CaspianLife, 14 маусым — Ақтау қаласын көгалдандыру ісі енді алдағы 5 жыл қатарынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүргізіледі. Осыған дейін шөлейтті облыс орталығын жасыл-желекке орап, оны суарумен айналысатын мекеме жыл сайын анықталатын. Осы жылы «GreenCityAktau» ЖШС жеңімпаз атанды.
«Бес жылға бағытталған жоба аясында жапырақты ағаштардан 20 905 дана, қылқан жапырақты ағаштардан 11 750 дана, сәндік бұталардан 1 460 дана, бұталардан 20 000 метр, көгалдардан 5 000 шаршы метр, гүлзарлардан 652 500 дана, раушан гүлдерінен 18 000 дана егу жоспарланған», — деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының м.а Ануар Туляков.
Қазіргі таңда «GreenSityAktau» ЖШС-гі мекемесі талдарды улау (дезинфекция) жұмыстарын да жүргізіп жатыр. «БИ-58» және «Карате» деп аталатын у түрлері қолданылып, қала аумағында 40 мыңға жуық жасыл желектер улаудан өтті. Аталған жұмыстар әлі де жалғасады.