CaspianLife, 26 мамыр — Соңғы қоңырау мерекесінен шығып, жол апатына ұшыраған Сайөтес ауылындағы мектеп түлектерінің екеуінің жағдайы ауыр. Басына қан құйылып, комаға түскен бірі жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Ал, көлікте бірге болған қыз баланың жамбас сүйегі сынған. Мектеп бітірушілер санавиациямен Ақтауға шұғыл түрде жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, ер баланың жағдайы ауыр болған соң реанимацияда жатыр, ал қыз бала ота қажет. «Шетпе-Сайөтес» тас жолында аударылған жеңіл көлікті 17 жастағы жасөспірім басқарған. Ол рульге ие бола алмапты. Дене жарақатын алған тағы 5 оқушы Маңғыстау аудандық ауруханасының хирургия бөліміне жеткізілді. Жағдайлары бірқалыпты. Полицейлер осы дерек бойынша тергеуді бастады. Олар бұдан бөлек, тәртіпсіздік жасаған…
Автор: Сайт әкімшілігі
Бұқаралық ақпарат құралдарында көптеген адамдар «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымға тап болады, сыбайлас жемқорлармен мәміле жасамауға шақыратын плакаттарды көреді. «Сыбайлас жемқорлық» сөзінің өзі латынның «corrumpere» сөзінен шыққан-бүліну және «corruptio» -ыдырау, сатып алу, сатылу, бүліну. Бүгінгі таңда заңда белгіленген «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының нақты анықтамасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015 жылғы № 410-V ҚРЗ Заңында келтірілген. Осы Заңның 1-бабында «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы,…
CaspianLife, 25 мамыр — Атырау облысында 170-тен аса мектеп директорына қомақты айыппұл салынуы мүмкін. Себебі білім ошағының басшылары мектептің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу үшін оралдық компаниямен келісімге отырған. Қызмет құны айына 5 мың, жылына 60 мың теңге болған. Алайда Ішкі аудит департаменті тексеріс жүргізіп, компания құжаттарынан заңсыз жайттарды анықтаған. Мектеп басшыларының айтуынша, ешқандай заңбұзушылық жоқ. Бәрі мемлекеттік сатып алу порталының талаптарына сай жасалған. Әр ауылдан келген директорлар бұған наразылық білдіріп, Ішкі аудит департаментіне барған. Ал ондағылар прокуратураның нұсқауымен тексеріс жүргізгенін айтқан. Дегенмен бұған Атырау облысы прокуратурасының қатысы жоқ болып шыққан. Дүрліккен директорлар енді сотқа шағымдануға ниет білдіріп отыр. «Бізді ішкі…
CaspianLife, 25 мамыр — Биыл Маңғыстау облысында 167 385 оқушы оқу жылын аяқтады. Маңғыстау облысы білім басқармасы баспасөз қызметінің айтуынша, 11-сыныпты 7 562 түлек бітірсе, 9-сыныпты 12 500 оқушы аяқтаған. Ал «Алтын белгіге» 183 түлек үміткер. Жауапты мамандар жыл сайын үздік оқушылар көбейіп жатқанын айтады. «Облыстың дарынды оқушылары республикалық пәндік олимпиадада 44 жүлдеге ие болды. Осылайша, еліміздің үздік ондығы қатарында болдық. Өңірдің 7 мектебі республиканың «100 үздік мектеп» қатарына енді», — деді МО білім басқармасының баспасөз қызметі. Ал, Атырау облысынлда биыл 200 мектепте 137 747 оқушы білім алды. 5999 оқушы орта мектепті бітіріп, жаңа өмірге қадам басқалы отыр. Олардың 4789-ы…
CaspianLife, 25 мамыр — Құлсары қаласындағы Атырау ықшамауданының тұрғындарын жол мәселесінен бөлек ауыз су мен интернеттің болмағандығы да қинап отыр. Тұрғындар суды арнайы машинамен тасымалдайды, алайда, жаңбырлы күндері жол болмағандықтан, олар да келмейтін көрінеді. Ал интернет пен телефон байланысының аты болғанымен, заты жоқ дейді тұрғындар. Бірақ “Қазақтелекомға” ай сайын ақша төлеп отыр. 2018 жылы аталған ықшам ауданнан 800 тұрғынға жер телімі берілген. Алайда арадан 4 жыл өтсе де, бұл жерде тек 200-ге жуық үй салыныпты. Тұрғындар бұның бірден бір себебі инфрақұрылымның болмауы дейді. Ал қала әкімі Ернар Ысмағұлдың сөзінше, жол салу жұмыстары бойынша мердігер мекемемен келісім шарт жасалған. Ауыз су…
CaspianLife, 25 мамыр — Маңғыстау облысында балық өсіру шаруашылығына 2022 жылға арналған субсидия бөлінді. Балық өнімінің көлемі мен сапасын арттыруды қаржыландыру үшін әр шаруашылыққа 10,5 млн теңге дейін беріледі. Өңірдегі бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыт та қаржылай көмек алған. Қазір кәсіпорын «Қызыл кітапқа» енген бағалы су маржандарының 6 түрін өсіріп келеді. «Олардың азығы шетелден келетіндіктен, қымбат. Доллар курсы көтерілген кезде біз де қиналдық. Соңғы 1-2 жылда Үкіметтен субсидия мәселесі қаралып, қаражат алдық. Әр балықтың жемінің 30 %-н субсидиялап, ақшалай көмек алдық», — дейді кәсіпкер Тұрсынгүл Жақыпова. Бұл Үкімет қаулысымен бекітілген «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қолға алынған…
CaspianLife, 24 мамыр — Жедел жәрдем бригадасын шақыру үшін Telegram қосымшасын жүктеу арқылы боттың сілтемесі бойынша өту қажет, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. Мұнда «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес жарақатты немесе науқастың жағдайын сипаттайды. Сондай-ақ науқастың мекенжайын барынша нақты көрсетуі тиіс. Telegram-боты арқылы берілген өтінім Жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығына түседі. Алдымен диспетчер қоңыраудың шұғылдығын анықтайды. Содан кейін төрт санатқа байланысты әрекет етеді. Өтінімді жұмысқа қабылданғанын өзіңіз тексере аласыз. Ол үшін «Жүгіну, күйін тексеру» батырмасын басу қажет. Ал «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде сіз ауру белгілері және емдеуге байланысты ақпаратты таба аласыз.
CaspianLife, 24 мамыр — Атырау облысында 1 айдың ішінде қырылып қалған 75 жылқының неден өлгені белгілі болды. Жылқылар делафондиоз, гастрофилез және параскаридоз инфекцияларын жұқтырған. Жалпы бас аяғы 211 бас ауырып, оның 136 -сына симптоматикалық емдеу шаралары жүргізілген. Мамандар шаруаларға аталған аурулардың алдын алу үшін кеңес берген. Бірақ, алдын алу жұмыстарына кететін шығынды мал иелері өздері көтеруге тиіс екен. «Аталған аурулар паразитарлық аурулар. Вакцинация жұмыстары шаруалардың есебінен жүргізіледі. Аурудың алдын алу, күресу жолдары толықтай түсіндірілді», — дейді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Нұркен Бояров.
CaspianLife, 24 мамыр — Атырауда 10 азамат VIP нөмірлерді сатып алу үшін жалған түбіртек пайдаланған. Олар мемлекетке 5 миллион теңгеден астам залал келтірген. Мұны Атырау қалалық прокуратурасы анықтады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Яғни, азаматтардың үстінен алаяқтық және жалған құжаттар жасау фактісі бойынша іс қозғалды. Егер 10 азамат мемлекетке келтірген шығынды толықтай өтейтін болса, нөмірлерді өздеріне қалдыруға құқылы. Бірақ, жауапкершіліктен құтыла алмайды. «Тексерудің нәтижесінде, 10 жоғары сұранысқа ие номерді сатып алу кезінде жалған түбіртектер пайдаланылғаны анықталдын. Бұл нөмірлердің тағдыры қылмыстық істің нәтижесінде белгілі болады. Бұл фактілер қалалық прокуратурамен талдау нәтижесімен осы мамыр аяғында анықталды», — деді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.
CaspianLife, 24 мамыр — Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 2022 жылғы 13 қаңтардағы қаулыға өзгерістер енгізді. Жаңа құжатта көрсетілгендей, барлық адамдар, соның ішінде Қазақстанда үш және одан да көп ай тұратын шетел азаматтары COVID-19-ға қарсы ревакциналануы қажет. Коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған адамдар мен бұрын COVID-19-ға қарсы профилактикалық вакцинациядан кейін алты ай аралықта бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі. Қаулыда атап өтілгендей, COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары келесі тұлғалар коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцина алуы қажет: 1) медицина қызметкерлері; 2) медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы; 3) құқық қорғау органдарының қызметкерлері; 4) мұғалімдер; 5) қылмыстық-атқару (қылмыстық-атқару)…
