Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, Жылыой ауданында тұратын жасөспірім полицияға жалған хабар берген. Аудандық полиция бөлімінің «102» операторына белгісіз адам қоңырау шалып, Құлсары қаласының 3-шағын ауданындағы балалардың ойын алаңында жаппай төбелес болып жатқанын айтқан. «Жалған хабар берген кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 438-бабына сәйкес, полицияны көрінеу жалған шақырғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 14 маусым — Атырауда жыл басынан бері камера көмегімен 111 қылмыс, Жылыой ауданында 2 қылмыс ашылды. Бұл туралы өңірлік ПД-нің штаб басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Қайырлиев мәлімдеді. Атырау қаласының өзінде 3507 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 1997-сі «Сергек, 759-ы жедел басқару орталығына, 750 камера «Интеграция» жүйесіне тиесілі. Қайырлиевтің айтуынша, биыл бейнебақылау камераларының көмегімен 8671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 7522-сі Атырау қаласында болса, 1149-ы Жылыой ауданында тіркелген екен. Ал, «102» операторына 42 260 қоңырау түскен екен.

Read More

CaspianLife, 14 маусым — Ақтау қаласын көгалдандыру ісі енді алдағы 5 жыл қатарынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізіледі. Осыған дейін шөлейтті облыс орталығын жасыл-желекке орап, оны суарумен айналысатын мекеме жыл сайын анықталатын. Осы жылы «GreenCityAktau» ЖШС жеңімпаз атанды. «Бес жылға бағытталған жоба аясында жапырақты ағаштардан 20 905 дана, қылқан жапырақты ағаштардан 11 750 дана, сәндік бұталардан 1 460 дана, бұталардан  20 000 метр, көгалдардан  5 000 шаршы метр, гүлзарлардан 652 500 дана, раушан гүлдерінен 18 000 дана егу жоспарланған», — деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының м.а Ануар Туляков. Қазіргі таңда «GreenSityAktau» ЖШС-гі мекемесі талдарды улау (дезинфекция) жұмыстарын…

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Индер ауданындағы Өрлік ауылдық округінде өткен жылы басталған жол салу жұмыстары биыл жалғасты. Барлығы 18 көшеге ұзындығы 14 шақырымға жуық жол түспек. Және 19 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы да салынбақшы. Екі жылға жоспарланған жұмыстың алғашқы кезеңінде облыстық бюджеттен 523 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінсе, биыл 1 млрд 400 млн теңгеден астам ақша қарастырылған. Жоспар бойынша жұмыс жыл аяғында аяқталмақ. Айтпақшы, Индербор кентіндегі өткен жылдары күрделі жөндеуден өткізілген асфальттың сапасы сыр беріпті. Кепілдік мерзімі бітпегендіктен оны мердігер мекеме қалпына келтіруі тиіс. Ал кент ішіндегі әбден тозған кейбір жолдарды жөнге келтіретін компания әзірге анықталмай жатқан көрінеді. «Кейбір автомобиль…

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Өз перзентін аяусыз ұрып өлтірген ана 8 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Жан түршігелік оқиға қаңтар айында болған. 10 маусым күні аталмыш іске қатысты шешім қабылданды. «8 қаңтарда анасы қатты ашудан қызының ішінен жұдырықпен ұрғаннан кейін, баласын қалдырып тастап кетті. Сағат 04:30 шамасында қыз бала дене соққысынан қаза тапты. Экпертиза нәтижелері бойынша, бүлдіршіннен көп қан кеткен», — деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай сот шешімімен 153 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Шенеунікті ақтаулық кәсіпкер жер телімін жалға алу мерзімін заңсыз ұзартпай отыр деген айыппен сотқа берген. Бұл туралы Маңғыстау облысының сотының баспасөз қызметі хабарлады. «2 маусымдағы шешім бойынша Нұрдәулет Қилыбайға 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. 13 маусымда айыппұл төленді», — деп мәлімдеді облыстың мамандандырылған ауданарлық әкімшілік сотының судьясы Мұхит Мукашев.

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Өткен аптада облыстық перзентханада дүниеге келіп, бір күннен кейін перзентханадағы әйелдердің бірі құлатып алған шақалақ жансақтау бөлімінен шықты. Қазір сәби жаңа туған сәбилер бөлімшесіне ауыстырылды. Мамандардың айтуынша, орын алған жағдайдан кейін кішкентай толық тексерістен өткізілген. Жағдайы жақсы. «Сәбиге оттегінің жетіспеушілігі болғаны оқыс оқиғамен байланысты емес. Сәбидің анасы жүктілік кезінде анемия болған. Бүгінгі таңда мамандар баланың бойынан басқа да аурулардың белгілерін анықтамады. Яғни, сәбидің жағдайы жақсы», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жанар Сәдуова. Қазіргі кезде болған оқиғаға қатысты тергеу жүруде. Айта кетейік, атыраулық келіншек 8 маусымда 4 қыздан кейін ұл босанып, келесі күні ол рентгенге…

Read More

CaspianLife, 13 маусым — Атырау ауруханаларының бірінде жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған. Ота наркозбен жасалды. «Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырыммен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес», – деп шағымданды науқас. Әйелге арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады. Оның айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған.

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Ақтауда лифттер жаңартыла бастады. Олардың кейбірінің қолданысқа берілгеніне 40 жылдан асқан. Қазір 14 тұрғын үйдің жедел сатысы ауыстырылып жатыр. Жаңа лифттер 5,6, 7, 9,11,27,29 шағын аудандағы үйлерге орнатылады. Биыл 15 лифтті ауыстыру үшін бюджеттен қаражат бөлінді. «Жедел сатыларды жаңартуға 220 млн теңге бөлінді. Мердігер мекеме конкурстан 190 млн теңге ұтып алды. Әр лифттің құны 10 млн тг», — дейді Ақтау қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнуар Туляков. Жаңа жедел сатыларды орнату жұмыстарын «Лифтек» ЖШС атқарып жатыр. Толық жұмыстар қыркүйек айында аяқталады. Мамандар тек жаңа құрылғыны тұрғындардың күтіп ұстауы қажет дейді. Ақтаудағы тұрғын үйлерде жыл сайын…

Read More

CaspianLife, 10 маусым — Облыстағы Ярмарка Retaіl супермаркет желісіне қосымша 68 тонна қант жеткізілді. Секер Алматыдағы Көксу қант зауытынан әкелінген. Қоймаға жаңа түскен қант көлемі есепке алынған соң сатылымға шығарылады. Алдағы уақытта мұнда тағы 130 тонна қант жеткізіледі деп жоспарлануда. Осылайша тиісті басқарма басшылары аймақтағы қант қорын жинап алуды көздеп отыр. Ярмарка Retaіl сауда желісінде қазір қанттың 1 келісі 385 тг сатылып жатыр. «Қалада қант тапшылығы жоқ. Бүгінде 68 тонна қант түсіп жатыр. 4-5 күннен кейін келесі вагон келеді. Жақын арада дүкендерге жіберіледі», — деді супермаркеттің қойма меңгерушісі Клара Шарипова. Айта кетелік, қалада Ярмарка Retaіl және «7я» супермаркеттерінің 15 нүктесі…

Read More