CaspianLife, 3 маусым — Ақтауды көгалдандыруға 748 млн тг бөлінді. Ал, қала әкімдігінің бұрынғы бөлім басшысы сурау кәсіпорнын басқарады. Қаладағы суландыру және абаттандыру жұмыстарын «Green City Aktau» ЖШС жүргізеді. «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері суарудың сапасын күн сайын тексеріп отырады, суару маусымы басталысымен WhatsApp қосымшаларында әр суару бойынша есеп беретін топ ашылды. Жасыл аумақтарды суару аптасына бір рет жүргізіледі. Жаңа көшеттер үшін — аптасына үш рет», деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Автор: Сайт әкімшілігі
CaspianLife, 1 маусым — Мұнайлы ауданындағы автожол 4 айға жабылады. Бұл туралы жергілікті әкімдік хабарлады. «1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында жөндеу жұмыстарын байланысты Басқұдық ауылдық округіндегі Адай автобазасы мен «Амина» сауда үйіне дейінгі автожол уақытша жабылады», — делінген хабарламада. Жөндеу жұмыстары екі бөлікке бөлініп жасалынады: 1. Адай ауданындағы автобазадан көпірге дейін – 1 маусымнан 20 шілдеге 2. Көпірден «Амина» сауда үйіне дейін – 20 шілдеден 30 қыркүйекке дейін
CaspianLife, 1 маусым — Мамыр айында қала аумағында төленбеген айыппұлдары бар 130-дан астам автокөлік иесі анықталды. «Аталған автокөліктер жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғандары үшін «Сергек» камерасына түскен», — деп мәлімеді облыстық полиция департаменті. 28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Құрманғазы көшесінің бойынан патрульдік полиция қызметкерлері Ресейде тіркеуде тұрған “Ваз-2110” маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде 1969 жылғы жүргізушісінің сомасы 324 мың 695 теңгені құрайтын төленбеген 21 айыппұлы бар екендігін анықтады. 53 жастағы жүргізушінің көлігі заңға сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды. Жалпы жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізуші көлігі арнаулы тұраққа…
CaspianLife, 1 маусым — NCOC компаниясының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, 1 маусымнан бастап «Қашаған» кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандары 45 күнге жұмысын тоқтатады. «Жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу – маңызды іс-шаралардың бірі. Сол себептен, бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сай жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтату көзделген. Мақсат – «Қашаған» кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы алдын алу мақсатындағы жөндеу-өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған…
CaspianLife, 1 маусым — Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Саят Батталов суға шомылу ережелері туралы айтты. 1) Балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге болмайды; 2)«Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға болмайды; 3) Суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан (жартастардан, құздан, қойтастардан, жақтаулардан, қоршаулардан және басқа да заттардан), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге болмайды; 4) Суға түскенде алкогольді және есірткіге мас күйде шомылуға болмайды; 5) Шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге болмайды; 6) Жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге болмайды; 7) Шағын көлемді кемелерге (оның ішінде еспелі кемелерге) кіруге және су астында…
CaspianLife, 1 маусым — Министр әлемде бидайдың қымбаттауы байқалғанын растады. Алайда Қазақстанда бидай қорын жасақтаған «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» бар деді. «Біз қазір арзандатылған астықты әлеуметтік нан үшін аймақтарға жіберуді қамтамасыз етіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нанның қымбаттауы үшін ешқандай алғышарттар жоқ, болмады және болмайды да», — деді Ербол Қарашөкеев. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, 15 маусымға дейін ұн мен бидайды елден шығару үшін квота бар. Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты, келесі астық түсіміне дейін қор жеткілікті. Ербол Қарашөкеев ұн тапшылығы елде болмайтынын айтып өтті. Дүниежүзілік банк болжамына сәйкес, биыл бидай бағасы 40%-ға дейін өсіп, тарихи рекордты жаңартуы мүмкін. Украина мен…
CaspianLife, 1 маусым — Өрт туралы ақпарат 21:42-де келіп түскен. Өрттің жалпы аумағы 600 шаршы метрге тең. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. «Өрт аймақты су және электр қуатымен қамтамасыз етуге кедергі келтірмейді. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаменті. Өртті сөндіру үшін Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 6 бірлік техника, кәсіпорынның 4 жұмысшысы мен 1 техника және 4 полицей жұмылдырылды.
CaspianLife 31 мамыр — 25 мамырда жасөспірім аталған шағын аудандағы ойын алаңында аяғын сындырып алған болатын. Содан кейін қалалық әкімдік нысанды бұзатынын хабарлады. 30 мамырда қаладағы ең биік төбешіктердің бірінде баспалдақ пен ағаш элементтері бөлшектелді. Айта кетсек, ойын алаңы бұрыннан жөндеуді қажет етеді. Балалар алаңындағы плиталар сынған, ал төбешік тесілген. Бұл балалар үшін қауіпті, ал жалғыз әткеншек жарамсыз. Оның орнына бірнеше айдан кейін 9,5 млн теңгеге жаңа ойын алаңы салынатын болады.
CaspianLife, 31 мамыр — Атырау облысына отандық зауыттан 408 тонна қант жеткізіледі. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабековтің мәліметінше, Алматы облысындағы «Көксу қант» зауытының басшыларымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Аталған зауыттан өңірге қосымша 408 тонна қант жеткізу жоспарланып отыр. «Атырау облысына сәуір айынан бері 536 тонна қант жеткізілді. «Идеал Маркет» ЖШС-нің сауда желілеріне 6 вагонмен 408 тонна, өзге супермаркет желілеріне 2 вагонмен 128 тонна қант тасымалданды. Қазір сауда желілерінің сөрелерде қант сатылымда тұр. Дегенмен, қант әр адамға 3 келіден сатылыды. Себебі, жеке дүкен иелері немесе басқа да тұтынушылар қантты бір мезетте төмен бағамен өте көп мөлшерде сатып алуы мүмкін.…
CaspianLife, 31 мамыр — 26 мамырда Атырау қаласының No2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс түсті, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Еске салайық, ол «Бір топ адамдардан алдын ала сөз байласу арқылы пара алды» бабы бойынша айыпталуда.
